Тақырып бойынша 21 материал табылды

Тәрбие сағаты талдау бірінші жартыжылдық есебі 2024-2025 оқу жылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының біріншіжарты жылдық бойынша есебі 2024-2025 оқу жылына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

2024-2025 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша

___ - сынып жетекшісі _____________ тәрбие жұмысына талдауы

1. Сынып туралы жалпы мәлімет:

Сынып: ___ сынып

Оқушылар саны:___ (_ ұл,_ қыз)

Сынып ерекшеліктері: Ұйымшыл сынып, тәрбие сағаттарына белсенді қатысады, оқуда қиыншылықтары бар оқушылар бар. Тәртіптері жақсы.

2. Жүргізілген іс-шаралар (жоспар бойынша):

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

1 қыркүйек – «Білім күні»

«Мен және менің отбасым»

«Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы

«Еңбек түбі береке»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Қамқор» жобасы

«Табиғатты қорғау -біздің міндетіміз»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Реттеуші және оның белгілері».ЖЖЕ №2

/«Даналық ұстаздан» челленджі

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Ұлттық мереке 25 қазан – «Республика күні»

«Республикам – мақтанышым!»

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні

«Ұлттық валюта-теңге»

«Буллингтен қорған!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

«Жаңа жылдық тарту»

2.1. Оқушылармен жұмыс

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Фото тұрады

Тәрбие сағаттар барысы:

Фото тұрады

Жаңа жылдық мереке

Фото тұрады



Оқушылармен жүргізілген сынып сағаттары:

1 қыркүйек –Білім күні оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін таныстырып,елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін ояту,туған жерді қорғауға және мақтан етуге «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты, «Шұғыл қызмет номерлері тақырыбында» қауіпсіздік сабағы өтті.

Оқушылар мемлекеттік әнұранымызды орындап берді. Мақсаты: Оқушылардың өз отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге отанын қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Оқушылар отан туралы мақалдар айтты, қауіпсіздік ережелерімен танысты.

«Мен және менің отбасым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, өз отбасын құрметтеу,ұйымшылдыққа,жауапкершілікке,өз ойын жеткізе білу.

Қыркүйек айының 3 аптасында оқушылардың ананың еңбегін ақтау,ананы құрметтеп,сыйлауға тәрбиелеу мақсатында «Бәрі де,Ана,бір өзіңнен басталады» сынып сағаты өтті. Сабақта «Ана » туралы жаттап келген өлеңдерін айтып берді. 10 минуттық қауіпсіздік сабағы өткізілді.

«Еңбегі адал жас өрен»жобасы аясында оқушыларды еңбексүйгіштікке,үнемді болуға,еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Еңбек түбі береке» сынып сағаты,сабақта мақалдар айтылды,болашақта қандай еңбек,қандай кәсіппен айналысатындары туралы сұрақтар қойылып, әр оқушы өз ойын айтты..

2.Қазан айында «Қамқор»жобасы аясында «Табиғатты қорғау-біздің міндетіміз» сынып сағаты «Бейтаныс адамға көмек көрсетуге бола ма?»қауіпсіздік сабақтары өтті. «Жол қозғалыс ережелерін білемін», «Цифрлық әдемде қауіпсіз қадам»тақырыптарында сынып сағаттары өтті Оқушыларға көп адамның еңегімен нанның дастарқанға келуі,сол еңбек адамдарын сыйлай білуге,өмірдің өзі еңбекке тәуелді екенін ұғындыру мақсатымен «Ас атасы нан» тәрбие сағаты өткізілді

«Еңбегі адал жас өрен»жобасы аясында оқушыларды Отанына,халқына адал қызмет етуге,ел рәміздерін қастерлеуге,халықтың тарихын білуге,рухы мықты азаматтық қасиетті дәріптеуге тәрбиелеуге «Республикам-мақтанышым!» тәрбие сағаты,қауіпсіздік сабағы өткізілді.

Оқушылар топқа бөлініп өзара сұрақтарға жауап берді, білетін өлеңдерін айтып берді. Берілген тапсырмаларды орындады.

Қараша айында 15 қараша – «Ұлттық валюта» теңге күні, тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменнен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне , отанына сүйіспеншілігін ояту. Оқушылар валюта туралы , видеоролик көрді, сұрақтарға жауап берді. «Буллингтен қорған!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут) сынып сағаты өткізілді . Мақсаты: Оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату. Оқушыларға түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

Желтоқсан айында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан туралы,оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру,тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау,көрсету;оқушыларды өз елін сүюге,қадірлеуге,осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу,өз ана тілін сүюге,әдемі сөйлеуге үйрету. Қауіпсіздік сабағы (10 минут) өткізілді. Оқушылар әнұран орындап, тапсырмалар орындады, сұрақтар қойылды.

«Келді міне, Жаңа Жыл» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру. Көңіл күйлерін көтеру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну. Жақсылыққа, достыққа, бір - біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу.Оқушылар әр түрлі киімдер киді. Аяз ата мен Ақшақарға тақпақтарын айтып, сыйлықтарын алды. Өз өнерлерін көрсетті.

Нәтижелер:

Сыныптың ұйымшылдығы жақсарды, қызығушылықтары артты.

Оқушылардың 90%-ы іс-шараларға белсене қатысты.

Өзара ынтымақтастық дағдылары дамыды, түсініктері кеңейді.

2.2. Ата-аналармен жұмыс

1. Қыркүйек: «Оқу үрдісіне бейімделу» ата-аналар жиналысы – оқу жылының басындағы қиындықтар талқыланып, балаларға көмек көрсету әдістері ұсынылды.

2. Желтоқсан: Жаңа жылдық мерекені ұйымдастыруға ата-аналарды тарту – мерекенің сапалы өтуіне ықпал етті.

3. Қажет болған жағдайда ата-аналармен жеке кездесулер – оқушылардың тәртібі мен үлгерімі туралы мәселелер шешілді.

Нәтижелер:

Ата-аналардың белсенділігі артты , іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесті, тірбие сағаттарға қатысты.

Ата-аналардың көпшілігімен байланыс орнатылды, отбасылық қолдау қамтамасыз етілді.

Мәселелер мен қиындықтар:

Жұмыс барысында қандай қиындықтар туындаған жоқ. Барлығы жақсы өткізілді.

Барлық оқушылар іс-шараларға белсенді қатысады.

Кейбір ата-аналардың сынып өміріне қатысуы орташа.

Жекелеген оқушылардың тәртібі қиындық тудырмайды..

ІІ жартыжылдыққа арналған жоспарлар:

Ата-аналарды іс-шараларға белсенді қатыстыру (шеберлік сабақтары, экскурсиялар).

Тәртіп бойынша жеке әңгімелер арқылы жұмысты жалғастыру. Оқушылардың бос уақыттарын қызықты өткізуге арналған жаңа форматтарды ұйымдастыру .

Сынып жетекшісі:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.12.2024
1757
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12