400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Тәрбие сағаты «Тәңірдің тәтті сыйы- Тәуелсіздік»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылы

«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ

Габдуллина Гульназ Толеугазиновна

Тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Тәңірдің тәтті сыйы- Тәуелсіздік»

Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу

бойларына адамгершілік, ізгілік қасиеттерін

дамыту.


1-жүргізуші:
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәңірдің тәтті сыйы- Тәуелсіздік» атты кешімізді бастаймыз.

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-жүргізуші:
Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!

Қайран, қазақ елі… Жас ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.

1-жүргізуші:

Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.

2-жүргізуші: 1986 жылғы Қазақстандағы он алтыншы желтоқсан оқиғасы қайта кіру дәуіріндегі Демократияның ең алғашқы көрінісі еді. Бұрын-соңды Қазақстанда болып көрмеген Колбинді Қазақстанның бірінші басшысы етіп 18 минут ішінде сайлады. Оған бүкіл  қазақ жастары қарсы болды. Кешегі Кеңес одағы кезінде Қазақстанда бірінші хатшы болған 20 адам болса, оның үшеуі-ақ қазақ еді. Сондықтан қазақ жастары ұлттық құқықты көкседі. Олар: «Мейлі бірінші хатшы қазақ болмай-ақ қойсын, келіселік, бірақ ол Қазақстанның толғақты мәселелерін білетін, осында туып өскен адам болсын»,-деп, Демиденко мен Морозовты ұсынды. Бірақ олардың ұсынысы қабылданбады. Нәтижеде 16-желтоқсандағы қанды оқиға болды. 8500 адам заңсыз ұсталды, 1722 кісі жеңіл және ауыр жарақат алды.
 1-жүргізуші: Бозбала мен қыздарды 20 градустық аязда суық жерге жатқызып қорлады, қыздарды  бұрымынан сүйреп, өлімші етіп соққылады. Үскірік атқан суықта мұздай су шашты. Өзге ұлт өкілдерін қазақ жастарының еруіліне қарсы қойды. 
2-жүргізуші: Желтоқсан айы…

«Желтоқсан» десе – ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.

1-жүргізуші: Себебі, бұл әндер, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Елім-ай» секілді, әлдеқашан «Желтоқсан оқиғасының» халық арасындағы әнұранына айналып кетті.
Сонда да, ән-әуенмен қоса, мәңгі көкірек көзінде қалған көріністер шұбырылып өтуі қақ. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай толқыған ызалы қыз-жігіттердің жігерлі келбеттері. Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішімдер. Одан кеін темір киімдер киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың сарт-сұрт айқасы.
Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген қазақ аруы, басынан қан шапшып, ыңырсый құлаған қазақтың бозбалары…
Енді осы кезеңнен қысқаша көріністі көрсек ( видео көрсетіледі)

1.Бекарыс:  Желтоқсанның күні қандай ызғарлы,
                 Ж
үректерде жазылмайтын сыз қалды.
                 От боп жан
ған қазағымның жастары, 
                 Жалынымен ерітіпті м
ұздарды.
2.Зарина:  Сол м
ұздарда жанды алау өшпейтін,
               Еркіндікті
қашанда ел  көксейтін.
               
Қаныменен тарихтарда жазылып,
               
Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.
3.Балауса:  1986 жыл 16-желтоқсан. Ақ қар. Көк мұз. Қысқы жасын. Ағаш біткен сілкініп, балаң талдар солқылдап, жас шыбықтар майысып құлап қалды.
4.Ерәлі : 
 Желтоқсанда,
 Алматыда,                
 Алма ба
қтар ақ қырауға батқанда
Жайды
ң оты жалаң қақты шатқалда!
Аппа
қ қала, Аппақ ғалам, О, тоба!
Найза
ғайлар қар жалап тұр жотада,
Б
ұлтты иітіп боздайды боз шынарлар,
Б
ұйдаланған ұқсап жетім ботаға.
5.Илияс:
Кім к
өріпті о заман да, бұл заман,
Найза
ғайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде
үрей-бөрі ұлиды,
«Болсайшы аман, мына
ғалам дін аман!»
6.Шынасыл:
Б
ұл алаңда бір ұрпақтың қаны бар,
Ей болаша
қ!
Сен б
ұл жерді танып ал,
Үміт-жіпке қолын созған өркеннің
Ерте
үзілген өмірі бар, жаны бар.
Айтам деген,
Айтылма
ған әні бар.
Біліп ж
үргін,
Т
ағзым еткен соларға,
Кін
әсізді кінәлауға бола ма!?
7.Ерқанат: 
Б
әрінің де көңілдері пәк еді,
Адал еді, сенгіш еді
қоғамға.
Кіле
ң жастар,
Кіле
ң өрімталдарым,
Қапысызда қатігезді қармадың!
Әділеттік аспанына қол созып.
Сол к
үндері алаулады арманың
Сол к
үндері халық арын арладың!
8.Шұғыла:
Та
ңғажайып атың да дәл табылды,
Табылды да талай ж
ұртқа танылды.
Қазақ елі көкке жетті көк туың,
Сен-т
әуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
9.Іңкәр:
Ерте
ңіңе бұрғаныңды бетіңді,
Ұлы ерлікке буған белің бекінді.
Т
әуелсіздік хабаршысы желтоқсан,
Тарихы
ңның жаңа беті секілді.
10.Аяужан: 
Т
әуелсіздік! Балалардың ұраны,
Бейуа
қытта, бойға таққан тұмары.
Т
әуелсіздік! Түнектерде тұншығып,
Ыз
ғар ұрып жанбай қалған шырағы.
11.Сабина: 
Жас аруды
ң жанарында-желтоқсан,
Қанды ғасыр табаныңда-желтоқсан,
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында-желтоқсан.
Жауызды
қты жақтағанды да-желтоқсан,
Жа
ңа ғұмыр бастаған да-желтоқсан,
Жазы
қсыздың көз жасына жуынып,
Абба
қтыға тастаған да-желтоқсан.

12.Дильназ
Намысымны
ң шырағы да-желтоқсан.
С
ұрқай өмір сынағы да-желтоқсан,
Жігіттікті
ң өмірі де-желтоқсан,
Жа
ңа күннің шуағы да-желтоқсан
Жалын ж
үрек жанып тұрды мұздарда,
Қарсы келіп қаhарлы қыс ызғарға,
Т
үн түнеріп тұңғиыққа батқанда,
Намыс туын к
өтеріпті қыздар да.

13.Алина

Желтоқсан заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.

Желтоқсан − Қайрат, Ләззат пен Сәбира,

Құрбаны болған жаланың...

2 - жүргізуші

Желтоқсан құрбандары болған аға-апаларымыз жайында тоқтала кетсек

Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ләззат Алтынайқызы Асанованың 16 жылдық қысқа ғұмыры ерте үзілді. Ол Ақжүніс пен Құртқа, Әлия мен Мәншүк секілді қазақтың ер жүрек қыздарының ерлігін қайталады. Туған елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы қазақ жастары көтерілген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.

19 желтоқсанда ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған, энергетика институтының 2-курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23 желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол – бір үйдің жалғыз баласы еді. «Құйын – 86» операциясының құрбаны болды.

Сабира Мұхамеджанова  Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеруге шықты. Оны дүрбелеңге үн қосқаны үшін айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Училищеден жазықсыз шығарып жіберген қорлығына шыдай алмай Өскемен педагогикалық училищесінің І курс студенті Сабира өзін мерт қылды.

Қайрат Рысқұлбеков  1982 жылы  Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» зорлық-зомбылық көрсетті. Небары 21 жас ғұмыр кешті.
1-жүргізуші: 
Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің көкшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді! Қайраттай  қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді

2-жүргізуші: 1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 27 жыл өтті. Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Ендеше сол желтоқсан оқиғаларындағы боздақтардың рухын еске алайық (1 минут үнсіздік).
  1-жүргізуші:
Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира,  Ләззат,  Ерболға  “Ақтау жөніндегі анықтама”  қағаздары берілді. 
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш Елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.

2-жүргізуші: Ата-бабамыз өткен жолға біраз шолу жасап, қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл – менің елім! – деп көңілің көкке көтеріледі.

1-оқушы: 1990 жылы 25 қазанда Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында мемлекеттің егемендігі туралы Деклорация қабылданды.

2-оқушы: 1991 жылдың 1- желтоқсанында Қазақстан тарихындағы тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

3-оқушы: 1991 жылы, 16-желтоқсанында қазақ елі Тәуелсіз Республика болып жарияланды.

4-оқушы: 1991 жылы, 21-желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достық Одағы құрылды, қазір елімізді дүние жүзі таниды.

5-оқушы: 1992 жылы маусымның 4-нде Қазақстан Республикасы Кеңесінің Сессиясы Тәуелсіз елдің басты нышандары — Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын бекітті.

5-оқушы: 1993 жылы, 28-қаңтарда Қазақстанның бірінші Ата заңы қабылданды.

6- оқушы:Қазіргі таңда мемлекетіміз 1995 жылы 30 тамызда екінші Ата заңы қабылданды

1-жүргізуші: Тәуелсіздік бостандығың еліңде

                      Желбіреді көк тұлпарың көгіңде

                      Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемге

                      Теңесті халқың терезесі тең елге.

 2-жүргізуші:

         Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

         Бейуақытта бойға таққан тұмары.

         Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

         Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

 

1-жүргізуші: Тәуелсіз елдің ұлы - өжет, қызы қайратты, қаhарман.

2-жүргізуші: Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құрметте.

1-жүргізуші: Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін!

2-жүргізуші: Еліміздің белгісі – көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!

                   

 


    












































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі