Тәрбие
сағат тақырыбы: «Таппадым
саған теңеу асыл анам!»
Тәрбие
сағат мақсаты: Балалардың аналарына,
бар адамзат анасына сүйіспеншілігін
ояту. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға,
құрметтей білуге тәрбиелеу
.
Тәрбие сағат көрнекіліктері: Ертеңгіліктің
тақырыбы жазылған плакат. Суреттер,
шар, гүл суреттері.
Хор
Қош
келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен
мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда
жауқазындай құлпыраған.
Балғын
шақты біз бақытгы балалар!
Мұғалім:
- Құрметті аналар, әжелер, арулар сіздерді
әйел жанымен байланысты тамаша көктем
мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен
құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі
Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды,
сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны
қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл
жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті
жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана
бұл аяулы да мейірімді жан,тіпті айта
берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі
аналарға, қыздарға арналған, 2,3 сыныптар
дайындаған «Таппадым саған теңеу, асыл
анам!» концерттік бағдарламамызға қош
келіпсіздер!
Балалар
бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші
Наурызбен!!!
Хор.
Құттықтаймын мама!
Мұғалім:Той
пердесін ашайық,
Тойға
шашу шашайық.
Аналарды
құрметтеп,
Ән
маржанын шашайық.Ортаға
2
сынып оқушысы Жұмагелді Зерені шақырамыз.
Анашым қартаймашы әнімен қарсы алыңыздар.
Мұғалім:
Ақ анашым, аппағым.
Өзің
жайлы тақпағым.
Арналады
сіздерге.
Бар
баланың тақпағы. 2 «ә»сынып
оқушыларының аналарына арнаған өлең
жолдарына кезек береміз!
9
оқушы
Мұғалім:
-Кезекті биге береміз ортаға 3 сыныптың
қыздарын шақырамыз Флешмоб қарсы
алыңыздар.
Мұғалім:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар
жүрегіңді көз көп дейін
Аналар
ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол
соғып қарсы алайық « »
Ортада биі 2 сынып оқушысы
Кезекті
2 сыныптың оқушыларының аналарына
арнаған өлең жолдарына береміз.
Тақпақтар
Мұғалім
Рахмет,
балалар. Қандай әдемі тақпақтарды
Аналарыңа арнап жатырсыңдар. Олай болса
«Анадан артық жан бар ма»- демекші Келесі
кезегімізді 2 сынып оқушысы Айарудың
орындауында «Әже » әнін қабыл алыңыздар.
Десек
те уақытпенен жарыспайды,
Қияға
қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер
шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін
анаға бағыштайды, - дей келе ортаға...
3сынып оқушыларының сіздерге арналған
тартуларын қабыл алыңыңыздар ортада
гүлдер биі.
Ару
- Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын
көңілімнің жасыл бағы.
Сендер
үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер
үшін мереке шашулары, - дей отырып тамаша
әнді қабыл алыңыздар.
2
– сынып оқушылары: Ортеке әні.
Аяулысың,
ауылымның асылдары,
Жайнасын
көңілдердің жасыл бағы.
Сендер
үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер
үшін мереке шашулары,- деп алдарыңызда
2 сынып биі.
3
сынып оқушыларының аналарына арнаған
өлең жолдарына кезек береміз!
Мұғалім:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл
алшы анашым
Ұзақ
өмір жүз жасап
Ауырмашы
анашым
Бәріміздің
де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар,
қарындастарымыз бар. Жылына бір рет
келетін осы аналар мейрамында аналарымызға
қандай сыйлық жасасақ та жарасымды.
Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге
әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес
пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған
аналарына сыйлықтары бар екен. Соны
табыс етсін.
Аналар,
қалқып бақыт аралында,
Лайым
мұң қонбасын жанарыңа
Осымен
кешімізді аяқтайық
Гүл
бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып
бүгінгі «Таппадым саған теңеу асыл
анам!» атты кешімізді жабық деп
жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз
құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!