Тақырыбы: Тапқыр достар
(білімін жан-жақты бағалау)
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін
кеңейту,шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен ойлау
қабілеттерін дамыту;ұйымшылдыққа бірлікке тәрбиелеу;іздемпаздыққа
баулып,ұтқыр ойға,ұтымды жауап беруге
дағдыландыру.
Барысы:
1-топ «Алғырлар»
тобы
2-топ «Болашақ»
тобы
3-топ «Асыл тас»
тобы
4-топ «Мұрагер»
тобы
Кім көп
біледі?
Қазақ тілім-өз тілім, анам
тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана
тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі
сені,
Болашағым,бақытым,дара
тілім!
Кемеңгер,ғұлама ақындарымыздың
тілі, туған тіліміз қазақ тілі пәні бойынша
сұрақтар.
Бұл бөлімге қатысушылар
қойылған сұрақтарға тез және нақты жауап беруі
керек.
Қазақ
тілі
1-топ «Алғырлар»
тобы
-
«Хат» сөйлеудің қай түріне
жатады? (жазбаша)
-
Негізгі сөйлем мүшесін ата.
(бастауыш)
-
Не істеді? Қайтті?Не қылды?
Қай сөз табының сұрақтары? (етістік)
-
«Батыр» сөзіне мәндес сөздерді
тап (ержүрек,батыл,қайсар)
2-топ «Болашақ»
тобы
1.Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.
(б,в,г,ғ,д,ж,з)
2.Зат есім дегеніміз не?
(заттың атын білдіретін сөздер)
3.Дауыссыз дыбыс нешеге
бөлінеді? (қатаң,ұяң,үнді)
4.Жауап алу мақсатымен
айтылған сөйлем қалай аталады? (сұраулы сөйлем)
3-топ «Асыл тас»
тобы
1.Сөздің түпкі мағыналы
бөлігін не дейміз? (түбір сөз)
2.Сын есімнің сұрақтары
(қандай?қай?)
3.Мәтіннің түрлерін ата.
(әңгімелеу,сипаттау,пайымдау)
4.Қазақ әліпбиінде неше әріп
бар? (42)
4-топ «Мұрагер»
тобы
1.Айтылу мақсатына қарай
сөйлем нешеге бөлінеді?
(үшке:хабарлы,лепті,сұраулы)
2.Дауысты дыбыстарды ата.
(а,ә,о,ө,і,ү,ұ,е,и,ы)
3.Қосымша нешеге бөлінеді?
(екіге: жұрнақ,жалғау)
4.Тұрлаулы мүшелерді ата.
(бастауыш,баяндауыш)
Ана тілім жүрекке нұр
береді.
Ана тілім көмейге жыр
береді,
Ана тілім көкірекке шуақ
береді,
Ана тілім бойыма қуат
береді.
Ана
тілі
1-топ
«Алғырлар»тобы
1.Қандай балалар
ақындарын,жазушыларды білесіңдер? (Бердібек Соқпақбаев,Өтебай
Тұрманжанов,Шона Смаханұлы,Мұзафар Әлімбаев,Сайын
Мұратбеков)
2.Халық ауыз әдебиетіне қандай
шығармалар жатады? (ертегі,айтыс,батырлар жыры,бесік жыры,шешендік
сөздер)
3.Үш биді ата. (Төле би,Әйтеке
би,Қазбек би)
2-топ «Болашақ»
тобы
1.Қазақ даласының жарық
жұлдызы (Шоқан Уәлиханов)
2.Әліппенің атасы (Ахмет
Байтұрсынұлы)
3.Қазақта тұңғыш дүние жүзінің
чемпионы атанған кім? (Қажымұқан)
3-топ «Асыл тас»
тобы
1.Дала жұлдызы деп кімді
айтамыз? (Ыбырай)
2.Қабанбайдың шын есімі кім?
(Ерасыл)
3.Ыбырай Алтынсарин мектеп
ашқан қала (Торғай қаласы)
4-топ «Мұрагер»
тобы
1.Абылай ханға Төле бидің
қойған аты (Сабалақ)
2.Сауат ашатын кітап
(әліппе)
3.Абылайдың азан шақырып
қойған аты (Әбілмансұр)
Ұшқыр ойға серік болсын
шеберлік,
Сөз кезегін математикаға
берелік.
Арамызда тапқыш достар көп
екен,
Солардың енді жауаптарын
көрелік.
Математика
1-топ «Алғырлар»
тобы
1.Ұзындық өлшем бірліктері
(мм,см,дм,м,км)
2.Тік төртбұрыштың периметрін
қалай табамыз? (ұзындығымен енін қосамыз)
3.Екі әке,екі бала театрға
билет алды.Театрға неше адам билет алды? (3)
4.81 мен 9-дың бөліндісі
нешеге тең (9-ға тең)
2-топ «Болашақ»
тобы
1.Ең кіші төрт таңбалы сан
(1000)
2.Шаршы дегеніміз не? (Барлық
қабырғасы тең төртбұрыш)
3.Бөлу амалының атаулары
(бөлінгіш,бөлгіш,бөліндінің мәні)
4.15 пен 6 қосындысы неге тең?
(21)
3-топ «Асыл тас»
тобы
1.100 жылда қанша ғасыр бар (1
ғасыр)
2.Көлден ұшты 40
қаз,
Қайтып қонды 15
қаз.
Қонбады оның
нешеуі,
Қане кім тез шешеді?
(40-15=25)
3.Екі тәулікте неше сағат бар?
(48 сағат)
4.Спорт жарысына 50 бала
қатысты.Бір командада 30 бала болса,екінші командада қанша бала?
(20 бала)
4-топ
«Мұрагер»тобы
1. Бір жылда неше ай бар? (12
ай)
2.Өздерін білетін геометриялық
фигураларды атап беріңдер? (шарша, төртбұрыш)
3.Табақта 15
алма,
Қолымда бес
алма.
Барлығы
қосқанда
Болады неше алма?
(15+5=20)
Дүниені танып білу-
мақсатым,
Білімменен шыға берсін жақсы
атым.
Тұлпардай алшақ басқан тынысы
кең,
Жол тартыңдар ұлылардың
үлгісімен.
Дүниетану
1-топ
1.Табиғат нешеге бөлінеді? (
екіге: өлі,тірі табиғат)
2.Әр адамның шағын отаны
(отбасы)
3.Адам денесінің тірегі не?
(қаңқа)
2-топ
1.Адам денесі неше бөліктен
тұрады? (бас,мойын,көкірек,құрсақ)
2.Дені сау адамның тамыры 1
минутта неше рет соғады? (60-70)
3.Балықтар қайда тіршілік
етеді? (суда)
3-топ
1.Сезім мүшелерін атап бер.
(көз,мұрын,құлақ,тіл,тері)
2.Көкжиектің неше тұсы бар? (4
тұсы бар)
3.Спорттың қандай түрлері бар?
(шахмат,шаңғы,футбол,баскетбол,волейбол)
4-топ
1.Ас қорыту мүшелерін ата.
(ауыз қуысы,жұтқыншақ,ішек,өңеш,қарын)
2.Топырақтың құрамында не бар
(су,ауа,саз,құм,шірінді)
3.Қай құс ерте келеді?
(қарлығаш)
Қорытындылау:
Кімдердің жауаптары кәміл
шықты,
Қазылар орнықтырар
әділдікті.
Білім мен тапқырлықтың
жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз
мықты
Сөз кезегі қазылар алқасына
беріледі.
Алшын Меңдалыұлы атындағы орта
мектеп
Тәрбие
сағаты:
Тақырыбы:
Тапқыр
достар (білімін жан-жақты
бағалау)
Дайындаған:
Оразбекова.А.Ш
5.12.2017ж