Материалдар / Тәрбие сағаты Тақырыбы: Кешірімді бала- кішіпейіл бала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Тақырыбы: Кешірімді бала- кішіпейіл бала

Материал туралы қысқаша түсінік
Кешірім ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. - Кішіпейілділік, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту. - Кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту. - Кішіпейіл,кешірімді болуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер:бүктемелер,слайд,көрініске арналған құрал-жабдықтар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2022
1697
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Кешірімді бала - кішіпейіл бала


Мақсаты:

- Кешірім ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.

- Кішіпейілділік, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту.

- Кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту.

- Кішіпейіл,кешірімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:бүктемелер,слайд,көрініске арналған құрал-жабдықтар

Тәрбие сағатының барысы:

- Балалар, бүгінгі сабағымызда «Данышпан атаның еліне» барамыз. Ол елге кез келген балалар бара алмайды.Бойында жақсы қасиеттері бар бала ғана бара алады.Әркім өзінің жақсы қасиеттерін атап берсін.

Міне, балалар «Данышпан атаның еліне» осындай жақсы адами қасиеттермен барамыз. Енді мына өлең жолдарына назар аударайық.(Оқушылар өлеңдер оқиды.)

-Ал, енді балалар, сапарға шығайық.Осы елге жету үшін бірнеше аялдамалардан өтуіміз керек екен.Ол аялдамаларда бізді бірнеше тапсырмалар күтіп тұр. Осы тапсырмаларды дұрыс әрі шапшаң орындай білсек, «Данышпан атаның еліне» тез жетеміз.

1-ші аялдама: «Неге?»аялдамасы.

- Неге жақсы адам болу керек деп ойлайсыңдар?

-Жақсы адам болу үшін не істеу керек деп ойлайсындар?(балалар өз ойын айтады)

-Дұрыс балалар.Сонымен бірге адамшыл қасиеттергемол, мейірімді сезімге толы жылы жүрегі болуы керек.Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық ойлап,жақсылық жасауға ұмтылатын болса,әлемде тыныштық,ынтымақ орнайды.Адамдар бақытты өмір сүреді.Міне, 1 аялдамадағы тапсырманы дұрыс орындап шықтыңдар.

-Ал, кешірімді болу,кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер? «Кешірім сұрау», «Кешіре білу»туралы ойларын тыңдап,адам өміріңдегі мәнін түсіндіру. Достарымен, бауырларымен және жақын адамдарыменренжіскен кезде қандай күйде болатынын,оларды өздері айтқан ойларымен түйіндеп,адамдарды ренжітпеу керек екенің түсіндіру.Кешіре білу адамның өзімен,өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.Достар бір-бірін кешіре білсе,қателігін мойындай алса,достық берік болады.

1.Кешірімді болу дегеніміз - ренішті ұмытып кешіре білу.

2.Мейірімді болып,кешіре білу.

3.Достар бір – біріне ренжіп қалса,қателіктерін түсініп,мойындай алса,кешірім сұраса достық берік болады.

2-ші аялдама: «Кітапхана» аялдамасы.

Балалар,бұл аялдамада үнтаспадан өсиет әңгімені тыңдап, кітапханашының сұрақтарына жауап беруіміз керек.Сұрақтарына жауап береміз бе?

Ендеше, өсиет әңгімені тыңдайық.

Үнтаспадан мәтін тыңдалады: «Құм мен тас».

Кітапханашының сұрақтары:

1.Бала неліктен ренішін құмға жазды?

2.Жақсылықты тасқа жазуының себебі неде?

3.Бұл оқиғадан қандай сабақ алар едің?


3-ші аялдама:«Кішіпейілділер»аялдамасы.

Жағдаяттардың шешімін табу.

1.Болат асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті...

2.Дәулет сабаққа кешігіп қалды...

3.Арман байқамай Аружанды қағып кетті...

4.Кімнен қалай кешірім сұрауға болады?


Балалар «Кімнен қалай кешірім сұрауға болады?» деген сұрақпен жағдаяттарды шешу арқылы,қай кезде болмасын дұрыс шешім қабылдай алу керектігін түсініп алдыңдар.

Сахналау: «Автобуста», «Аялдамадағы көмек» және «Құмырсқа».

Көріністерден не түсіндіңдер?

Құмырсқаның илеулес достары оған көмектесіп, кішіпейілділік танытты.

«Өзіңді тану пайдасы» өлең оқу.

«Данышпан атаның елі» (ауыл көрінісі).

Данышпан ата: Сендердің келгендеріңе өте қуаныштымын.Жолдағы аялдамалардан өтіп жеткендерің сендердің жақсылық жасай білетін,адамгершілігі мол балалар екендеріңді көрсетеді.Менің де сендерге дайындаған тапсырмаларым бар еді.Орындайсыңдар ма?

-Атаның тапсырмасын орындайық,балалар.

Тиісті сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдерді аяқтаңдар.

1.Адам кешірімшіл болып,кешіре білуге үйренгенде,оның жаны...

2.Айналаңа мейірімді болып,өзара түсінісу,ол- ...

3.Ренжу деген-...

Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: жақсылыққа толы болады, кешірімді болу,білместік.

Балалар ,тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Ақылды балалар екенсіңдер.

Тәрбиеші:Міне,балалар біз бірнеше аялдамадан өтіп, кешірімді,кішіпейілді,жақсы адам болуды үйрендік.Соның дәлелі ретіңде Данышпан атаға мақал-мәтелдер, өлең жолдарын айтып берейік.

Балалар әдептілік,кішіпейілділік туралы мақал-мәтелдер айтады.

Тәрбиеші:

Сонымен балалар кешірімді болу дегеніміз не?

Кешірім жасау:

-Татуласуға бірінші қадам жасау.

-Кішіпейіл болу.

-Қателікті мойындау.

-Өзара түсінісу.

-Ренішті ұмыта білу.

Данышпан ата:Балалар сендер ақылды,кішіпейіл,өнерлі балалар екенсіндер,рахмет.

Тәрбиеші: Данышпан ата,балалар сізге жақсы көңіл-күймен бір ән орындап береміз дейді.

«Бақытты балалар әні!»

Өлеңін жазған:Қ.Мүсірепов.

Әнін жазған:И.Нүсіпбаев.

Қорытынды: Яғни,кешіре білу адамның өзімен,өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.Кішіпейіл адам адамгершілігі мол мейірбан болады,кісіге қол ұшын беріп, жәрдемдесуге әзір тұрады.Әр адам өзін, кез-келген жерде бір-бірін кешіре білуі керек екен.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!