400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты тақырыбы Табиғатты аялайық 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен жариялаған отқан материал ол сыныптан тыс тәрбие сағаты ,2сыныпқа арналып жасалған жаңа талаптарға сай кез келген мұғалім алып қолдана алады.Ең тиімділігі бұл қашықтықтан білім беруді негізге ала отырып жасалған жұмыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК

«Бекітемін»___________

Колледжс әдіскері: Кабимолдина А.К.

«Келісемін» ___________

Сынып жетекшісі: Шиянова А.З.


Т
ӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАР


Тақырыбы:«Табиғатты аялайық».

Өтетін орыны: №3 «ЖОББМК» КММ

Сынып: 2 «Б»

Мерзімі:04.05.20ж

Тобы:201

Машықкер: Жанатхан Өміргүл

Баға: «___»__________________

Баға: «___»__________________

Семей 2020жыл

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,табиғатты қорғауда жауапкершілікті қалыптастыру,табиғатқа деген мейірім мен ықыласын,табиғат байлықтары мен жан-жануар,өсімдіктерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.Табиғатты аялай білуге үйрету.

ТәрбиеТәрбие сағатының міндеттері:Оқушыларға табиғатты аялауға, зиян келтірмеуді, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып дәріптеу.

Білімділігі: Табиғатымыз бен экологиямыздың қазірге және бұрынғы ахуалдарына байланысты мәлемет беру.

Дамытушылық; Оқушылардың санасына табиғат ұғымының кең мазмұнды екенін,табигатты аялау жас ұрпақтың бір борышы екенін түсіндіру.

Тәрбиелігі:Осы кең байтақ даланы осы ұрпақ қамы үшін деп ,жан қиып қорғаған батырларға тағзым ету.

түрі, формасы: Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Тәрбие түрі /бағыты/: Адамгершілік тәрбиесі.

Көрнекілік: суреттер

Техникалық құралдар: бейне ролик, компьютер.

Жабдықтар: парақ, қалам,А4 қағазы, түрлі-түсті қарандаш.

Тәрбие сағатының құрылымы

1. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

2. Техникалық қауіпсіздік ережесі 5 мин

3. «Біз біргеміз»тренингі 3 мин

4. Ақпаратпен бөлісу 5 мин

5. Бейнеролик 4 мин

6. Сен білесің бе? 4 мин

7. Табиғатты қорғай білеміз бе? 4 мин

8. Тапқыр болсаң тауып көр. 3 мин

9. Шығармашылық жұмыс. 5 мин

10.Рефлекия 2 мин

11. Қорытынды. 2 мин



Тәрбие сағатының барысы

1.Алғыс сөз.

-Сәлеметсіңдерме балалар! Қалдарың қалай?

2. Қауіпсіздік ережесі.



) Короновирустан сақтану шаралары

ДДҰ-ның халықты аурудан сақтау үшін құрған кеңестер тізіміне сәйкес, төмендегі ережелерді қадағалаған жөн:

— Қолды жиі сабындап жуу немесе құрамында антисептикпен сүрту. Резеңке қолғаптарда вирус болуы мүмкін. Сондықтан оған сеніп қалмау керек;

— Қоғамдық жерлерде басқалардан кемі бір метр ара қашықты сақтау керек. Жөтеліп не түшкіріп тұрған науқастан вирус өте кішкентай тамшылар арқылы тарайды.

— Көз, мұрын мен ауызды ұстамаған жөн;

— Қол алысудан бас тарту қажет;

— Распироторлық гигиена ережелерін сақтау: түшкірген не жөтелген кезде ауыз бен мұрынды шынтақты бүгіп не қағазбен жабу керек. Кейін қолды антисептикпен тазалап, қолданылған қағазды қоқыс жәшігіне тастаған абзал;

— Дене қызуы көтерілсе, жөтел пайда болып, тыныс жолдары тарылса, дәрігерге қаралыңыз.


Белгілері:

Коронавирустың белгілеріне мыналар жатады:

  • Бас ауруы;

  • Жөтел;

  • Бұлшық еттердің ауруы;

  • Тыныс алу жолдарының тарылуы;

  • Қалтырау, әлсіздік.


Қайда барау керек?

Жоғарыдағы белгілер пайда болса, мына жерлерге хабарласа алады:

  • тұрғылықты мекенжайы бойынша емхана;

  • қалалық инфекциялық емхана;

  • жедел жәрдем (103);

  • ҚР ДСМ-нің жедел байланыс-орталығы 1406

https://www.youtube.com/watch?v=YPKYw5Ba8DU

Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары.

  • Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;

  • Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.

2.Оқүшының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;

  • Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;

  • Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.

  • Ата-ананың рұқсатынсыз белгісіз сымдар мен тетіктерді баспау.

3.Шаршағандағы қолданылатын жаттығулар


Бас жаттығуларын жасау:

  • Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;

  • Басты жан-жақа, жоғары-төмен, оңға-солға бұру.

  • Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың блезігін босаңсыту.

  • Денені босаңсыты және оны кетіріп ширықтыру.


Көз жаттығуларын жасау:

  • 1.1-4-ке дейiн санап көздi қатты жұмып,сонан кейiн ашып,жайбарақат ұстап,

  • 1-6-ға дейiн санай отырып,алысқа қарау қажет.4-5 рет қайталау қажет

  • 2.1-4-ке дейiн санай отырып,екi көздi оларға қатты күш салмай,бiр-бiрiне қаратып,соңында 1-6-ға дейiн санай отырып алысқа қарап,4-5 рет қайталау керек.

  • 3.1-4-ке дейiн санап,басты қозғамай,оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату,соңында 1-6-ға дейiн санап,алысқа қарау.Осы тәрiздi басты қозғамай,солға,жоғары,төмен қарау керек.

  • 1-6-ға дейiн санай отырып,көзқарасты диогоналы бойынша:оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып,сонан соң алысқа қарау;сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау.4-5 рет қайталау.Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады.

3. «Біз біргеміз» тренингі.

Өздеріңнің ұялы телефондарынды алып парталас досыңа хабарласып, оған жылы, мотивациялық сөздер,тілектер айтындар. Ең бастысы оған онымен бірге екендеріңді айтып жылы лебіздерінді білдіріңдер.

4. Ақпаратпен бөлісу.

Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Ұлттық саябақтар да табиғат қорғауда үлкен қызмет атқарады, оларда орасан зор шектеулі шаруашылық әрекеттер шешімін тапқан және таныстыруға арналған танымжорықтары өткізіледі. Мұнда тынығып, денсаулықты қалпына келтіруге, туризм және спортпен шұғылдануға болады. Солардың ішінде ІлеАлатауы, Баянауыл, Қарқаралы және Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар кеңінен таныс. Ұлттық саябақтарда өсімдіктер мен жануарлар әлемі қатаң қорғауға алынған. Республикада мейірімсіздікпен аулаудан саны кеміген дала киігі - ақбөкендерді ұдайы өсіруге, Каспий және Жайық өзені алабындағы бекіре тұқымдас балықтарды қорғау және тездетіп ұдайы өсіру бойынша шұғыл шаралар қабылданды.

5. Бейнеролик.

Ендеше балалар табиғаттағы қоқыстарға және олардың зиянына байланысты бейнеролик көрейік.

https://youtu.be/uo4RZeHvaHU

6. Сен білесің бе?

Балалар біз тұтынып жүрген қарапайым ауыз суын тек жай су ретінде ғана білеміз,ал оның басқа да біз білмейтін тұстары жетерлік екен.

Қасиетті жазбаларда су тек физикалық субстанция емес, оның құдіреттілігі терең, әріде екендігі баяндалады. Ол – жұмбақ та   тылсым дүние. Осы меңіреу тұңғиықтық, белгілі бір өлшемде, тұрмыс кешу идеясымен тығыз байланысты, – деп, одан әрі баруға қайранының шамалылығын аңғартқан.Дүниеде судан жұмсақ әрі оп-оңай бәленбай түйіршікке айналып шашылып кететін зат жоқ. Ол соған қарамастан тамшысымен тасты теседі, дүлей екпінімен небір жарды, бөгесінді орып түседі. Ешкім оны жоқ қылып жібере алмайды, бірақ кез келгеніміздің белгілі бір көлемде ауыздықтауға мұршамыз жетеді.«Әлсіз мықтыны жеңеді, жұмсақ қаттыны илейді, мұны бәрі біледі. Бірақ дәл солай әрекет етуге дәттері жетпейді» деп жазды осыдан екі жарым мың жыл бұрын су жөнінде қытайдың философы Лауцзы.Нобель сыйлығының лауреаты, АҚШ ғалымы Курт Вютрих:– Су мейлінше егжей-тегжейлі зерттелген. Басқа сұйық заттармен салыстырғанда, ол әдеттен тыс физикалық, химиялық қасиеттерге бірдей ие, – дей тұрып, одан әрі қарай тісі батпайды.Австрияның зерттеушісі Аллоис Грубер бірде-бір ғалым неліктен температураның минус кезінде су тығыздығының көлемі ұлғайып, плюс кезінде кішірейетінін түсіндіре алмайтынына қайран. Ал кез келген сұйықтық мұндай жағдайда басқаша күйге ұшырайды, яғни, суықта – кішірейіп, ыстықта – үлкейеді.Міне, судың осы таңғажайып қасиетін адамзат баласы ежелден аңғарып, оны тұрмысында қажетіне жарата білді. Жер шарының солтүстігін мекен еткен халықтар аяз болар алдында қабақтағы тастың жарығына су құйып, мұздың қысымымен бәленбай жылғы құрсауынан ажыратып, оны кейін баспана салуға материал ретінде пайдаланған.

7. Табиғатты қорғай білеміз бе?

Сұрақтарға ойланып жауап бер

1. Өте әдемі гүлді көрдің, ол гүл саған қатты ұнады. Сен не істейсің?

Жұлып алып вазаға салып қоямын.

Қатты ұнаса да жұлмай, қызықтаймын.

2. Жолда ағаштан құлап түскен балапанды көрдім

Балаларды балапанды көруге шақырамын.

Балапанды үйге алып барамын.

Сыртынан қызықтаймын.

3. Саяхаттан қайтарда бізде бірнеше босаған ыдыстар қалып қойды.

Өзімізбен бірге алып келіп қоқысқа тастаймын

Талдың тасасына ешкім көрмейтін жерге тығып қоямын.

Табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.

Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті.

8.Тапқыр болсаң тауып көр.

Б
алалар суреттерге қарап отырып тірі және өлі табиғатты ажыратып жазайық.Ол үшін сендерге кез -келген парақ және қалам керек.




9. Шығармашылық жұмыс.

Балалар табиғатқа байланысты А4 қағазына сурет саламыз және суретімізді боямыз.

10. Рефлексия.

Оқушылар осы 2смайликтің бірін сала отырып бүгінгі сабақты байқалмайды . Суретті ата-аналарына көрсетеді.



1
1. Қорытынды.

Адам - табиғаттың  ажырамас  бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек.Табиғат тіршіліктің  құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті.Табиғат - ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Қазіргі табиғаттың ластануы үлкен - мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат-сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда соның салдарынан адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. "Бір тал кессең, он тал ек", "Жер құтты болса, мал сүтті болады"-демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті,  ауру тудырушы бактерияларды  жоюшы тал, жасыл желек.  Егер осы мәселе қаралмай қала берсе төңірек ластанып кетеді.  Мен өзімнің туған өлкеме қарағай,  шырша, терек  т.б. ағаш түрлерін ексе екен, -деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты ластамай қорғауымыз керек.



 

Көрнекіліктер.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
2052
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі