жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты Тақырыбы Тілім барда тірімін мен,мәңгімін!
|
Мектеп: А.А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясы |
Мұғалім: Надырова Гульмира Сатыбалдықызы. |
|
|
Мерзімі: 10.09.2018 |
Пәні: Тәрбие сағаты |
Сыныбы: 4 «А" |
|
Сабақтың тақырыбы |
Тілім барда тірімін мен, мәңгімін! |
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Оқушылар қазақ тілін білудің маңызы жайлы біледі. Қазақ тілі туралы өлең, мақал-мәтел, нақыл сөздерді оқу арқылы оқушылар сөздік қорларын молайтып, тіл байлығын дамытады. Қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиеленеді. Оқушылардың ой-өрісі, тілдік белсенділігі дамиды. |
|
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушылар елін,тілін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге , бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйренеді, туған еліне, жеріне ,туған тіліне деген сүйіспеншілігі артады. |
|
|
Жетістік критерийлері: |
Оқушылардың таным белсенділіктері дамиды, қызығушылықтары артады. Ойларын жүйелі түрде жеткізе біледі, шығармашылықпен жұмыс жасайды, мағынасын түсіне білу дағдылары дамиды. |
|
|
Тілдік құзыреттілік |
Ағылшын тілі |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Туған тілге деген сүйіспеншілігін арттыру |
|
|
Пәнаралық байланыстар |
Тарих, жағрафия, әдебиет |
|
|
АКТ қолдану дағдылары |
Слайд |
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
||
|
Сабақтың басы |
Тіл туралы ролик көрсетіледі. 1-ж.: Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар ! Бүгінгі 4 «А» сыныбының Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін…» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз! Тілім менің-тірлігім Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін? Тіл жайында үгіттейді кімді-кім? Тілім менің-тілім менің тірлігім!
2 -
жүргізуші:
Айнұр: Тілмен ғана кірер адам реңі Тілсіз қоғам-өлі мынау дүниеде, Түсініксіз тылсымменен бір еді. Ана тілім-әрекетім азығы, Бар ғаламды танушылық қазығы, Ой-сананың өсуінің куәсі, Ғасырлардың кейінгіге жалғасы. Елнұр: Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім, Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Болашағым,бақытым,дара тілім. |
АКТ Слайд |
|
Сабақтың ортасы |
Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді. 1 топ Қазақ тілі 2 топ Орыс тілі 3 топ ағылшын тілі Әр топтың оқушылары өздерінің топтарының аттарына сәйкес білетін мақал-мәтелдермен, сөз тіркестерімен жарысады. Қай топ көп мақал-мәтел айтса, сол топ көп ұпай жинайды.
Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндіріп өтеді. Қазақ тілі тобы: Әдемі: Халқымыздың аса бай рухани қазынасы- туған ана тіліміз.Ол – қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. 1989 жылы 22 -қыркүйекте қабылданған. “Тіл туралы” заңда “Тіл- халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін бөлігі” делінген. Ақнұр: 1989 жылы 22 қыркүйекте ҚР-ның Тіл туралы Заңы қабылданды. Қазақ тілі ҚР-ның мемлекеттік тілі болып жарияланды. Нұрай: Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық. Тілім менің тірегім, дінім менің, Тілсіз қандай болады күнім менің. Өз халқына жетеді өз мәнінде Өз тілімде оқылса жырым менің.
-Ақмаржан: Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» - Нұрбақыт мен Әли: Дихан Әбілов «Туған тілім» -Нұрай:Несіпбек Айтұлы «Ана тілім»
Б.Жанерке «Моя земля»(орыс тілінде өлең оқылады) Аружан: «Здравствуй школа»,Мөлдір,Ақбота «Родной язык», Ағылшын тілі тобы Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек» . (ағылшын тілінде тақпақ оқылады)
Сұрақтары.) Қазақ тілі тобына:
Елнұр:Тіл-мәдениет, тіл-әдебиет,тіл-тарих.Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық.Ұлылардың сөздеріне құлақ салайық. «Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе , мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық» Ғабит Мүсірепов
Ерлан: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту» Бауыржан Момышұлы Динара: «Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» Ғабит Мүсірепов Нұрберген: «Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздаң ақылынан, анамыздың сүтімен жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік» Шерхан Мұртаза Қ.Жанерке: Қымбатты ұстаздар,оқушылар! Сыныбымыздың әдеби-театралдық қойылымын тамашалаңыздар!
Аружан: Төле би: Жасыма! Уа, халқым! Көсіле шабар жерің бар, Тай көтерген елің бар, Қол бастайтын ерің бар. Атадан қалған сара жолың бар, Сөз қадірін біліңдер! Нұрбақыт: Қазыбек би: Налыма! Біз қазақ деген, мал баққан еміз.Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз.Басымыздан сөзі асырмаған елміз. Нұрберген: Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да. Уақыты жеткенде Қурамайтын құрақ жоқ. Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады. 1- Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде! 2- Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде! 3-Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде! 4- Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде! Бірге: Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде! Ендігі
айдарымыз мақалдың жартысын табу. Тіл туралы мақалдар
«Жалғасын
тап!» Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін! Тіл туралы Заңым енді күшінде, Паш еткендей кескен жаңа кіндігін! – Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін! Халық жауы атандың-ау сол үшін, Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар. Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп, Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп. Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді Пір тұтамын мен алдыңа иіліп. – Қуан балам! Туған тілдің киесі. Жебеп сені болғаныңа иесі. Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс, Дүниеде тіршіліктің күресі. – Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы, Сүйінші деп ақын ұлың жырлады Ел елдігі бағаланар тілімен, Сол арқылы құлпырады, гүл бағы. Б.Жанерке: Үш тілді оқыту –
заман талабы. Үштілділік – бәсекеге
қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың
бірі. Аделя: Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.Қазақ тілі – қазақ халқының тілі.Оның негізгі мекені –Қазақстан. Әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани азығынығ нәр алатын кіндік тамыры, ол- ана тілі. Б.Ақбота: О,адамдар , құрметтейік тілді біз Тілсіз қалай болмақ ертең күніміз Жайылмасқа шара қылшы, ер халқым Құнды мұраң жоғалмасқа мәңгілік Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау! Туған тілді қорғап бақшы, қазақ-ау! Сарқылмайтын қуат пенен күш берген Туған тілдің қасиеті, ғажап-ау!
Ендігі кезекті концерттік бағдарламаға берейік! 1.«Ананың тілі-аяулы үні» хор 2. «Жаса қазағым» орындайтын Ерсанат 3.Би «Өзбек биі» билейтіндер Әдемі,Мөлдір 4.Reng-reng! Хор 5. «Жан әке»орындайтын Ақмаржан 6.Ауа –райы туралы ән .хор 7.Би «Қарасаздың шыбығы» қыздар тобы
|
Топ атаулары MS Word бағдарламасы арқылы жасалды постер «ыстық орындық» «Блиц» тур стратегиясы «Блиц»тур стратегиясы Слайд |
|
Рефлек- сия |
(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру) – Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.) – Бізбен жіп не істеді? – Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі) – Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді. Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”. |
Жіп |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген