Сабақтың
тақырыбы: Бала -.өмірдің
шуағы
Мақсаты:
Егемен еліміздің келешек ұрпағын
білімді, мәдениетті, отаншыл, алғыр
болуға,
Отанын сүюге, ізеттілікке, кішіпейілділікке,
болашаққа үлкен үмітпен қарауға
тәрбиелеу. Ой-өрісін дамытып, жастық
болашағымен бақытты екенін түсіндіру,
білімдерін өмірде қолдана білуге
үйрету.
Көрнекілігі:
Суреттер, тақырыбы, нақыл сөздер.
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі. Шаттық шеңбері
Біз
тағыда біргеміз,
Сөгілмесін
іргеміз.
Құшып
күннің шуағын,
Көрісеміз
қуанып. (Бір-біріне тілектер
айтады)
Ойланайық,
пікірлесейік
-
Балалар, қазір сендер нешінші сыныпта
оқисыңдар?
-
Сабақтан кейін не істейсіңдер?
-
Балалардың бір-бірінен айырмашылығы,
өзгешелігі бола ма?
-
Бала бақытты болу үшін не керек?
Шығармашылық
жұмыс
Балалар
тақтаға плакатқа кесілген суреттерді
жабыстырып, аулада ойнап жүрген бақытты
балаларды бейнелеп шығады.
-
Міне, балалар, бақытты балалардың
бейнесін құрастырдық. Бәріміз тақтаға
қарайық, бала бақытты болу үшін не керек
екенін мына күннің шапағын орналастыру
арқылы табайықшы.
әже
ана
әке
денсаулық
Бала
бақыты
еңбек
бауырым
дос
Мен
үшін бақыт деген – Отан менен
табиғат
Табиғат
сұлу , жан сұлу
Даналық
көрдім даладан.
Атын
білдім Алаштың
Бар
әлемге жол аштым.
Отаным
– биік қорғаным,
Әнұраным
– ардағым.
Елтаңбасы
елімнің
Желбіре,
туы көгімнің, - деп жырлауым.
-
Адамның бәрі бақытты болғысы келеді.
Бақыт құсы тек еңбек етсең ғана басыңа
қонады. Ал біздің еңбек – білім.
Білім
Білім
деген байлық бар
Еш
байлық оған жетпейді.
Жасыңда
оқып, жиып ал,
Тепкілесең
кетпейді.
Өртіңе
ол күймейді,
Ұрылар
да тимейді.
Жатып
ішер жамбастап
Жалқауды
ол сүймейді.
Тренинг
Менің болашақ өмірім
-
Бүгін біздің мектепке телерадионың
журналистері келіп отыр деп елестетіңдер.
Олар сендермен Менің болашақ өмірім
тақырыбында бағдарлама жасамақ. Бұл
бағдарламада осы сынып оқушыларының
келешек өміріне қандай жоспарлары бар,
сол бойынша сұрақтар қоя отырып
бағдарламаны жүргізбек.
1.
Келешекте кім боласың?
2.
Қандай және қайда жұмыс істейсің?
3.
Бос уақытыңды қалай өткізесің?
Әр
оқушы микрофонды алып, сұраққа жауап
береді.
Сөйлемді
аяқта ойыны
Оқушыларға
аяқталмаған сөйлемдер айтылады, балалар
өз ойларынша сөйлемді аяқтайды.
-
Егер де мен президент болсам .........
-
Егер де мен министр болсам .........
-
Егер де мен әкім болсам .........
Менің
болашақ үйім
Балалар
өзінің болашақ үйлерін салады (немесе
елестетеді) және кіммен бірге тұратынын.
Салып болғандар өз еріктерімен суреттерін
сынып оқушыларына көрсетеді.
Балаларға
сұрақ:
-
Неге сен осы адамдармен тұрғың келеді?
-
Сенің үйің басқалардан несімен
ерекшеленеді?
-
Сен үйіңді қалай атайсың?
Мақсатыма
жеткізер
Уақытыма
сенемін.
Еңбек
етсем, ертеңгі
Бақытыма
сенемін, - дейтін жас жеткіншек ертеңгі
күнге үлкен үмітпен қарайды.
Сол
үмітіміз бізге қуаныш пен бақыт сыйласын
деп сабағымызды аяқтаймыз.