Материалдар / Тәрбие сағаты "Тәрбие басы-тал бесік" 5- сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Тәрбие басы-тал бесік" 5- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге керек материал. әсіресе ата-аналар жиналысын жасаған кезде керек дүние.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2018
4363
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Әбдіқадыр ауылы

36 Шоқан Уәлиханов атындағы негізгі мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Конысбаева Роза Абилхановна

5-сынып


Тақырыбы:  Тәрбие басы — тал бесік

Мақсаты:А) Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін  арттыру.

ә) Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында  үйлесімді жұмысты жолға қою.

Міндеттері:-  Ата – аналардың бала тәрбиесіндегі     ролі    және негізгі психологиялық себептері туралы түсініктерін кеңейту.

-Ата — аналар  бір-бірімен тәжірбие алмасу  арқылы   баланы тәрбиелеу .

Жүргізу орны:  Сынып іші

Әдістер: топтық  пікірталас, ойын  әдістері

Көрнекілігі:  Нақыл сөздер. Жағдаяттар

Ұйымдастыру кезеңі:   Ата- аналар  2- топқа бөлінеді .

1. Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Самалмын. Ал, мен ақкөңіл Ажармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

2. Кіріспе:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар. Ата-ана тәрбиесі – қазақ халқы үшін таусылмайтын қазына. Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.
- Бүгінгі бас қосуымыз ата – ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту.
Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,- демекші баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана

3. «Бала тәрбиесі» (Бейне ролик қарау, ой түю)
Күн келген бейбіт көгінде,
Ғажайып байтақ елімде.
"Балалы үй - базар" тегінде
Бақытың - бала - сенің де.
Бақыты - бала - оның да,
Бақытым - балам менің де.

4. Тәрбие басы отбасы (баяндама)

5. Ой қозғау.      «БАЛА  КІМ?  Осы  сұраққа  өз  ойларыңыздан  бірнеше  жауаптар  қайтару  керек.

Жауап: (болашағым,  бауыр  етім,  асыраушым,  ізбасарым,  қуанышым т.б.).

 6. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

    Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, тақтада ілінген жүрекшеге жабыстырып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

7. Ата - аналарға сұрақ:
1. Абай атамыз былай деген екен: «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі ата - анасынан, екіншісі ұстазынан, үшіншісі құрбысынан». Ұлыңыздың, қызыңыздың достары және ұстазы жөнінде не білесіз? Олардың жақсы қасиеттерін және қызығушылығын атаңыз?
2. «Балаңа көңілің толмаса, кемшілікті өз басыңнан іздей бер» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз?
3. «Үстемдік бар жерде еркіндік пен даму жоқ» - Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз?
4. «Жөн сөз – көңілді өсіреді, жөнсіз сөз – үмітіңді өшіреді» - демекші, отбасында әкенің «батырым», шешенің «құлыным» деген сөзін естіген балада жақсы сезім туып дамиды. Сіздің отбасында ұл - қыздарыңызға қолданатын жылы сөздерінің қандай? Мысалы: «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па», «Ғафу өтінем»... т. с. с.

8. Байлаулы бала (тренинг):

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.

9. Ата-аталарға  арналған «Ситуациялық  жағдаят»  беру.

 1-жағдаят.  Алақай,  мен  бес алдым!

Мұғалім бізге не  айтқанын білесің бе?- деп сынып  оқушысы  өзінің  алғашқы  жетістіктері  жайында қуанышы  қойнына  сыймай  анасына  айтып  жатыр. Бірақ  күндер  өте  береді « Алақай,  бес  алдым»  деген  баланың  қуанышты  сөздері  сирек  естілетін  болды.

Сіздің  ойыңыз  қандай?

2-жағдаят. Қызы  мектептен келіп анасына:

«Сізге  маңызды  бір  нәрсе  айтқым  келеді»  десе  анасы: « Сенсіз де  басым ауырып тұр, мазамды  алма»  депті.

Сіз не  деп жауап  берер  едіңіз?

3-жағдаят.  Менің  қызым  озат  оқушы, үй  шауашылығымен  айналысқаныннан  гөрі  бос  отырғанды   жақсы  көреді,  ештеңе  істеғісі  келмейді,  оны  қалай  қызықтыруға  болады?  Сіздің  пікіріңіз?

4-жағдаят.  Сіз  балаңызға  дүкенге  барып  келуін  өтінесіз  ол «ән  тыңдап  отырмын»  деп  барудан  бас  тартты. Не  істер  едіңіз?                       

10. Қорытынды.

Қадірлі ата-ана «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік.  Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға  бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!