Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Тәртіп-тәрбиенің негізі" 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге көмегі тиіп қалар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:   Тәртіп тәрбиенің негізі. 

Мақсаты:  Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру.  
Міндеттері: -өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі 
                           мәнін түсіндіру; 
                         -жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
                        -жақсылыққа,имандылыққа,адамгершілікке, шыншылдыққа,
                         қамқорлыққа тәрбиелеу.                                                             
Әдісі:   сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Түрі:     Саяхат сабақ
Көрнекілігі: медиапроектор, слайдтар, қанатты сөздер, үнтаспа 

                                 Семинар сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.
І.Ауылдарға саяхат.(«Әдептілер»«Тәртіптілер»        «Мәдениеттілер»)
               ІІ.Ескірмейтін есті сөз (ұлылардың сөздері)
      ІІІ. Жалғасын тап ( Мақалдардың жалғасын табу)
             IV.Шығармашылық жұмыс.(Әдепті бала арлы бала)
               V. Хаттар сырына
үңілейік.
                                                                                   Сабақтың эпиграфы: 
«Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Мен көркі мен киіміне қарасам, көз сүйсіндіріп, бас 
айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан-дүниесіне үңілсек құдай сақтасын! Әп-әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап-қара 
болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре алмайсың». Чехов А.П.

Мұғалім:
Кіріспе с
өз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. 
  Әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса  маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.

  Адамның бойынан әдептілік, сыпайылық, ізеттілік қасиеттер табылса,әрине, адам сымбатты, парасатты көрінеді.  
Мұғалім: -Қане, балалар, ұлы данамыз Әл-Фараби тәрбие туралы қандай өсиет айтқан екен?
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»
 М
ұғалім: - Иә, балалар, адамға берілген тәрбиенің нәтижесі тәртіп болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың да тақырыбы «Тәртіп тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы» деп аталады.
 Біз тәрбие сағаттарымызды тәрбиенің 12 бағыты бойынша өтіп жатырмыз. Айтыңдаршы, қандай бағыттармен жұмыс жасап жатырмыз?
Оқушылар:
 І. Азаматтық патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
ІІ.  Рухани адамгершілік тәрбиесі
ІІІ. Отбасы тәрбиесі 
IV.
Өзін өзі тану мен өзін өзі дамыту қ<

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
702
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12