15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты: Татулық
Татулық – достықтың киелі бесігі
Мақсаты:
Білімділігі: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Дамытушылығы: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбиелігі: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: Тақырып, Отан, бірлік, достық, ынтымақтастық туралы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай? Менің де көңілкүйім тамаша.
-Балалар бүгінгі сабағымызды психологиялық «Бояулар сыры» тренингісімен бастаймыз. Сіздер алдарыңыздада тұрған түрлі түсті қағаздардан өздеріңізге ұнайтын түсті көтеріңіздер. Мен сіздерге таңдаған түстеріңізге байланысты мінездеме айтып беремін.
Сары- дархандылық,
Ақ - білімділікке құштарлық,
Ашық көк пен күрең - ержүректілік,
Жасыл- шыдамдылық,
Қызыл - ақылдылықтың белгісі.
Міне, біздің ортамызда жат мінезді, еріншек, жабырқаңқы оқушылар жоқ екен. Сондықтан сабағымызды дархандылықпен, қабілеттілікпен, білімге деген құштарлықпен бастаймыз.
ІІ. Негізгі бөлім.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Біздің елімізде 130-ден астам ұлттар тұрады: ұйғыр, қырғыз, түрікмен, шешен, беларус, украин, чуваш, азербайжан, өзбек, тәжік т. б. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық араласып, өмір сүрудеміз.
Еліміздегі қауіпсіздік, тыныштық, татулық, бірлік - халқымыздың әл-ауқаты жақсаруының, ел экономикасының өрге басуының аса маңызды факторының бірі болып табылатынын түсінуге тиіспіз. Осыған орай ҚР-ның Президенті 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Ассамблеяның құрамына 33 ұлттың өкілдері саналатын 320 адам енді. Ассамблеяның бастауымен Қазақстанда 621-ге жуық этно-мәдени ұйымдар, оның ішінде «Қазақ тілі», «Русская община» мәдени орталығы «Стоки» мәдени ағарту қоғамы республикалық театр мәдени орталығы Қазақстан немістерінің кеңесі, өзбек, қырғыз, украин, грек, поляк, чех, венгр, күрт, ұқытай мәдени орталықтары жұмыс істеуде.
Қазақ және орыс тілді БАҚ қоспағанда 11 тілде газет- журналдар шығарылып, 8 тілде радио бағдарламалар мен 7 тілде телебағдарламаларжұмыс істейді. Бүгінгі таңда елімізде сабақтар түгелдей өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп бар. 108 мектепте 22 этностық ұлттық тілдері таңдау пәні ретінде оқытылады. Сонымен қатар, 195 арнайы мамандандырылған лингвистикалық орталықтарда 30 этностық тілін оқып-үйренуге жағдай жасалған.
Қазақ, орыс театрларын қоспағанда отанымызда : неміс, өзбек, ұйғыр театрлары жұмыс істейді. Осының бәрі ынтымақ пен бірліктің белгісі емес пе?
Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2009 жылы 26 қазанда болып өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы 15 сессиясында сөйлеген сөзінде: «Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, татулық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Ол еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі, интитутына, татулықпен пен сыйластықтың берекелі бекетіне айналды» -деп атап көрсетті.
Сәулесі мен жарқынын
Төксін ләйім күн нұры.
Қазақстан халқының
Арта берсін бірлігі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы «Қазақстан – 2050 стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында өтті.
Тұратын сан алуан ұлттан, ұлыстан,
Аман болсын даудан, алыс-жұлыстан.
«Ырыс түбі – ынтымақ» деп жарасып,
Қазақстан болсын жайнап Гүлістан.
Еліміздегі татулықты, достықты, ұлтаралық келісімді биік ұстап, Отанымыздың одан әрі қарыштап дамып, көркеюіне өз үлесімізді қосайық. Сіздер де, елге лайықты азаматы мен азаматшасы болыңдар. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлап өсейік.
М-м: Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбарлы асыл асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні. - дей келе Балалардың мерекелік тақпақтарын қабыл алыңыздар:
Айдана : Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
Жанасыл: Жайдарлы жаз түрге еніп,
Жадыратты жанымды.
Жер дүние тербеліп,
Дала қала құлпырды.
Біржан: Сары ақпыз қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Біз Отанда тұрамыз,
Біз мектепке барамыз.
Ж. Кәусар: Бір шаңырақ астында,
Тату – тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз астыда,
Бірге сайран құрамыз.
Шарифжон: Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып самғасын.
Тілегімізді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.
Ән: «Ақ көгершін» Орындайтындар: қыздар
Мереке : «Достық» бізге тым ыстық, Назерке: Болсын жер мен суда ортақ,
Бірлік, байлық, ырыс – құт. Болсын біздің ту да ортақ.
Жарқырасын күніміз, Ақпыз, қара, сарымыз,
Жаса, жаса тыныштық. Ағайынбыз бәріміз.
Бақдәулет: Ақ сары деп бөлмейміз, Арайлым: Білегі бір, жүрегі бір,
Бір жыл туған төлдейміз. Достармен біргеміз.
Туысқанбыз татумыз, Туыс барда құрыштан да,
Биіктерге өрлейміз. Берік біздің іргеміз.
Әбілқас: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Ән: «Дос болайық бәріміз». Орындайтындар: ұлдар.
М-м: Балалардың достық, ынтымақ туралы даналық сөздерін қабыл алыңыздар.
1. Ынтымақ - достықтың бірлігі 2. Ырыс алды - ынтымақ
3. Достық күні - бірлікте 4. Ел - бірлігі, ел теңдігі
5. Ынтымақ жүрген жерде
Ырыс бірге жүреді.
Зарина : Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
Хор «Ағайынбыз - бәріміз».
М-м: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
О.Кәусар: Сәбилер көңілін бұлт шалмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Төбемізде күн күлімдеп әрқашан,
Қасымызда болсын мәңгі анамыз.
Айдана: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Шарифжон: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Рауан: Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Мерей: Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
Назерке: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
Ж.Кәусар: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Аяужан: Зобалаңда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін».
М-м: Қорытынды:
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.
Ендеше, бейбітшілік жасасын!
Ынтымақтастық жасасын!
Қазақстан жасасын!
Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Сау-саламатта болыңыздар!
Хор «Атамекен» (Бейне ролик)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген