Тақырыбы: « Тәуелсіз
ел - Қазақстан»
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік
алу жолындағы ата – бабаларымыздың ерлігін паш ету. Отанды сүюге,
туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке,
жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту,
елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілік: шарлар, гүлдер, слайд,
қанатты сөздер, суреттер. т.б.
Барысы:
Қазақстан
Республикасының әнұраны.
Қайырлы күн,құрметті ұстаздар
мен оқушылар!
Бүгін біздің «Тәуелсіз ел -
Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бұл күні
үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл толды.Тәуелсіздік
біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16 желтоқсан-тарихтағы ұлы
күн.Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін
жариялайды.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан
Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және
еркіндік,бірлік,тұрақтылық,гүлдену сияқты негізгі құндылықтары
қалыптасты.Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Азаттық үшін
күресте талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ,ешқашан да
мойымады,күресе білді.Тәуелсіздік.Қандай қасиетті,ұғым.Тәй-тәй
басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған
Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп,тұғырын биіктеп,
тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр.Тәуелсіздіктің бізге
бергені ұшан-теңіз,әліде берері тіпті мол.
Оқушылардың
тақпақтары
1-оқушы:
Тәуелсіздік бізге оңай
келмеді,
Бұны ешкім аяп бізге
бермеді.
Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың,
Елі үшін
ерлігі
Ақталды боздақтардың ақ
талабы,
Әділ іс әрқашанда
ақталады.
Елі үшін жанын қиған асыл
жандар.
Ел есінде мәңгілік
сақталады.
2-оқушы:
Тәуелсіздік биік
болсын,тұғырың.
Тарылмасын терең алған
тынысың
Бодан болған күндеріміз
құрысын,
Ұзақ болсын, ұзақ болсын
ғұмырың.
3-оқушы:
Көк байрағым көгімде
желбірейді,
Көргенде оны жүрегім
елжірейді.
Жанымның түкпірінен от
лаулап,
Елін сүйер азамат болсам
дейді.
4-оқушы:
Тұрағым Қазақстан
мекенім,
Сүйгем жоқ,сүйе алмаймын жерді
бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ
атын,
Туымды асқақтата
желбіретем
5-оқушы:
Ата –бабам арман
еткен,
Егеменді қазақ
жерім.
Қуанышың көптен
күткен,
Құтты болсын дарқан
елім!
Тәуелсіздік алған 26 жыл
ішінде сайын даланың төбесінен бой көтерген ару Астана біздің
мақтанышымыз.Барлығымыз тәуелсіз заманның,егеменді елдің бақытты
қожасы болдық.Тәуелсізбін,Тәубе саған жарық күн дегім
келеді.Халқымыздың Тәуелсіздік жолында шекпеген тауқыметі,көрмеген
қасіреті қалмаған. Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі
нышандарының бірі-Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі.Ол
1986жылғы сол кездегі Жаңа алаңында бой көтерді.Бұл жер-1986жылғы
Желтоқсан көтерлісінің кіндігі болған алаң.Тәуелсіздік монументі
Елбасының Н.Назарбаевтың бастамасымен белгілі мүсінші,Елтаңбамыздың
авторы Шотаман Ыдырысұлы Уалихан аталарыңның жобасымен жасалған.
1986жылы 16желтоқсанда Алматы қаласындағы алаңға жастар
«Тәуелсіздік керек»деген тілегімен жиналды.Милиция жасақшылары
ортаға шығып жастарды ұрып соға бастады.Көптеген жастар түрмеге
қамалды.Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді.Себебі,тарихтан
алар орны ерекше.
Желтоқсан желі бейнекөрініс
көрсету.
Слайт « Тәуелсіз
ел»
1991 жылы 16 желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн, Ерекше боп ел жадында қалған күн.Елдің
еркіндігін білдіретін рәміздеріміз ту, елтаңба, әнұранымыз
қабылданды.Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты
белгілерінің бірі-Ұлттық ақшасы. Ол 1993 жылы 15 қарашада айналымға
енді. 1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды. 1997жылы 17шілде
де Қазақстанда «тіл туралы»заң қабылданды.Мемлекеттік тіл-қазақ
тілі болып саналады.Қазақ тілі өте бай,терең мағыналы,көркем тіл.
Осы кең байтақ егеменді еліміздің көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев
болса,1-желтоқсан – тұңғыш Президент күні болып
тойланады.
6-оқушы:
Тәуелсіздік – тірлігімнің
айғағы,
Татулығым - бірлігімнің
айғағы.
Сөгілмесе еліміздің
іргесі,
Әлде де бар ұрпағымның
арманы
7-оқушы:
Армандарды жақындатып тым
алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы
ағыс
Егеменді ел бақыты,
ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын
қуаныш!
8-оқушы:
Қазыналы
Қазақстан,
Әлемдегі
ғажапстан!
Жиырма алтыға келді,
міне,
Мен қуанам
елдігіме!
Мәнерлеп оқу. «Отан туралы»
Ибрагим мен Айтолқын.
Хор: «Көк тудың
желбірегені
«Сұрақ –
жауап»
1-топқа:
1.Еліміздің бас
қаласы?
2.Мемлекеттік рәміздер қашан
бекітілді?
3.
Ата Заңымыз қашан
қабылданды?
4.
«Желтоқсан оқиғасы» қай жылы
болды?
5.Астана қаласы қай өзеннің
жағасына орналасқан?
6.Отан туралы мақал айтып
бер.
2-топқа:
1.Астана қаласының
символы?
2.Төл теңгеміз қашан айналымға
енгізілді?
3.Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі?
4.Әнұранның авторларын
ата.
5.
Тәуелсіздік күні қашан
жарияланды?
6.
Отан туралы мақал айтып
бер.
3-топқа:
1.
Тұңғыш президент күні қай күні
тойланады?
2.
«Мен қазақпын» поэмасын жазған
адам?
3.
Биыл тәуелсіздігімізге неше
жыл толып отыр?
4.
Елбасы туралы мәлімет айтып
бер.
5.
Мемлекеттік тудың авторларын
ата.
6.
Отан туралы мақал айтып
бер.
Шығармашылық тапсырма.
«Отаным менің – Қазақстан!!!»
Әр топ оқушылары үйден салып
әкелген суреттерін және сол жерде 3-4 сөйлемнен тұратын эссе жазып
қорғайды.
Бейне көрініс: «Қазақстан
тәуелсіздігіне 26 жыл»
Құттықтау сөз
кезегі тәрбие ісінің меңгерушісі
Сағатова Жанаргүл Мақсотқызына беріледі.
Қорытынды:Сондықтан басты
құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз! Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ
Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып,қадірлей білгені абзал.Бүгінгі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. «Тәуелсіз ел
- Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызды осымен
аяқтаймыз.
Хор:
Атамекен