400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Тәуелсіз елдің ұланымыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Мақсаты: оқушыларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту

Әнұран орындалады.

Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Біз сол өркениетке қадам басқан тәуелсіз елдің ұланымыз. Біздің ел тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды.

Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдыретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. «Өткенсіз болашақ жоқ» дейді дана халқымыз.

Қазақстан – елім менің,

Отаным – жерім менің

Өзіңнен өскен тарап

Ата-бабам, тегім менің

Сені Отан қасиетті

Сүйеді бар ұланың

Байрағың желбіреген

Асқақтап Әнұраның.


Викториналық сұрақтар:

  1. Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады? (1 желтоқсан, 1991 ж.)

  2. Астана қашан 10 жасқа толды? (2008 ж. 10-маусым)

  3. Елорда ажарын асқақтатар орындарды ата? («Бәйтерек», «Қазақ елі» монументі, Ақорда, «Думан», т.б.)

  4. Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (4)

  5. Қазақстанның ең үлкен өзені? (Ертіс)

  6. Желтоқсан көтеріліс өткен қала? (Алматы)

  7. Жайықтың жағасында орналасқан қала? (Орал)

  8. Еліміздің рәміздері қабылданған күн? (192 ж. 14 маусым)

  9. Елтаңбаның авторлары кімдер? (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков)

  10. Қазақтар қандай дала өсімдігін туған жер рәмізі деп атайды? (жусан)


Қазақстан – Отаным

Туған жерім – киелім.

Арттырып даңқын, атағын

Туыңа бас иемін

Өрледі даңқың, атағың

Қазақстан – Отаным

Нұрға бөлер еліңді

Ақ таңын болып атамын.

1-топқа тапсырма:

Отан, туған жер туралы мақал мәтел жазу

2-топқа:

«Қазақстан жүрегімде» өз жадынан өлең шығару

3-топқа:

«Жасай бер, Қазақстан» тақырыбында сурет салып, оны қорғау

Қазақстанның Елордасы – Астана,

Көз тіккен төрткүл дүние алты алашы,

Бқл бүгін қазағымның бас қаласы

Елордам халқым үшін ерен бөлек-

Тәуелсіз еліміздің Астанасы!


Астана – таң сәулелі өшпес жарық,

Жарқырап күндіз-түні тұрған жанып

Қазаққа ай мен күндей нұрын шашқан

Сол нұрдан ләззат алған барша халық

Орындалып көптен күткен арманы

Ел қыраны биіктерге самғады

Елу елдің қатарына қосылу

Осы емес пе еліміздің ардағы!


Плакаттар қорғау.

Тақырыптары: «Отаным - Қазақстан», «Арман қала - Астана», «Ел нышандары»

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын!

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!


Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашаннан

Биікке іліп қояды.

Туымызға жас туған

Бір қарамай өтпейді.

Сол көк тудың астында

Көгереміз, көктейміз.

Қатар ұшқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй

Елтаңбасы елімнің-

Елдігімнің белгісі.


«Тәуелсіз Қазақстан» әні хормен шырқалады.

































Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернат

Shape1









Сынып жетекші: Салыхова А.Ж









2019-2020 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.12.2020
724
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі