жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты Тәуелсіз елім - Қазақстан
Авторы: Далибаева Фарида
Тараз қаласы №56 орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім – Қазақстан »
Мақсаты:
1.Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы тарихын, ерлік күресін және Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен таныстыру.
2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтеуге, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.
3. Оқушылар бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 1. Қазақстан елінің тарихы мен бүгініне шолу жасалған слайдтар,
қаһармандарының суреттері, қанатты сөздер.
Техникалық құрал: мультимедиалық қондырғы.
Барысы:
Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік Декларациясы қабылданып, Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады. «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналады.
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойндайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп - қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың.
1991 жылыдың 16 желтоқсаны халқымызға көптен күткен тәуелсіздікті әкелді. Ата-бабамыз найзаның ұшы, білектің күшімен жаудан қорғап қалған жерінде егемен елдің көк байрағы желбіреді. Тәуелсіздік бүкіл әлемге жер шарында қазақ деген ұлттың, Қазақстан деген мемлекеттің бар екенін жариялауға мүмкіндік берді.
Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған, осы жолда жан беріп, жан алысқан қанды күрестердің нәтижесі. Тәуелсіздікті аңсаған бабаларымыздың жердің бүтіндігі, елдің амандығы үшін небір тар жол, тайғақ кешуден өткені белгілі. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді және оған жетті.
Ақерке: 1219 жылы қыркүйекте моңғолдар Отырар қаласын қоршады. Халық жаулап алушыларға қарсы ерлікпен 6 ай бойы күресті. Жақсы бекінген, ерекше қарсылық көрсеткен Отырар қаласын Қайырхан әскерімен бірге қорғайды. Отырар қаласын еркектермен бірге әйелдер де, балалар да ерлікпен қорғады. Монғолдар қаланы жермен-жексен етеді. Талай ғасыр бойы гүлденген Отырар қаласы қиратылып, өртелді. Қала халқы қырылды, тірі қалғандарын Моңғолияға айдап әкетеді.Отырар-қаһарман қала, оны қорғаушылар - ерліктің үлгісі.
Бекасыл:
Даңқың
қайда төске өрлеген?
Екi жүз мың
әскерменен
Алты ай бойы
кiп-кiшкентай Отырарды
ала алмау,
Алты ай бойы Отырардың
осал тұсын таба алмау –
Ойы – дауыл,
сезiмi – аспан,
Тек жеңiспен көзiн
ашқан
Менiң алғыр ұрпағымның сүйегiне
зор таңба,
Намысыма сызат түстi мына
сенiң арқаңда, –
Деп Шыңғыс хан
Шағатайға оқты көзiн қадады.
– Осы
өкiнiш менi де өртеп барады.
Отырардың
бақытына орнаған
Болар, бәлкiм,
Алдырмай
тұр зор қамал.
Бiрақ, әке, жүргенiм жоқ
аянып,
Қанша үмiтiм желге ұшты,
Қанша
әскерiм жер құшты.
Дала жатыр қызыл
қанға боялып,
Егep бүкпей, баяндасам
шындықты,
Рухы – өр,
Тәнi – бекем,
Бұл
бip қайсар халық екен,
Tipлiктен де артық
қойған бiрлiктi.
Ақерке:
Алты
ай бойы ерлiк салтқа төрiн берген Отырар,
Алты
ай бойғы алапатта жeңiлмeгeн Отырар
Алты-ақ
күнде жермен-жексен қирады.
Ақыл-ойын
жалындатқан,
Өнер, ғылым шамын
жаққан
Ұлы қала Азияның маңдайына
сыймады.
Безбүйрек жау сәбилердi,
шал-шауқанды, кемпiрдi,
Tiптi жүктi
әйелдiң де iшiн жарып өлтiрдi.
Құзғын,
қарға ғана тынбай шарлап мұңлы
аспанды,
Отырардың
аянышты, зарлы өмiрi басталды.
Айдай
әлем мойындаған даңқы бар,
Жүз елу
мың халқы бар,
Нән қаланың асқақ әнi
осыменен шектелдi...
Бекасыл:
Оян,
Қайыр бабатайым, қасиеттiм, қымбаттым!
Сан
алапат тасырдан соң,
Тасыр дауыл
басылған соң,
Жетi жарым ғасырдан
соң,
Өзiңдi iздеп, тiл қаттым.
Аман
қапты батыр арман,
Отқа
оранған Отырардан
Қашып
шыққан сол баяғы баладан
Бұл күндерi
санатты ұрпақ тараған.
Дәуiрiнiң
қанатында самғаған
Сол ұрпақтан
шыққан ақын мен болам.
Keшiктiң деп
кiнәлама, айбарлым,
Ceнi ояту үшiн қанша
ойландым.
Еңiреген ер ең аузы
дуалы,
Бiзгe жеттi жүрегiңнiң
шуағы.
Түп-тамырын сенен алып жатқан
ел
Саған ұқсас батырларын туады.
Күллi
Азия көз тiгетiн таңдана
Құм астынан
көрiнбейдi паң қала.
Сол қалаға арнаған
бұл жырымды,
Оң қабақпен қабылдай
гөр, жан баба!
Әкімжан:
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап,
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жалында жүрек, қан қайнап,
Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап, - деп Ақтамберді жырау жырласа,
Еділ
үшін егестік,
Тептер үшін тебістік.
Жайық
үшін жандастық,
Қиғаш үшін
қырылдық,
Теңдікті, малды
бермедік,
Теңдіксіз малға көнбедік.
Ханның
кірген ақ орда,
Бұзуын ойлап
кеңестік.
Аламанға жел беріп,
Аса
жұртты меңгердік.
Қара қазақ баласын
Хан
ұлына теңгердік.
Өздеріңдей
хандарды
Қабырғасын сөгілтіп,
Қабырғадан
аққан қан
Ат баурына төгілтіп,
Әділ
жаннан түңілтіп,
Ат артына өңгердік.-
деп Махамбет Өтемісұлы жырлады.
Кәусар:
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезінде 1 миллион қазақ қаза болса, 1916-1921 жылдары сегіз жүз мың адам қырғынға ұшырады. Одан кейін 1931-33-ші жылдары елімізде ашаршылық болды. Ата-бабаларымыз бас ауған жаққа кетті. Сол кезде кезде кеткен қазақтар осы күні туған жеріне оралуда.
1937-38-ші жылдар жаппай жазалау болды. Бұл жылдары біздің Қазақ зиялылары, арыстарымыз қудаланды. Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердиев сияқты асылдарымыз арада 50 жыл өткенде ақталып, қазір шығармаларын оқып жатырмыз.
Әзімхан Бекзат:
Абай Құнанабаев қазақ халқының қиын тағдырына жаны күйзеліп, былай жырлады:
Қалың
елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз
аузыңа түсті мұртың.
Жақсы
менен жаманды айырмадың,
Бірі
қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет
бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан
ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың
өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен
орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі
дей алмай өз малыңды,
Күндіз
күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.
Көрсеқызар
келеді байлауы жоқ,
Бір
күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.
Бас-басына
би болған өңкей қиқым,
Мінеки
бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді
түзелер дей алмаймын,
Өз
қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
Аяна:
1941-45-ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс ашты. «Ер есімі-ел есінде». Аталарымыз бізге бейбіт өмірді алып берді. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді. Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов, Хиуаз Доспанова еліміз үшін ерлік көрсетті.
1954-56-шы жылдар тың игеру жұмысы жүргізіліп миллиард пұт астық алынды. Қазақстанның аты әлемге әйгіленді.
Ән «Смуглянка». Орындайтын Ергембек Аяна
Айнұр:
1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Жастар ел басшысы Қазақ ұлтынан болуды талап етті. Жас өмірін тәуелсіздік үшін қиып кеткен, Желтоқсан құрбандары болған: Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаевтай аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.
Тажет Бекзат: «Ақтық сөзің не ?» деген
Бүгін қойды сот сұрақ
Айтайын оны халқыма,
Жоқ пейіл менде жасымақ
Қорлай беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін
Туған жердің намысы
Бөтен қолда кетпесін
Өз ұлтыңның басшысын
Орнынан сүйреп алмасын
Күнәдан таза басым бар,
Қазақ деген атым бар.
21- де жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар.
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін
Көрмеген қош бол таңдарым!
Көре алмай енді өтермін
Қош аман бол артымда
Ағайын – туған, азамат
Артымда қалған ата-анам,
Ел – жұртым саған аманат!-
Айда:
Желтоқсанның
анаға,
Ызғары
көп, қарағым!
Намыстан
өлген қазақтың
Қыздары
көп, қарағым!
Бота
көзің боталап,
Қиянаттан
қаталап,
Дәл
он алты жасыңда,
Жан
адам жоқ қасыңда.
Қыршыныңнан
қиылдың,
Қара
жерге бұйырдың.
Заманыңа
қақайып,
Қарсы
тұрған, боташым.
Алтын
сақа асықтай,
Алшы
түскен, қарағым!
Дәл
өзіңдей қыз тапқан,
Мен
де арман бар ма екен,
Қайтейін,
Құдай, қайтейін?!
Жанерке:
Енді 1991-ші жылы Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген Қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді.
Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан –бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы, Елтаңба, Әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.
Жаннұр:
Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Әнұранымыздың авторлары- Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Мемелекеттік туы көгілдір түсті. Онда Алтын күн бейнесі, шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар. Тудың көгілдір түсі - бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы - байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі. Қыран бүркіт – тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт-дәстүрдің белгісі. Мемлекеттік тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
Қалдан:
Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бастысы- шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, ол күн бейнесін, ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат- адамның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бесбұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды , жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай. Елтаңбаның авторлары - Шота Аман Уәлихан және Жандарбек Мәлібекұлы.
Мадина:
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2 400мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания ,Италия . Жер көлемі жағынан 9-орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес. Олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан,Қырғызстан,Түркменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Елордасы– Астана.
Асылжан:
Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемелекет. Бізде алтын, темір, мырыш, күміс,көмір, газ, мұнай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі.
Биболат:
Тәуелсізбін, егеменмін, еркінмін,
Көңілім көкке шарықтады, серпілдім.
Көкірегім мұздап еді, ерідім,
Домбырадай күмбірледі көңілім.
Аяулым:
Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы асыға күткен бұл күнім
Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым
Тәуелсіз Қазақстаным!
Руслан:
Тәуелсіздік бостандығың еліңде
Желбіреді көк тұлпарың көгіңде
Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемге
Теңесті халқың терезесі тең елге.
Жания:
Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы
Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы.
Тұрақты болсын , қуатты болсын әрқашан,
Шырағы мен пырағының тұрағы.
Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
Алишер:
Бойымда жігер, тұрғанда сенім,
Жалындап өтем жолыңда сенің!
Өзіңсің мәңгі бақытым, барым
Аяулы – Отан, ардақты елім!
Қазақстан – Республикам менің!
Нұрдаулет:
Жырақта жүрсем, сағыным сені,
Өзіңсің елім, жүректің емі.
Бабалар сертін сақтаған мәңгі,
Қорғаның болам қайыспас белі.
Алина:
Бойымда қайрат, тұрғанда сенім,
Құрбаның болам жолыңда сенің!
Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса,
Сүйікті Отан, сүйікті елім!
Қазақстан – Республикам менің!
Абдулла:
Қазақстан – қасиетті ұғым бұл
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал, толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т- білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті,
У-уайымсыз уақытты,
Е- егемендік елдікті.
Л-лайықты құрметке,
С-сенімділік секілді,
І-ілтипат пен ізетті
З- зиялылық тілек қой.
Д- шақырады достыққа,
І- ізденіс пен нәтиже
К- дейді күн боп көктегі
Бол әрдайым көршілермен достықта.
Хор: Отан
Тәуелсіз елдің ұлы - өжет, қызы қайратты, қаhарман.
Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құрметте.
Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін!
Еліміздің белгісі – көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!
Той тойға ұлассын!
Мұғалім:
Міне, қазақ халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сендер Отанымыздың болашақ иесісіңдер. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сеніміміз мол. Жақсы оқуларыңмен, үлгілі, тәртіпті, алғырлықтарыңмен өз ел, жерлеріңді көркейтіп, намысын қорғайтын сендер боласыңдар. Бүгінгі «Тәуелсіз елім - Қазақстан » атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген