Тақырыбы: Тәуелсіз елім -
Қазақстан
Мақсаты:
-
Білімділік. Оқушылардың Қазақстан
Республикасының Тәуелсіз мемлекет екендігі жайлы, тарихы, ел
ордамыз туралы білімдерін жетілдіру.
-
Дамытушылық. Оқушылардың дүниетанымын
кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін
дамыту.
-
Тәрбиелік. Болашаққа өз үлесін қоса
білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық
тәрбие беру.
Әдісі: сұрақ-жауап,
көрнекілік.
Түрі: жаңа білімді хабарлау, саяхат
сабақ
Көрнекілігі: суреттер, ҚР-ның
рәміздері,мақал-мәтелдер, музыка.
Сабақтың
барысы:
Мұғалім
сөзі:
- Бүгін бізде үлкен мереке –
«Тәуелсіздік күні!». 1991 жылы 16 желтоқсан. Бұл күн – қазақ
халқының ұлттық тарихында алтын әріппен жазылған күн. Бұл күн –
сөнбеген шырақтың қайта жанған күні. Ал, бүгінгі қазақ елі –
ата-бабалар аңсаған тәуелсіз, егемен ел.
Шарықта, шарла көкке көк
байрағым,
Арманым – Азаттығым, көпке
айғағым,
Мен сенің салтанатты
сағатыңа,
Өлеңмен алтын шашақ шоқ
байладым.
Ал, самға, әлем кезіп,
Әнұраным,
Қалықта Елтаңбасы –
шаңырағым.
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
орындалады.
Жаңағы біздің шырқап айтқан
әніміз бұл жай ел туралы ән емес, бұл біздің еліміз үшін
ерекше,құдіретті, ең қасиетті, әрі әдемі ән. Бұл ән Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Әрбір мемлекеттің
ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді
құрметтеу - әрібір азаматтың міндеті.
Мемлекеттік рәміздерді біз
қастерлеп сақтауымыз керек.
“Тәуелсіз елім - Қазақстаным”
тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен
таныстырып өтейін.
- тәуелсіздік
мерекесі
егеменді еліміздің
мерекесі
отанымыздың
мерекесі
- ал «Отан» деген
не?
- «Туған жеріміз» деп нені
айтамыз
-Қазақстан Республикасы-
біздің туып өскен жеріміз, Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден
тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан
қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз
үшін!
Қазіргі кезде ашық аспан,
жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз,
білім алуға мол мүмкіндігіміз бар.
Қазақстан дейтін менің бар
елім,
Жатыр алып жарты дүние
әлемін!
Бұл даланы анам жаспен
суарған,
Бұл далада атам қолға ту
алған.
Бұл далаға жылап келіп,
уанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ
арман!
Қазақ халқы еркіндікке жету
үшін- қаншама қиындықты басынан өткізді. Мыңдаған жылдық тарихы
бар,
Алтайдан Алатауға дейін ұлан –
ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман
еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен
қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар
жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай
батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан,
Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін
құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде
болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат
Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа
баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел
болдық.
Міне содан бері 29
жыл!
Шәкірттерім қазіргі кезде сен
ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп
жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды
достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді
асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай
тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында
біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздік күні.
(Слайд
көрсету)
Сөз кезегі
оқушыларда:
Он алтыншы
желтоқсан -
Тәуелсіздік алған
күн.
Мерекеге ел
тосқан
Атамменен
барғанмын.
Мерекеге
шығады
Бүкіл халық,
біліп қой.
Отандастар
ұғады
Тәууелсіздік -
ұлық той.
Аралаймын
алаңды
Тәуелсіздік
күні мен.
Батыр Қайрат
ағамның
Суретіне
үңілем.
Он
алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік
алған күн.
Мерекеге ел
тосқан
Шырқатып ән
салған
күн.
Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз күнде
біз.
Ата-бабам
қалдырған,
Қазақтың біз
батырымыз сенсеңіз!
Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар
жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға,
Әпкелеріміз.
Бабамның да
арманы,
Осы еді ғой
аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді
баршаға
Көк туымды
қолыма
Бүгін берік
ұстадым
Түсті бақыт
жолыма
Менің
Қазақстаным!
Отан деген
берекелі отбасы,
Сүйер оны
адамзаттың баршасы.
Мен бақытты
бүлдіршінмін бүгінде,
Жоқ қой оған
ешкімнің де таласы.
Бұның бәрі
татулықтың арқасы,
Тәуелсіздік—елдігімнің
бастауы.
Тәуелсіздік елімде,
Бақыт құсы
самғап ұшты көгімде
Қазақ деген
ғажап халық қашаннан,
Көк бөрінің
ұрпағымыз тегінде.
Қорытынды: - Сабағымызды аяқтай сіздерді
Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі
тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты
өлеңімен қортындылағым келеді:
Арыстандай
айбатты,
Жолбарыстай
қайратты,
Қырандай күшті қанатты
–
Мен жастарға
сенемін!
Мен сенемін
жастарға:
Алаштың атын
аспанға
Шығарар олар бір
таңда,
Мен жастарға
сенемін!
Ән: «Көк тудың
желбірегені».
Жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы....... Осы
бір сөзден желтоқсанның ызғары есіп тұрғандай. Осы күнді еске алған
сайын сонау мұз жастанып, қар төсенген күндер ойға оралатыны
сөзсіз. Өйткені дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан
оқиғасы қазақ топырағына елінің болашағы, бостандығы, егемендігі
үшін күрескен қайсар да өр ұрпақтың келгенін әйгілеген
еді.
(Слайд
көрсету)
1991 жылы 16 желтоқсанда
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Егеменді ел
болды. Төл теңгесін шығарды. Ата заңын қабылдады. Мемлекеттік
рәміздерін белгіледі. Алғашқы Президентін
сайлады.
Міне, бүгінде халқымыздың
аңсаған арманы орындалды. Тәуелсіздік таңы шапағатын шашып тұр.
«Қазақстан» деген ортақ үйімізде, бір шаңырақтың астында барлық
ұлттың өкілдері әнімізде, сәнімізде жарасып, ынтымақ пен бірліктің
нәтижесінде тату-тәтті өмір сүріп
жатырмыз.
« Оралхан Бөкей атындағы № 44
лицейі» КММ
Сынып
сағаты
Тақырыбы:
«Тәуелсіз елім -
Қазақстан»
Сыныбы : 2
«А»
Сынып жетекшісі:
Наккажина Д.К.
2020-2021 оқу
жылы