жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Тәуелсіз елім - Қазақстаным"
«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ
Тәуелсіз елім – Қазақстаным
(тәрбие сағаты)
1 «В» сыныбы
2019-2020 оқу жылы
Сынып жетекшісі: Мухамсетрахимова А. Е
Өскемен - 2019
Тақырыбы: «Тәуелсіз
елім - Қазақстаным»
Мақсаты
:
1.
Білімділігі: Тәуелсіздік күні туралы
мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен
желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында
түсіндіру.
2.
Тәрбиелігі: Оқушыларға патриоттық
тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке
баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын
жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға
және халқының тарихын білуге үйрету,
достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3.
Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа
деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілік: интер тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Ал енді бүгінгі ашық тәрбие сағатын бастамас бұрын жылы көңіл күй сыйлап бір-бірімізге қарап жымиайық .
ІІ. Ой қозғау
Қазір қай мезгіл
Қыс айларын атау ( желтоқсан,қаңтар,ақпан)
Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз (Қазақстан)
Біздің президентіміз кім?(Қ. Тоқаев)
Қазақстанның рәміздері калай аталады? (ту,елтаңба,әнұран)
- Ал Отан деген не?
- Туған жеріміз деп нені айтамыз
-Қазақстан Республикасы- біздің туып өскен жеріміз, Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін!
Қазіргі кезде ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, білім алуға мол мүмкіндігіміз бар.
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.
Ендеше біздің балаларымыз «Отан» туралы тақпақтарын айтып берсін.
Әлмәді:
Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан,
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам.
Жаңасыл:
Отаным менің Қазақстан,
Мәңгілік сенімен мақтанам.
Саяңда жүрсем әрдайым ,
Күлімдеп жүрем әрқашан.
Ерқанат:
Отаным менің Қазақстан,
Атыңнан сенің айналдым.
Бас иіп саған өтемін,
Жасай бер жаса Қазақстан.
Адина:
Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім.
Сені қорғау парызым
Мұны біліп өтемін
-
Қазіргі
кезде сендер ашық аспан, жарық күн
сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір
сүріп жатырсыңдар.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама
қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.
Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы
оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16
– желтоқсанда қазақ жастары Орталық
алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін
талап етті.
Бұл күн — Қазақстан
тарихында тәуелсіз Қазақстан
Республикасының туған күні деп алтын
әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан
бүкілхалықтық мереке.
Желтоқсан
оқиғасынан үзінді видео
—
Балалар,
біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол
жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі
желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасында
ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп,
солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков,
Сәбира Мухамеджанова, Ләззат Ол қыршын
жасын қиды.
Тәрбиеші
сөзі:
Сендер
Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы
оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің
мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның
намысын қорғайтын келешек ұрпақтың
ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Балалардың
Отан туралы жаттаған мақал мәтел дерің
тыңдайық
1.Отан
елдің анасы
2.Отан алтын бесік
3.Отан оттан да ыстық
4.Отансыз адам ормансыз бұлбұл
5. Еліңді сүйсең ерлік жасайсың
-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)
Елхан:
Тәуелсіздік
мәңгілік сақталсын,
Алдымызда
барлық үміт ақталсын
Тату
– тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт
өмір бар халықпен жақталсын.
Айару:
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан –елім менің
Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Міне содан бері 28 жыл!
Шәкірттерім қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Ильнара:
Атыңнан
айналайын егемен ел,
Тәуелсіз
күнің туды кенеле бер.
Мерейің
құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Алижан:
Егемен
елімнің ертеңі деп,
Елбасы
баға берді жастарыма
Оқу
оқы, білім ал, елің үшін
Еңбек
ет тыным таппай, жан аяма.
Ғалым:
Ел
болдық егеменді, теңдік алып,
Бар
әлем қазақ елін болды танып
Қайнауы
кенге толы Қазақ елі,
Жыл
сайын келеді өсіп қанат жайып.
Іңкәр:
Армандарды
жақындатып тым алыс,
Біздің
жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік
- ел бақыты, ертеңі,
О,
халайық! Құтты болсын қуаныш!
Қорытынды:
Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген