400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: Тәуелсіз елім Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып оқушыларына арналған. Тәуелсіздікке арналған мерекелік іс-шара. 2018 оқу жылында 4 "б" сынып оқушыларының дайындаған шағын ертеңгілігі. Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған патриоттық шара. Материалдың бастауыш сынып мұғалімдеріне іс-шара ретінде көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тәуелсіз елім- Қазақстан!


Тәрбие сағатының мақсаты:

а) оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 27 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту.

ә) отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенінұғындыру.

б) бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.

Сахынаны безендіру: Қанатты сөздер, Қазақстан Республикасының Әнұраны, слайд


1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Сіздерді 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. 

2-жүргізуші: Добрый день, дорогие друзья, уважаемые педагоги и гости праздника! Мы рады приветствовать вас в этот торжественный час в нашем зале. 16 декабря наша Республика отмечает знаменательный праздник – День Независимости!


1-Жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

2-жүргізуші:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!


Қазақстан Республикасының Әұраны орындалады


1- жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Уатаева Айкүміс Жалелқызына беріледі.


2- жүргізуші:

Біз егеменді елде өмір сүріп жатырмыз. Ал сол егемендік бізге оңайлықпен келген жоқ. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.  1986 жылы 16- желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн —  Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. 


Тақпақтар:

1.Он алтыншы желтоқсан –

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан

Атамменен барғанмын.

Мерекеге шығады

Бүкіл халық, біліп қой

. Отандастар ұғады

Тәууелсіздік - ұлық той.

Аралаймын алаңды

Тәуелсіздік күні мен.

Батыр Қайрат ағамның

Суретіне үңілем.

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан

Шырқатып ән салған күн.

2. Бабамның да арманы

, Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!

10. Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын 
Желтоқсанда шықты алаңға жастарым 
Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік
Дербестікке құн ұрамақ басқа кім?!
Намысымның шуағы да – Желтоқсан!
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан!
Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан!
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан!


3. Жадырап жарқын жүзіміз,

Жарқырап әрбір күніміз.

Ертеңінен елімнің ,

Үміт күткеннің біріміз.

Қарттарым мұңаймасын деп,

Сәбилер жыламасын деп.

Кешегі өткен тарландар,

Желтоқсанда ұрандап.

Намысты бермей қолынан,

Күрескен соның жолында.

Елім деп кеткен ерлерім

, Еркіндіті сендер әперген

. Еңсесі биік Елорда,

Мәңгілік ел бол қашанда


4. Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,

Талай қазақ гүлдерін де солдыра,

Ел билеуге алып келді Колбинді

Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

5. Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады.

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға

Қарсы ағып өзендей тасқындаған.


6. Болмасам да сол кезде мен сеземін

Жүректе намыс оты сөнбегенін

, Ызғарына аяздың төзгендерін,

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәттібоп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.


7. Қайраттай қайсар ұлдардың 
Жанымен келген еркіндік 
Жазира мен ляззаттың 
Арымен келген еркіндік 
Қасірет пен қайғының 
Бәрімен келген еркіндік 


Ән: «Тәуелсіздік ұраны» хор


1 жүргізуші:

Аңсаған азаттық жолында қазақ елі қаншама қиын күндерді бастан кешті. Осы азаттық жолында қаншама қан төгіс, батырларымыз мерт болды. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Тәуелсіздік жолындағы тарих беттеріне зер салайық

Слайд видео көрсетіледі.

Ән: «Қазақ елі» Қаратай Аянаның орындауында


13.Егеменді ел болдық

Ел намысын сақтайық

. Қазақстан байлығын

Бөтен елге сатпайық!

Салт - дәстүрін қазақтың

Жаңғыртайық, жасайық!

Үлгі етіп ұл - қыздарға

Үлкен үміт артайық. 

8.
Нашақор деп, ұлтшыл деп.

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бүл күнде

Қайғыға халық батқан күн.


Қасқалдақ ұшты көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.


Қақаған қыстың ызғары

Сүйектен өтіп кетекен күн

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн



9. Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Атадан ұл туса құл болам деп тумайды,
Анадан қыз тусы күң болам деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз
Асқақтаған хан болса, хан ордасын алмайтын елміз.




11.Еңсесі биік Елорда,

Мәңгілік ел бол қашанда

. Көктегі туым желбіреп,

Көк аспанда қыран құс

Самғай бер әлі биікте

Тыныштық бейбіт заман бол,

Тәуелсіз елім аман бол.

12. Өзіңде бар Елбасы

Туыңда бар, әрине

Елтаңбаң бір ертегі

Әнұраның тәрбие.

Енді қанат жаялық

Қыран құстай самғайық.

Туымызбен тұғырлы

Бірге желек қағайық. 

14. Желтоқсанда бір сыр бар,
Жел соқсын, мейлі жаусын қар.
Ұмытылмас ешқашан
Қайрат, Ләззат қыршындар.

Желтоқсанның қарамай ызғарына,
Желтоқсанның қарамай ызбарына.
Тәуелсіздік тұғырға жету үшін
Өлді талай боздақтар желтоқсан мұздарында


Би: «Баян-сұлу» би тобы


1-Жүргізуші:

Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Ән: «Көк тудың желбірегені»

1 жүргізуші: Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз,

Қымбаттан да, ең қымбатты барымыз.

Тәуелсіздік – білектегі әліміз,

Тәуелсіздік – жүректегі әніміз.


2-жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату – тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

Ән: Атамекен әні


1 жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Осымен шағын концертіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.























Тәуелсіз елім- Қазақстан!

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Сіздерді 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. 

2-жүргізуші: Добрый день, дорогие друзья, уважаемые педагоги и гости праздника! Мы рады приветствовать вас в этот торжественный час в нашем зале. 16 декабря наша Республика отмечает знаменательный праздник – День Независимости!


1-Жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

2-жүргізуші:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!


Қазақстан Республикасының Әұраны орындалады


1- жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Уатаева Айкүміс Жалелқызына беріледі.


2- жүргізуші:

Біз егеменді елде өмір сүріп жатырмыз. Ал сол егемендік бізге оңайлықпен келген жоқ. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.  1986 жылы 16- желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн —  Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. 


Тақпақтар:

2. Жүргізуші. Ән: «Тәуелсіздік ұраны»


1 жүргізуші:

Аңсаған азаттық жолында қазақ елі қаншама қиын күндерді бастан кешті. Осы азаттық жолында қаншама қан төгіс, батырларымыз мерт болды. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Тәуелсіздік жолындағы тарих беттеріне зер салайық

Слайд видео көрсетіледі.

Ән: «Қазақ елі» Қаратай Аянаның орындауында

Тақпақтар

2 жүргізуші : «Баян-сұлу» би тобы


1-Жүргізуші:

Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Ән: «Көк тудың желбірегені»

1 жүргізуші: Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз,

Қымбаттан да, ең қымбатты барымыз.

Тәуелсіздік – білектегі әліміз,

Тәуелсіздік – жүректегі әніміз.


2-жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату – тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

Ән: Атамекен әні


1 жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Осымен шағын концертіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
917
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі