Тәрбие сағаты: Тәуелсіз елім Қазақстаным!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: Тәуелсіз елім Қазақстаным!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан білім департаменті

Ұлан аудандық білім бөлімі

«Бозанбай орта мектебі» КММ


Тәрбие сағаты

Тақырыбы:


«Тәуелсіз елім

Қазақстаным!»


Сынып : 1 «А»

Сынып жетекшісі: Алимбаева А.И.


Тәрбие сағаты «Тәуелсіз елім Қазақстаным!»


Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: презентация

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні, Н.Ә. Назарбаевтың портреті.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі:

Тәуелсіз елім Қазақстаным тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барңған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне содан бері 30 жыл!

-Сәлеметсіздерме оқушылар сыныбымыздың

«Тәуелсіз елім Қазақстаным» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Мұғалімнің сөзі:

-Шәкірттерім қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.

Таңсамал:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Мұғалім: - Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.





Айерке

Жасай бер елім, қазағым,
Еселеніп ғажабың!
Отыз жылдығың құтты боп,
Кіре берсін ажарың!

Аңсаған
Аман болсын ел, жұртым,
Аспаным ашық, күн күліп.
Отыз жылдық азаттық,
Шаттықты әуен үн қылып.

Айбар

Тәуелсіз отыз жыл,
Құтты болсын, қазағым!
Бейбітшілікті жөн еткен,
Елім өзің, ғажабым!

Алида

Қазақстаным айбыным,
Өзіңсің менің Ай, күнім!
Отыз жылдығың сыйласын,
Таусылмас шаттық, байлығын!

Егей
Абыройың асқақ боп,
Жасай берші гүл елім!
Отыз жылдығың құтты боп,
Биіктей бер жыр елім!

Құлпынай

Отаным, Қазақстан,
Құтты болсын мерекең.
Тәуелсіз елміз отыз жыл,
Арта берсін берекең.

Расул
Өзіңді мақтан етемін,
Қазақстаным, Отаным!
Құтты боп отыз жылдығың,
«Жаса!» деп үн қатамын!

Айдос
Елім деп соғады жүрегім,
Жерім деп соғады жүрегім.
Отыз жылдығың биылғы,
Құтты болсын нұр елім!

Мөлдір

Бейбітшілік күн жаса,
Мерейімді асырып.
Тәуелсіз күнім жүз жаса,
Келеңсіз күнді жасырып.

Нұржақыт
Қазақ елім, Отаным!
Өзіңсің менің мақтаным.
Отыз жылдығың құтты боп,
Ата берсін ақ таңың.

Таңсамал

Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

Қымбат

Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Шұғыла

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

Айша

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын
Желтоқсанда шықты алаңға жастарын
Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік
Дербестікке кім сұрамақ басқа құн? 

Інжу

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Аслы

Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті бостандықты иеленгендер

Әділжан

Бостандық құтты болсын ерікті ел

Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен же

Әлинұр

Кең даласы , кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз еркін жанбыз, азатпыз

Ел намысын ешбір жанға бермейміз,

Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз

Ән: «Көктудың желбірегені»

Мұғалім:

Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.

Мөлдір:-Кез – келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған

Мұғалімнің сөзі:

Балалар, өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ.

1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы сесиясы « Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды.


Қорытынды:


Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды

қорытындылаймыз!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2021
738
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі