400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты. "Тәуелсіз елімнің ерлік жолы" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағаты мектеп мұғалімдеріне,студенттерге тәрбие сабақтарына қолдануға болады.Тәрбие сағатының мақсаты еліміздің тәуелсіздікке жету жолы туралы айтылған.Желтоқсан құрбандарының ерлік істері,оқушыларға үлгі ретінде берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

96 разъезд орта мектебі







Shape1





Өткізген: Коянбаева Гулжаухар

1 «ә» сыныбы
















2017– 2018 оқу жылы


Күні: 13.12.2017ж

Тақырыбы: Тәуелсіз елімнің ерлік жолы
Мақсаты:
Тәуелсіздік тарихына шолу жасау. Оқушыларды елжандылыққа ,
Отансүйгіштікке баулу.

Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова , Ербол Сыпатаевтың өмір жолдарымен танысу және артында қалған мұраларын қастерлеп, халық батырларының рухына тағзым ету.
Көрнекілігі: Желтоқсан оқиғасы туралы деректер беретін кітаптар көрмесі, баннер, қанатты сөздер, шарлар, ҚР-ның рәміздері, Н. Ә. Назарбаевтың суреті.
Барысы:
Мұғалім: Қазақстан тәуелсіз азат елім,
Кең байтақ , қасиетті туған жерім.
Таңдай қағып бар әлем тамсанатын,
Құдіретіңнен айналдым асыл елім.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Міне, алдымызда ҚР-ның тәуелсіздік мерекесі келе жатыр. Осыған орай бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Тәуелсіз елімнің ерлік жолы» деп аталады.

«Тәуелсіз елімнің ерлік жолы» атты тәрбие сағатымызды бастамас бұрын ҚР-ның әнұранын орындайық.

ҚР-ның Әнұраны орындалады.

Оқушылар біздің тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биыл неше жыл толады? - Ендеше Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығы құтты болсын! Сол Тәуелсіздікке жетеміз деп қыршын кеткен жастарымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық. (1 минут үнсіздік)

Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан еткен Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбираның аңсаған армандары мен үміт-тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.

Тәуелсіздік – қазақ елі үшін киелі ұғым.

Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың ерлігіңді сағың сынбай,
Көреріңді көрсең де азаппенен.

Ендігі кезекте оқушыларымыздың Тәуелсіздікке жету жолдарында айтылып кеткен өлең шумақтарын тыңдайық.

(Көк тудың желбірегені орындалып тұрады.)


Мұғалім: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым
.
1-оқушы:Ғалым

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады

2- оқушы:Нурислам

Көк аспанда нұрлы күн

Күлімдейді далама

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға

3- оқушы:Аян

Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай!

4-оқушы:Нұрмұхаммед

Бұлт баспасын күнімді

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды-

Қасиетті борышым

5- оқушы: Ажар

Бабам тұлпар жаратты

Құлынын да танып – ақ

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ

Мұғалім: Сол бір ызғарлы ерте түскен қыс, тоқырау тажалының табанында аяусыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызды әлі шыңылдатып тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де нәзік үнің естіледі. Сен тірі болсаң қазағымның мәдениетін дамытуда үлкен үле6- оқушы:Дильназ

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет төрінде

Нұр төгеді елтаңба

Ақ Орданың төрінде


7- оқушы: Динара

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға

Қалай оның елтаңбасы болмайды

Түлегіне дейін салса ен – таңба ?!

8 - оқушы: Айдос

Енді бүгін өлген туым тірілді

Әнұраным жалғап алды ғұмырды

Босағада қалып келген Елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

9- оқушы: Нұралы

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің!
10- оқушы: Кемеңгер
Егеменді ерікті ел екенбіз,
Жылдан - жылға кіргендей берекеміз.
Тәуелсіздік таңы атқалы жиырма алты жыл -
Халайық құтты болсын мерекеміз!

11- оқушы: Аружан
Тербетіп тұрса болды жер - бесігім,
Дәулеттің тілеймін мен көл - көсірін.
Көз тимей, кірбің түспей қабағына
Жалғыз - ақ,
Құтты болғай енді осы күн!
Ұлы дархан, Ұлы елім!

12-оқушы: Наурызбай
Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.


13-оқушы : Нұрбота
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

14-оқушы : Ерасыл
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 

16-оқушы : Б.Жанель
Тәуелсіздік жолында
Талай – талай тер төккен.
Билігім өз қолымда
Еркіндігім Елтаңбам.


17-оқушы: О.Жанель
Көк байрақтың бетінде
Қыран құстың бейнесі
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты, -

18-оқушы: Жансұлу

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Желтоқсан қаһарманы Қ. Рысқұлбеков жиырма екі-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті.

Елбең, елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақ сауыт киген темірден.
Алатаудай бабалар!
Аруағыңмен жебей көр.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең , алыңдар!
Атам десең, атыңдар!

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктеріміз. Сәйкестендіру арқылы жылдар мен атаулы күндерді анықтау.

Жылдар

Атаулы күндер

1991 жыл, 29 тамыз

ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1991 жыл, 2 қазан

Ұлттық валюта – Теңгенің айналысқа енгізілуі.

1991 жыл, 1 желтоқсан

ҚР тәуелсіздік күні

1991 жыл, 10 желтоқсан

Семей полигоны жабылды

1991 жыл, 16 желтоқсан

Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1992 жыл, 2 наурыз

ҚазақКСР - нің Қазақстан Республикасы болып аталуы.

1992 жыл, 4 маусым

Жаңа Ата заңымыз қабылданды

1992 жыл, 7 мамыр

ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

1993 жыл, 15 қараша

ҚР Қорғаныс министрі құрылды.

1995 жыл, 30 тамыз

ҚР мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Мұғалім: Егемен ел болдық қаһарман ерлікпен,
Бағымыз жанады , бауырмал елдікпен.
Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,
Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, елдікпен.

1991 жылы 16 желтоқсанда сан ғасырлар бойы армандаған ұлы күнге жеттік. Өз туымызды биікке көтеріп, әнұранымызды әуелеттік. Ата заңымыздың аясында бейбіт күннің шапағатына бөлендік. Әлемге аз уақытта танылған жасампаз бейбітшілік пен келісімнің қаласы Астанамыз мақтанышымызға айналды. Өз шекарамызды еншілеп, шет елдермен байланыс орнаттық.. Алпауыт елдердей ел экономикасы қарыштап дамып келеді.
Ән: Туған елім
Көрініс: Қайраттың ең соңғы сағынышты да қайғылы қоштасу хаты.
Мұғалім : Құтты болсын мерейтойым мерейлі ,
Бейбіт күннің нұры мәңгі сөнбейді.
Байрағымыз желбірейді биікте,
Мен қазақпын, қазақ атым өлмейді.
Егеменмін, тәуелсізбін, еркінмін,
Өсе берсін ұландары елімнің.
Қазақстан қарыштай бер гүлденіп,
Атамекен қастер тұтар киелім.
Елдігіміз бен бірлігімізді, ынтымақ пен татулығымызды айқындайтын егемендігіміз мәңгілік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Тәуелсіздігіміз баянды болсын!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі