Материалдар / Тәрбие сағаты Тәуелсіз Қазақстан! 10-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Тәуелсіз Қазақстан! 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарбие сағаты Тәуелсіз Қазақстан 10-сыныптар арасында өтілетін байқау 16 желтоқсан күніне арналған тәелсіздік туралы 4 кезеңнен түрады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2021
1141
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сайрам ауданы
Манкент ауылы
С.Рахимов атындағы жалпы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Максадова Наргиза Абдинабиевна


Тәуелсіз Қазақстан!

  Мақсаты: Қазақстан туралы білімдерін толықтыра отырып,өз ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйрену.

Міндеттері: 1) оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру;

2) ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, көркем әдебиетті сүйіп оқуға,

ізденімпаздыққа баулу;

3) оқулық пен қосымша материалдар деректерін пайдаланып,

ғылыми-танымдық әрекеттерін жетілдіру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.


- Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 10 сынып оқушыларымен өткізілгелі отырған «Менің елім,менің Қазақстаным! » атты сайысына қош келдіңіздер!

Қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін барлық өнердің басы деп санаған. Сөз өнері –халық даналығының жемісі. Әдебиет –халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі. Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін,білімдерін,ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.

Топты таныстыру.

Біреу озса сайыста,біреу артта қалады,

Ренжімей тараса,озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау,-

Ендеше ортамызда әдебиет,қазақ тілі,Қазқстан тарихы пәнідері бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымыз 10 сынып оқушылары қатысқалы отыр.

1-топ “Мәнгілік ел ”

(10-в)

2-топ Тәуелсіз Қазақстан

(10-А)


(Әділқазылармен таныстыру)

-Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар: ...

Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:

І. «Таныстырылым » кезеңі

ІІ. «Ой қозғау» кезеңі

ІІІ. «Бейнерөлік»

ІҮ. «Егер мен президент болсам...» (постер қорғау)


-Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан жеткізер,-деп сайысымыздың алғашқы «Таныстырылым » кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде сіздер өзіңдердің орындаған жұмыстарыңызды көрсетесіздер (Реферат,бүктеме,қабырға газеті ) 10 ұпайдан беріледі.

ІІ. «Ой қозғау» кезеңі


Оқушы ұяшықтықты таңдап,сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап бере алмаса, келесі оқушы басқышты басып, жауап беруге болады

10 ұпай

  1. Гимнді орында

  2. Рәміздерге нелер жатады?

  3. Елбасымыз жастар туралы не деген ?

  4. Қазақстанның астанасы болған қалаларды ата

20 ұпай


  1. Қазақстанда Саммит қашан өтті?

  2. ЭКСПО Қазақстанда қашан өтді?

  3. Қашан Елбасы Евроодаққа төраға болды?

  4. Ата заң қашан қабылданды ?

  5. Мемлекеттік гимн қашан өзгерді ?

30 ұпай

  1. Алматының бұрынғы атауы

  2. 1986 жылы не болды ?

  3. Астана күні қашан тойланадй ?

  4. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекет

40 ұпай

  1. Неліктен қазақ халқы қонақжай халық ?

  2. Неліктен Қазақстан көп ұлтты мемлекет ?

  3. Неліктен Елтаңбада жұлдыздың суреті бар ?

  4. Неліктен Қазақстан БҰҰ-ҒА мүше болды ?

50 ұпай

  1. Неліктен астана Алматыдан Астанаға көшірілді ?

  2. Неліктен Бәйтеректің ұзындығы 97 метр

  3. Неліктен Н.Назарбаев әлем елдерін көп аралайды ?

  4. Неліктен «Серпін» бағдарламасы қабылданған?



ІІІ. «Бейнерөлік»

Оқушылар бейнерөліктегі көрсетілімге өз ойын еркін ашық құнды пікірлерін білдіреді


ІҮ. «Егер мен президент болсам...» (постер қорғау)

Оқушылар егер президент болса қандай өзгерістер енгізетінін,қандай жұмыстар атқаратынын қағазға түсіріп дәлелдеп береді


Осымен сайысымыздың төрт кезеңі де аяқталды.

Болмасын ешбір сын – өкпе,

Әсері қалды жүректе.

Қазылар берген бағалар,

Ұштассын айтар тілекке!

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.


Демеңіз біз өнерді аяп келді,

Уақыт біраз жерге таяп қалды.

Көріскенше қош сау болып тұрыңыздар,

Осыменен сайысымыз аяқталды!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!