Көкшетау қаласы, «Техникалық
лицей КММ
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ
байлығым»
Дайындап өткізген: Боранбай
Ж.А
2020-2021 оқу
жылы
Тақырыбы: «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ
байлығым»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының
жеткен жетістіктері туралы оқушылардың
білгендерін ортаға салу. Оқушыларды туған жерін,
елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Туған жер туралы қанатты
сөздер, презетация, видео роликтер.
Тәрбие
сағатының түрі: ашық сынып
сағаты
Өткізілу барысы:
Мұғалім:-Егеменді Қазақтан! Ән ұраным
– жан ұраным,
Айтар
әнім – сөйлер сөзім, Туған жерім сағынарым.
Мәңгі
бақи шырқалады, Республика әнұраны.
(ҚР-ның Мемлекеттік Әнұраны
орындалады.)
Мұғалім: -Балалар біз қандай мемлекетте
тұрамыз?
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Бізге
қандай мейрам жақындап қалды?
-
Ендеше «Тәуелсіз», «Тәуелсіздік», «Тәуелсіз ел» деген сөздерді қалай
түсінеді екенбіз? Экранға назар салайық...
Видео-сұхбат. (Инабат, оқушылар,
ата-аналар, мұғалімдер)
Оқушылар:
Әдемі, Жансая, Сымбат, Әлібек.
Ата-аналар: Раушан Сәлімқызы, Қанат
Серікұлы
Мұғалімдер: Ғалымжан Муталлапович, Анар Жаңабергеновна,
Наталья Григорьевна
1 -
жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол
емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке
түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын - қыстау, даңқты
жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні
өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан
биік болсын.
2 –
жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету
үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған
жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы
оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ
жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап
етті.
Тәуелсіздік құрбандары
жайлы деректі видео
Мұғалім: Иә, бұл күн - Қазақстан
тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын
әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.
Қазақстан елінің осындай дәрежеге жету үшін шәйт болған
құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске
алайық.
Желтоқсан құрбандары бір
минут үнсіздікпен еске алынады.
Мұғалім: Өздерің көріп, естіп
отырғандай қаншама қазақтың қаны төгілді. Міне осындай
тәуелсіз, азат өмір сүру үшін қаншама қиындықтар
көрді.
Ал, сендер балалар
желтоқсан оқиғасына арналған қандай өлеңдерді
білесіңдер?
1.Асанали: Желтоқсан –әйгілі күн
,
Ерттеп
мініп ар-ождан сәйгүлігін,
Ерлерім
ерлік үшін атой салып ,
Еншілерін
қайтарған бәйгелі күн.
Желтоқсан-тағдырларға азалы күн,
Қайраған
намыстарын мазалы мұң.
Қыршынынан қиылған боздақтары,
Қалар
мәңгі есімде қазағымның.
2.
Жанель: Желтоқсан –қайсар ерлік,
қуатты күн,
Жігер оты
маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған,
Тәңірімде
желтоқсан шуақты күн.
Желтоқсан
– жадымызда жаралы күн,
Жастарым
жапа шеккен жаралы мұң.
Еркіндік,
егеменді елдігімді ,
Емірене
аңсады саналы ұғым.
3.Ажар: Отан деген отбасынан
басталар
Отбасыма
от салмасын басқалар
Отан
деген қасиетті, киелі
Отан
десем оянады асқақ ар!
4.Алинур: Қазақстан – Тәуелсіздік
бесігі
Басқалардың тимесінші кесірі
Елдің
көшін өрге бастап барады
Нұрағаңмен егіз болар есімі
5.Мадина: Қазақстан-Тәуелсіздік
бесігі
Бесігімде
тербеледі дос үні
Ұлттардың
ұйып тұрған ұясы
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!
6.Сабина: Тігілген соң Ақ Орда –
шаңырағың
Тұғырыңа
қонуда сан қыраның
Отан
деген оранып от құшаққа
Кәусарыңа
шөлімді қандырамын .
7.Димаш: Бақтың құсы әр адамға қонып
бір
О тәңірім
бізді баққа жолықтыр
Бүгін
міне, тәуелсіздік ағайын
Әр
қазақтың жүрегі боп соғып тұр.
8
Алина: Он
алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған
күн.
Мерекеге ел
тосқан
Шырқатып ән салған
күн.
1 -
жүргізуші: Осындай бірнеше ғасырға
жалғасқан бостандық , Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының
тілегі орындалып 1991 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік күні болып
тарихқа енді . Осындай сан ғасырлық тарихында қаншама бейнет көрсе
де халқымыз ешқашанда мойымаған. Тәуелсіздік таңы атып , еліміздің
қанаты жайылды , төбемізде туымыз желбіреп , өз Елтаңбамыз
төрімізден орын алды. Тұңғыш өз Отанымыздың Елбасы сайланды.
Ордабасы- Астана бой көтерді.
2 –
жүргізуші: Ең алғаш
Тәуелсіздікті алған жылы елімізде мына тал секілді жер қойнауынан
басқа Тәуелсіздікті білдіретін ешқандай нышанымызда,
заңымызда жоқ еді. Ата-бабамыздың сан ғасырлық арманына қол
жеткізген тәуелсіздік таңын 29
жылда
қандай өзгерістер болғанын айта отырып , 1991-2020 жылдар аралығын
таразыласақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК
ШЕЖІРЕСІ
Мұғалім: Міне балалар Тәуелсіздік
шежіресіне көз салсақ, еліміз 29 жылды артқа тастаған екен.
Тәуелсіздік жылы дүниеге келген ұл-қыздао қазір 29 жаста екен. Бұл
адамзат өмірі үшін біраз жыл, ал тарих сахансында бұлы жыл аз болып
есептеледі. Біздің еліміз жас ел, өсіп өніп, көркейіп , сұлуланып ,
дамып келе жатқан дербес ел. Ал енді аздап ойымызды сергітіп ,
сөзжұмбақ шешейік.
Сөзжұмбақ: «ТӘУЕЛСІЗ
ЕЛ»
Мұғалім:
Ойымызды
сергіттік, енді Эмиль деген оқушымыздың тәуелсіздікке арнаған
өнерін тамашалайық. Бұл оқушымыз скрипкада «Балмұздақ» деген
туындыны орындап береді. Қабыл алайық...
Толстун Эмиль «Балмұздақ»
туындысы
Мұғалім: Тәуелсіз елдердің ең қасиетті
құндылықтарының бірі ол халқы, ана сүтімен бойға дарыған ана тілі.
Біздің еліміздің де бағалы құндылығы ол мемлекеттік тіліміз - қазақ
тілі. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қасиетті тілімізді қолдау
мақсатында республикалық челендж өтіп жатыр. Осы іс-шараға біздің
облыстан көптеген оқушылар қатысуда. Солардың ішінде біздің
сыныптан Ілияс, Ералы, Альмансур деген оқушылар да бар. Олай болса,
олардың республикалық челенджге жіберген өлеңдеріне назар
салайық....
Ералы, Альмансур, Ілияс
(видео)
Мұғалім: «Тәуелсіздік» деген қасиетті ұғым, оқушылар.
Тәуелсіздіктің қадірін, қасиетін біліп, оны бағалау біздің
парызымыз екенін еш уақытта ұмытпауымыз қажет. Еліміздің
өркендеуіне біз де өз үлесімізді қосуда күш-жігерімізді аямауымыз
керек. Қазақстан деген ортақ үйімізде әрдайым тыныш, бейбіт заман
болуын тілейік. Тыныштық, бейбітшілік , отан туралы тақпақтарын
айтамын деп, дайындалып отырған оқушыларымыз бар екен, оларды
тыңдайық...
9.Ілияс:
Орнасын
бар әлемде тыныш заман
Өмір
сүрсін теңдікте барлық адам.
Зу етіп
өте шығар бұл жалған да,
Аман
жүрсін бар қауым тыныс алған.
10.Арайлым:
Республикам, менің мәртебем.
Сан
дауылдарға қайыспай қалған қарт емен.
Жеті қат
көкке жетпей ақ тұр –ау сәл төбең,
Туыңды
төмен түсірмей алға тарт, өрен.
11.
Осман:
Абай
туған, Сәкен туған,
Құрметте
достым, қазақтың жерін.
Қамбаға
жылда мол астық құйған,
Қазақстан
Республикам менің!
12.
Арыстан:
Тәуелсіздік – тартуы ол
тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым
бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы
халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым
бұл.
13.
Қажымұқан:
Тәуелсіздік – бабам берген
аманат.
Тәуелсіздік келешектің
кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін сені
бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің
өтілі.
14.
Айым:
Тәуелсіздік – тәубе екен
бүгінде.
Тәуелсіздік – тәубе сенің
барыңа,
Тәуелсіздік әр сәбидің
үнінде.
Тәуелсіздік әр қазақтың
жанында!
15.Амир:
Тәуелсіздік мақтанашым,
Бізге бақыт
сыйлаған
Бейбіт күнде мен
тынышпын,
Әрбір таңым нұр
маған.
1 -
жүргізуші: Қазақстан -қазақ
халқының атамекені. Осы тұғырлы орданың айбарлы есімін естігенде
сан қилы күй кешеміз. Асқар таудың биік белесінен жайнап бүкіл
әлемге қуаттана қарап, өзін мәңгілікке хабарлап тұрған, тұғырын тот
баспайтын ел екенін мақтанышпен сезіп
қуанамыз...
2 -
жүргізуші:Болашақта Қазақстанымыз
әрі қарай дамып, әлемдік аренада өз орнына ие болады деп нық
сенеміз. Бар игілігіміздің бастауы болған Тәуелсіздік күні
барлығымызға құтты болсын!
1 -
жүргізуші:
Тәуелсіздік 11 әріптен құралған,
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман
.
Талай дара, даналардың көз жасы,
Қаныменен атты таң боп бізге
алдан.
2 -
жүргізуші:
Тәуелсіздік - қасиетті ұғым
бұл,
Ей, келешек, жан - тәніңмен
үғып біл.
Он бір әріп не мағына
береді,
Ал талдайық жеткенінше қызыл
тіл.
Т - білдіреді
теңдікті.
Ә - әдептілік
ерлікті.
У - уайымсыз,
уақытты.
Е - егеменді,
елдікті.
Л - дейді лағып,
лепірме.
С - сенімділік , секілді
ең.
І - ілтипат пен ізет
қой.
З - зиялылық тілек
қой.
Д - шақырады
достыққа.
І -ілкімді бол
сақтыққа.
К - дейді күн боп
көктегі.
Барлығы бірге: Тәуелсіздік күні құтты
болсын!
Ән:
«Қазақстан» орындайтындар: Жанатұлы Алихан, Толстун
Эмиль
Қорытынды: - Сабағымызды аяқтай
сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап,
бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін»
атты өлеңімен қортындылағым келеді:
Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты,
Қырандай
күшті қанатты – мен жастарға сенемін!
Мен
сенемін жастарға: Алаштың атын аспанға
Шығарар
олар бір таңда, мен жастарға сенемін!