400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік - тірегім" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне байланысты өткізілген тәрбие сағаты 2 сынып мұғалімдеріне көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 11.12.2018 ж

Тақырыбы: Тәуелсіздік - тірегім
Мақсаты:
- Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
- Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, тақырып, шарлар .

Жүрісі:

Құрметті: Ата аналар, ұстаздар, оқушылар!

Тәуелсіздік мерекесіне арналған 2 ә сынып оқушыларының «Тәуелсіздік- тірегім» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Барлығыңызды келе жатқан тәуелсіздік мерекесімен 2 ә сынып ұжымы атынан құттықтаймын.


Мұғалім сөзі
1986жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқа қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

Іңкәр: Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға

Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

Шұғыла: Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады.


Нұркен: Болмасам да сол кезде мен сеземін

Жүректе намыс оты сөнбегенін,

Ызғарына аяздың төзгендерін,

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.


Іңкәр: Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

Желтоқсанда шықты алаңға жастарың

Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік

Дербестікке кім сұрамақ басқа құн? 

Гүл: «Нашақор»- деп, «ұлтшыл»- деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп, бір түнде
Қайғыға халық батқан күн.

Көрініс: Қайрат пен тергеуші

Тергеуші: Ізбасқан
- Сен 13 - желтоқсан күні, сағат 10 - да қайда болдың?

Қайрат: Мансұр
- Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде

Тергеуші:
- Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.

Қайрат:
- Мен оны көргенім жоқ.

Тергеуші:
- Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.

Қайрат
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).

Видео «Желтоқсан желі ызғарлы»

Мұғалім:

- Дүниені дүр сілкіндірген 1986жылы болған желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22 - ақ жыл ғұмыр кешті. Ол елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы

9 - желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.

Зере: Әр қазақтың есінде сақталады 
Желтоқсандық өрендер ақталады 
Ел намысын қорғаған сарбаздарым 
Ерліктерің мәңгілік сақталады. 

Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

«Тәуелсіздік – тірегім» оқитын Дарқан Қымбат

Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық,

Әрбір істі зердеге алып қарайық.

Тәуелсіздік жолына жан пида еткен,

Ерлерімізді есімізге алайық.


Жүрмейікші жүнжіп босқа түнеріп,

Еске алайық, есімдерін білелік.

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,

Алмайықшы екі қолдан жіберіп.


Жиырмадағы жалындаған жасында,

Қаншама жас азап шекті расында.

Желтоқсанның ызғары өтіп кеудеден,

Қарсы тұрды Колбин қосқан қосынға.


Соны ойласам елжірейді жүрегім,

Өздері өліп, қорғап қалды Ұлы елін.

Желбіресін көк байрағы халқымның,

Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім.

«Елім менің» әні орындайтын Жанас Шұғыла


Мұғалім: Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті, тәуелсіздікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.


Нұркен: Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік.

Сабира мен Ләззаттың

Арымен келген еркіндік

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік.

Аружан: Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаға.

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолына

Менің Қазақстаным!


Ізбасқан: Тәуелсіздік еліміз

Мәңгі жасар жеріміз.

Тәуелсіздік жасаған

Аға, Әпкелеріміз.


Зере: Көк аспанда тулардың 
Желбіреген күні - бұл, 
Елім деген ұлдардың 
Елжіреген күні - бұл. 

Мансұр: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.



Флешмоб «Алға, Қазақстан»



Гүл: Тәуелсіздік елдеміз,

Қуанамыз күнде біз.

Ата-бабам қалдырған,

Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!



Қымбат: Тәуелсіздік – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егемен, сан ұлты бар.


 Аружан: Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

27 жасың құтты болсын нұр елім.

27 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан жасай берші гүл елім.


Шұғыла: Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, 
Алдымызда барлық үміт ақталсын 
Тату – тәтті бірлік болып қашанда 
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. 

Хор: «Тәуелсіз ел ұланым»

«Тәуелсіздік – жыр-әнім» оқитын Аманқауысұлы Мансұр

Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,
Ел іргесі берік болсын – ұраным.
Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну,
Салт-дәстүрім – қолдан түспес құралым.
Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?
Тәуелсіздік, ар-ожданың кісілік,
Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп,
Ел жұртыңның алма құнын түсіріп!
Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным,
Тәуелсіздік, сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік, ақ батасы атаның.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным,
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным!

Сұрақ-жауап

1.Желтоқсан жұлдыздарын ата.  

2.ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл)

3.Әнұранның авторлары кімдер? (сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев,

әні: Ш.Қалдаяқов)

4.16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)

5.Тудың авторы (Ш.Ниязбеков )

6.Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы сайланды? (1991ж)

7.Елтаңбаның авторларын ата.   (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібекұлы)

8.Мемлекеттік рәміздер?.

9.Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?

10.Қазақстан қандай мемлекет?

11.Президент күні қай күн?

12.Астанамыз?

13.Бәйтеректің ұзындығы неше метр?

Мақалдың жалғасын тап!

1.Отан- … (отбасынан басталады).

2.Туған жердей жер болмас,… (Туған елдей ел болмас)

3.Ердің көркі-ерімен… (Отан көркі-жерімен)

4.Ел іші…         (алтын бесік)

5.Жері байдың …        (елі бай)

6.Батыр туса-ел ырысы, …    (Жаңбыр жауса-жер ырысы)

7.Отансыз адам-…      (ормансыз бұлбұл)

8.Ел елдің бәрі жақсы, ... ( Өз елің бәрінен жақсы )

9.Туған жердің қадірін ... ( Шетте жүрсең білерсің )

«Атамекен» әні орындайтын Нұртасқызы Зере

«Қазақ биі» орындайтын Дархан Қымбат

Балалардың тілегі.

– Еліміз тыныш болсын!

- Көк туымыз желбірей берсін! т.б

Хор: «Көк тудың желбірегені»

Қорытынды.









Тасшағыл орта мектебі













Тәрбие сағаты



Тақырыбы: Тәуелсіздік - тірегім



Сыныбы: 2 «ә»



Өткізген: Кабдрахманова Гүлбаршын








2018 жыл









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
10503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі