жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім!
Юлдашева Чарос Мирабдивахобовна
Шымкент қаласы Қаратау ауданы Хамза атындағы №108 ЖОББМ
Тақырыбы: Тәуелсіздік -тірегім, Қазақстан- жүрегім!
Тәрбие сағатының
мақсаты:
1. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі
жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін
дәлелдеу,білімдерін кеңейту;
2. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік
құндылықтарын дамыту;
3. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік
рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын
қорғауға,елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға
тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының
көрнекілігі: Қазақстан туралы бейнеролик, Қазақстан Республикасының
рәміздері, буклеттер, мақал-мәтелдер.
Тәрбие сағатының
барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер
Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын! Отбастарыңызға бақыт, береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін! Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Әнұран орындалады.
Оқушыларға сұрақтар.
Қазақстан туралы не білеміз? Оқушылар жауабы.
Топқа бөлу: І топ- Бірлік, ІІ
топ-Достық
- Қандай тарихи оқиғаларды білеміз?
І топ. 1-оқушы:
Қазақ елі еркіндікке жету үшін қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Еліміздің мыңдаған жылдық тарихы бар.
Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған.
2-оқушы Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылады. Керей мен Жәнібек бастаған саясат елді жаудан қорғады.
3-оқушы.
Қазақ хандығы 1465-1847 ж. Аралығында өмір сүрген мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейін , Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын қамтыған. Қазақ хандығының тұңғыш ханы-Керей, соңғы ханы-Кенесары Қасымұлы.
- Ал екінші дүниежүзілік соғыс туралы не білеміз?
4-оқушы:
1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады.
5-оқушы: Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 де болған еді.
Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды.
6-оқушы:
Міне, содан бері 76 жыл өтті. Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес.. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.
-Желтоқсан көтерілісі туралы не айтуға болады?
7-оқушы
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың
есінде мәңгі сақталады.
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан
тәуелсіздігін талап етті.
8-оқушы:
1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.
1-оқушы
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
2-оқушы:
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Би: Қамажай
-
Тәуелсіз мемлекеттің рәміздеріне тоқталайық.
ІІ топ.
1-оқушы: 1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың
Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Бүгін әрбір мемлекеттің
ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба,
Әнұран.
2-оқушы Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республикасының да
өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың
міндеті.
3-оқушы. Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды
білдіреді. Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков.
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота
Уәлиханов. 4-оқушы: Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі, рухы толық танылуы керек.
Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырағың
биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы
тілек негізге алынған.
5-оқушы Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын- Жұмекен
Нәжімеденов және Н.Ә. Назарбаев.
Әнін жазған - Шәмші Қалдаяқов.
6-оқушы: Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай.
7-оқушы:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді.
8-оқушы: Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі.
1-оқушы: Матаның сол жағында ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықты белгісі.
2-оқушы: Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкке қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
3-оқушы: Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін азатпын.
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп,
Алатаудай көкке өрлеген
азатпен.
4-оқушы: Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде,
Нұр
төгеді Елтаңба -
Ақ
Орданың төрінде.
5-оқушы:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.
6-оқушы:
Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
-
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан туралы не айта аласыз?
І топ.
1-оқушы: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Біз сол өркениетке қадам басқан тәуелсіз елдің ұланымыз.
2-оқушы: Біздің ел тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды. Еліміздің бірлігін, ұланғайыр даламыздың тұтастықтың қорғайтын құжаттар мен шарттарға қол қойылды.
3-оқушы: Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз.
4-оқушы: Тәуелсіздіктің ең басты жемісі – еркіндік. Кешегі бабалар қаны тамған сайын дала төсінде бүгін Нұр-Сұлтандай алып шаһарымыз бой көтеріп әлемдік аренадан көрінсе, 7-қысқы Азия ойындары, ЭКСПО-2017 көрмесі тәуелсіздігіміздің тамаша жетістіктері емес пе?
Би: Кавказ халық биі
ІІ топ.
1-оқушы: Көк аспанда нұрлы күн
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк
балаға.
2-оқушы: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле
бер.
Мерейің құтты
болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы
болшы келе берер!
3-оқушы: Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты
иеленгендер.
4-оқушы:16-желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Ән: Жаса, Қазақстан
Рефлексия: « Үш ойлау жұлдызы» стратегиясы
Қорытынды: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына
қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік
Елордамызды тұрғыздық.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлде қайда
қиын.
Тіршілік тезіне төтеп бере
алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.
Елбасымыз өзінің жолдауында: Байлығымыз да, бақытымыз да болған
Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз
керек,- деп айтып кеткен
болатын.
І топ. Кешіміздің соңында барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймыз.
ІІ топ. Әрқашанда аспанымыз ашық болуын, еліміз аман, жұртымыз тыныш, барлық ұлттар тату-тәтті өмір сүруін тілейміз.
Мереке құтты
болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген