"Тәуелсіздік-
тұғырым"
Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай
отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына
еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін
қалыптастыру.
балаларға Тәуелсіздік күні жөнінде түсінік
беру. Ол неге аталып өтіледі? Еліміздің қандай рәміздері бар?
Балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «Отан" туралы
түсініктерін кеңейту. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін
ояту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге
үйрету.
Тәрбиелік іс - әрекеттің
көрнекіліктері: Рәміздер суреттері,
слайдтар,
интербелсенді тақта. Тақтада тақырып пен
Желтоқсан құрбандарының
суреттері.
Барысы:
Жүргізуші:
- Құрметті ата - аналар, қонақтар! 16 -
желтоқсан Еліміздің Тәуелсіздік күніне орай дайындаған "Жұлдыз"
және "Қызғалдақ" ортаңғы тобының ертеңгілігін тамашалауға қош
келдіңіздер! Барлығыңызды мерекеңізбен құттықтаймын! Кішкене
бөбектеріміз сіздерді қуанта берсін! Еліміз тыныш, дендеріміз сау,
аспанымыз ашық болсын!
Мұз жастанып азаматтық
жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды
қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді,
қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да
жолында
Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың
жүректе
Ұрпақ өсер айналатын
тірекке
Егемендік тиді міне
еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ
тілекке.
Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып,
кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен
ашады.
Әнұран
айтылады.
- Балалар біздің ұлтымыз
кім?
- Балалар біздің мемлекетіміз қалай
аталады?
- Қазақстан қандай
мемлекет?
- Елордамыз, бас қаламыз қай
қала?
-Қазақ елін кім
басқарады?
Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздер
пайда болды.
- Еліміздің рәміздерін кім атап
береді?
-Ту, Елтаңба,
Әнұран
-Туымыздың түсі
қандай?
-Туымызда нелер
бейнеленген?
-Елтаңбамызда нелер
бейнеленген?
-Біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді
тойлаймыз?
-Өте жақсы балалар сендер өте білімді
екенсіңдер.
Енді балаларымыздың тақпағына кезек
берейік.
Әли:
Тәуелсіздік – ел
болу
Ынтымақпен өрге
озу.
Еркін және өзге
елмен,
Терезесі тең
болу.
Ақжан:
Желтоқсанның
ызғары-ай
Кірпікке қатқан
мұздар-ай
«Елім-ай» деп
егілген,
Қаһарман ұлдар,
қыздар-ай
Диас:
Мереке бүгін ұлы
күн
Бабалар рухы
көксеген
Азатты елдің
ұлымын.
Теңескен төбем
көкпенен
Жаннұр:
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
Әлинұр:
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
"Жұлдыз" тобы
тақпағы
Хор: "Ел басы-ел бағы"
әні
Би:"Құстар " биімен "Жұлдыз " тобы бишілерін
қарсы алыңыздар.
Жания:(Алтын
адам)
Жас ұрпақ сенің сақ
бабаң
Алтынға мені
ораған.
Өйткені оның ең
қымбат
Тәуелсіздігін
қорғағам.
Аружан:(Қыран)
Өр кеуде алғыр
қыранмын
Биіктік мәңгі
қыраным.
Қиянды шарлап
самғаймын
Еркіндік менің
ұраным.
Аягөз:(Пырақ)
Мен пырақпын,қанаты бар
тұлпармын
Көз талдырар биіктікке
құштармын.
Ұста мықтап қанатымнан,мен
сені,
Мекеніне жеткіземін
құстардың.
Альбина:(Барыс)
Таулардың мекендеген қарлы
шыңын
Киелі Азияның
барысымын.
Оты бар кеудесінде
ұл-қыздарды,
Жеңіске жетелейтін
намысымын.
Ілес:
Әр қазақтың есінде
сақталады,
Желтоқсандық өрендер
ақталады.
Ел намысын қорғаған
сарбаздарым
Ерліктерің мәңгілік
сақталады.
Айдана:
16
желтоқсан
Тәуелсіздік алған
күн
Ерекше боп
мәңгілік
Ел жадында қалған
күн.
"Жұлдыз" тобы
тақпағы
Би: "Қызғалдақ" тобы бишілерін "Алға
Қазақстан" биімен қарсы
алаңыздар.
Інжу:
Мерекеге
шығады
Бүкіл халық біліп
қой.
Отандастар
ұғады
Тәуелсіздік-ұлық
той.
Айару
Молдағали:
Елдігімнің-
реңі
Теңдігімнің-тірегі
Мүддесінен
халықтың
Ажырамас бір
елі
Алтын заңым-арай
таңым!
Іңкәр:
Әділеттің
ұраны
Ақиқаттың
шырағы
Тыныштықтың туы
боп
Зор салтанат
құрады.
Айару:
Тәуелсіздік мәңгілік
сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен
жақталсын.
Нұрсезім:
Енді міне біз тәуелсіз ел
болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық.
"Жұлдыз" тобы
тақпағы
Жүргізуші:
Туымызға
көгілдір,
Бір қарамай
өтпейміз.
Сол көк Тудың
астында,
Көгереміз,
көктейміз
Тәуелсіздік таңын сүйем
.
Таңмен бірге келді ме
өлең.
Көк туына басымды
ием,
Көгімізде желбіреген. - дей келе "Көк тудың
желбірегені" әнін қабыл
алыңыздар.
Туған халқымыздың тарихын, батыр
ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын
ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп,
елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға
біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер
тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің
білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа
- ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті
қонақтар естиярлар тобының дайындаған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты
ертеңгілігіміз аяқталды.
№
9 орта
мектеп
Тәрбие
сағаты
"Тәуелсіздік-тұғырым"
Өткізген:Н.Амантурлина
А.Алиева
2017-2018
оқу жылы