Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Тәрбие сағаты «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы» 5 сынып
Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
10 Қараша 2018
1286
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы»Мақсаты: Тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың шейіт болғандарын жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту; 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Тәуелсіздік монументінің суреті, Желтоқсан құрбандарының суреттері, тақырыпқа байланысты қанатты сөздер.Барысы:Мұғалім: Атыңнан айналайын егемен ел, Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер, Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік! Ғасырдың тойы болшы келе берер. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы» атты кешімізге қош келдіңіздер! Шарықта, шарла көкті көк байрағым, Арманым, Азаттығым, көпке айғағым. Мен сенің салтанатты сағатыңа Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым. Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым. «Әнұран» Мұғалім: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Ән: «Туған ел» Орындайтын: Меңдібай АйданаМұғалім: Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді,қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы бір зер салайық. Көрініс: «Егемендік деген не?» (Атасы мен немересі. Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата - бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?Немересі: - Ал, ол қандай болған?Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін.Болмаса да оқыған тарихшы атаң,Жинады ескілерден тарих хатын.Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,Айтылған аталардың аманатын. (желтоқсан оқиғасы туралы видео - ролик)(атасы мен немересі ойланып отырады)Немересі: Ата, ата біз мектепте тәуелсіздік туралы өлең жаттадық. Айтып берейін бе?16 – желтоқсанЕл мерейі тасығанҚазақ деген қалың жұртБәрін кешті басынанЕстісін ел үніңдіДүние түгел естісінТәуелсіздік туыңдыБиік көтер, жас ұлан!Атасы: Иә, балам... Қазақ халқы басынан не өткермеді дейсің.Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің. Тәубә. Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?Атасы: - Егемендік – деген....Көптен бері естілмеген ерен сөз,Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,Көркем жігіт болып өссе көген көз.Егемендік ел болудың белгісі.Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемен Еліміздің өткенін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым!Нурия: Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан желтоқсан оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас аға - апаларымыз құрбан болды. Біз әрдайым Қайрат ағамыздың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз. Мұғалім: Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз. Мұғалім: Бабадан қалып жеткен көрегендік, Еркіндік жастығында өлең өрдік. Арқалап аманатын келіп жеткен, 25 жыл! Құтты болсын егемендік! Тарих толқынында толқып отырып, телегей теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толды. Мереке құтты болсын! Ендеше 5 «В» сыныбының тәуелсіздіке арнап жасаған презентациясына назар аударайық. (Презентация таныстырады) АйданаАйдана өзінің баяндамасынан сұрақ қойады. Оқушылар жауап береді.Мұғалім: Ендеше, қарсы алыңыздар! Сахнада ән: «Мен қазақпын» Орындайтын Джумагулов Бекарыс«Ән көңілдің ажары» демекші, қол соғып қошеметтеп отырыңыздар. 25 жыл ішіндегі еліміздің жеткен жетістіктері тізбектелген бейне-роликке назар аударыңыздар! (4 минуттық бейне-ролик) Керемет! 25 жыл ішінде қаншама жетістікке жеттік, көптеген қиындықтарды бастан кештік. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Мұғалім: Келесі кезекті тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған өлеңдерге берсек:Тақпақтар.Келесі кезекті Сапаров Алибек Тәуелсіздікке арнаған өлеңін оқып бермекші.Мұғалім: Шабыттарыңыз шарықтай берсін, ақындар! Ал құрметті ұстаздар, оқушылар өлеңге сусындап алған болсаңыздар, ортаға мың бұралған бишілерді шақыруға рұқсат етіңіздер. (Ортаға шығып қыздар би билейді) ҚамажайМұғалім: Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл, Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл. Он бір әріп не мағына береді, Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл. ТӘУЕЛСІЗДІКҚорытынды: Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде : «Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» - деп айтып өйткендей. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. 5 «В» сыныбының орындауында: Флешмоб! Алға Қазақстан!
Құрметті мектеп ұжымы, ұстаздар, қонақтар және де оқушылар. Бүгінгі «Тәулесіздікке тағзым» атты кешіміз мәресіне жетті.Елдің ертеңі жарық болсын! Келесі кездескенше аман болыңыздар!
Құрметті мектеп ұжымы, ұстаздар, қонақтар және де оқушылар. Бүгінгі «Тәулесіздікке тағзым» атты кешіміз мәресіне жетті.Елдің ертеңі жарық болсын! Келесі кездескенше аман болыңыздар!
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)