400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: Тәуелсіздік -тұғыры биік болсынІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты тақырыбы: «Тәуелсіздік – тұғыры биік болсын!»

Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық киімі, Залдың іші мерекеге сай безендірілген,жалаушалар, шарлар, билборд «Тәуелсіздік – тұғыры биік болсын!»»

Тәрбиеші: Құрметті «Іңкәр-Ай» балабақша ұжымы,ата-аналар,балабақша бүлдіршіндері! Бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған,сол жылда дүр сілкіндірген  Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған  «Тәуелсіздік – тұғыры биік болсын!» атты  ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар сүйікті балалар!Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 27 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші,өмір 27 жылда біраз өзгеріске ұщырады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп,өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі біз бүлдіршінбіз яғни сендерсіңдер. Сәби күлкісімен ана мейірімінің  сәні ешқашан бұзылмасын.

Айдын: Біз Қазақтың баласы

Дені сау салауатты

Біз-ұлттың болашағы

Білімді де сауатты

 

Әлижан: Отан- жерім, Отан- суым,
                          Отан  қуат, нәр береді.
                          Отан- ұран, Отан- туым,
                          Отан мәңгі гүлденеді 

 

Айзере: Шырқап  көкке  аспан – ән,
                           Болашаққа  бас  қадам.
                           Қазақ  рухын  биіктет,
                            Ей, бас қалам- АСТАНА !

Ән: «Шежірелі Қыркеңсем»


 Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. 

Алия: Айнымайды   аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Әділет: Елтаңбасы  елімнің,
              Неткен  әйбат, әдемі!
              Тұнығындай  көңілдің,
                Ортада- аспан  әлемі.

Арман: Ақ  ниеті- алтын күн
                            Асқақ арман – қыраны.
                            Жалауы бұл- халқымның,
                             Мәртебесі, мақтаны

Айдос: Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын,өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!


Ән: «Ел қорғауға әзірміз» Орындайтын Дархан


 Әзия: Қазақстан –сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.

Көк байрағы , елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді , сан ұлты бар.


Би: Қаражорға Билейтін ер жігіттеріміз


Досымхан: Өзіңдікі туыңда

От пен ауа,суың да

Жаса Қазақстаным

Белді бекем буын да!

Ән:Қазақстаным


Алибек: Балабақша серпін нық,

Көкке атанды бөркін жұрт.

Тәуелсіздік – ынтымақ,

Тәуелсіздік еркіндік.

Ән «Анашым»


Абылайхан:

Балабақша серпін нық,

Көкке атанды бөркін жұрт.

Тәуелсіздік – ынтымақ,

Тәуелсіздік еркіндік

Ән: Қошақаным

 Тәрбиеші: Туған халқымыздың тарихын,батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін,жеріміздің байтақтығын,байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап,көкейге түйіп,елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз,басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ,бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті,жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді,дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа- ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар біздің дайындаған «Тәуелсіздік – тұғыры биік болсын» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Хор: «Біз өмірдің гүліміз»


 

 

 Керімханова Фатима Тұрсынбайқызы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,

Әбдіғаппар ауылы, «Іңкәр-Ай» балабақша тәрбиешісі








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
1357
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі