400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Тәуелсіздік – тұғырым 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан,туған жер ұғымын нақты түсіне алады, отанын сүюге тәрбиеленеді,өз бетімен тапсырма орындайды,білуге машықтанады, ойларын тиянақты жеткізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәуелсіздік – тұғырым сынып сабағы


Амирбекова Шарипа Базарбековна

№ 25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы

бастауыш сынып мұғалімі

Шымкен қаласы


Сабақтың тақырыбы : Тәуелсіздік – тұғырым

Сабақтың мақсаты: оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен таныстыру. Елін, жерін, тілін құрметтейтін, адамгершілігі мол , елінің мұрасын жалғастыратын,өз отанын сүйетін тұлғаны қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Отан,туған жер ұғымын нақты түсіне алады, отанын сүюге тәрбиеленеді,өз бетімен тапсырма орындайды,білуге машықтанады, ойларын тиянақты жеткізеді.

Әдіс тәсілдер: Топтық жұмыс, «Жүректен –жүрекке», «Конверттегі сұрақтар» әдісі, «Кластер әдісі», «Адасқан сөздер» ойыны, «Еліме тілек» ойыны

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сюжетті суреттер, стикерлер,плакт ,карта

Сабақтың барысы :

а) оқушылармен амандасу

ә) сабаққа даярлықтарын тексеру

б) оқушыларды топқа бөлу

1. Ынтымықтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушылар шеңбер құрып, бір- біріне сәттілік тілейді.

Қайырлы таң достар

Қайырлы күн болсын

Бүгінгі күн сәтті,

Сәттілікке толсын.

а) таңдаған гүлдерінің түсіне қарай 4 топқа бөлінеді.

ә) Әр топқа конверттегі жұмбақ өлең беріледі.

Өлеңнің жауабы әр топтың атауы болады.

Әр топ өзінің атын қорғайды.

1 топ

Көк теңіздей шалқыған

Көкірек жауар шымқай өң.

Көрген жерден елітер

Көркем өрнек, кең көңіл

Көл пейілге кенелтер

Тәжім етіп бас иер.

Ол не ? _________


2 топ

Көгілдір көктің жүзінде

Шаңырақ-күн, уық нұр

Мәңгі сөнбес күйінде

Маңдайда жұлдыз туып тұр.

Қуат отын қоздырған

Қос қанатты пырағым

Хас тұғырға қондырған

Қазақстан ұраным

Ол не? __________


3топ

Жан дауысы халқымның

Шабыттана шырқалар

Киелі сөз сазды әуен

Шырқағанда нұр тамар.

Беріле тыңдап егіле

Жанып тұрар мың жанар

Ол не? __________


2. Сұрақ-жауап әдісі

1. Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?

2. Елбасымыз кім?

3. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Биыл тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлаймыз?


Тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?

Еліміздің басынан азапта, аштықта, соғыста өтті. Бірақ мойымады, күресе білді. Азаттық таңы ататынына кәміл сенді.Енді өткен кейбір тарихи оқиғаларға шолу жасайық

« Азаттық таңы» слайд көрсету.

3. « Сергіту сәті» « Адасқан сөздер» ойыны

Екі топқа кеспе қағаздағы сөздерді беремін . Сол сөздерден мақал құрастырып, мақалдың мағынасын ашады.

  1. Отаны бірдің жүрегі бір ,

Жүрегі бірдің тілегі бір.

  1. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

4.Сұрақ- жауап әдісі

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі қандай жетістіктерге жетті?

Оқушы ойын тыңдау.

Еліміздің жеткен жетістіктерін көрсету. (Слайд)

5.« Кластер әдісі» Тәуелсіздік не берді?

Әр топқа «Тәуелсіздік не берді?» деп жазылған кесте қағаз беріледі. Топтағы оқушылар бірлесе отырып, сұраққа жауаптарын жазады. Болған топтан сұрап, оқытып талдау жасау.

6.Қорытынды бөлім

Балалар бүгінгі сабақты қорыта келе сендерге «Еліме тілек» атты оынын ұсынамын. Әрқайсың қолдарыңдағы гүлдерге өз тілектеріңді жазыңдар. « Елімізді гүлдендірейік» еліміздің картасына гүлдеріңді жапсырасыңдар.

Әр топтан оқушылардың тілектерін тыңдау.

1-оқушы

Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қәзір көк туменен бостандық!

2- оқушы

Қастерлесең табынсаң думан елге

Ардақты да мен деген бол азамат.

Елі жерім деген ер жігітке

Тәуелсіз еліңді қыл аманат

Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан

Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған

Жетістікке жеткізді ол қаншама

Алға, алға тәуелсіздік Қазақстан!!!

3-оқушы

Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

25 жасың құтты болсын нұр елім.

25 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан жасай берші гүл елім

4-оқушы

Әр қашанда мақтанамын жеріме,

Қазыналы, дархан, байтақ еліме.

Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,

Тілеймін мен бейбітшілік еліме.

5- оқушы

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті боп халқым әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

6-оқушы

Атыңнан айналайын егеменді ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

7- оқушы

Шарықта, шарла көкте көк байрағым,

Арманым,Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы-шаңырағым.

8- оқушы

Өзіңдікі- Елің де

Өзіңдікі- Жерің де

Өзіңдікі өзің еткен Бақ-Тәуелсіздік төріңде!

Қанатыңнан қайырылып,

Қыр-арқаңнан айырылып

Қонақ- Тәуелсіздіктен,

Қала көрме айрылып!

9-оқушы

Қазақстан – асыл аймағым,

Қуантады күнге құшақ жайғаның.

Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап.


Міне балалар мына байлықтың иесі сендерсіңдер. Қазақстан Республикасының келешегі сендерсіңдер.

Енді сыныптың топ басшысына сөз берейік. Өз ойын білдіреді.

Топ басшы:

Мен қазақпын. Қазақ болып туылғаныма, отаным Қазақстанда өмір сүргеніме мақтанамын. Отанымды мақтан етемін. Отанымның өсіп өркендеуіне өз үлесімді қосамын.

Хормен « Қазақстан болашағы біздің қолымызда!»


Рахмет балалар сендерге сенеміз. Осымен сынып сабағымызды аяқтаймыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
4530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі