15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты “Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан” 2 сынып
Тәрбие сағаты.
Сынып сағатының тақырыбы:
“Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан”.
Сынып
сағат мақсаты: Оқушылардың ойында елжандылық сезімін қалыптастыра
отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу,
тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға
тәрбиелеу;
Сынып
сағат көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған
плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының
құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер,
магнитофон;
І – жүргізуші
Зере:
Әнұраным жанұраным
Айтар
әнім, сөйлер сөзім.
Туған
жерім – сағынарым
Мәңгі
бақи шырқалады,
Қазақстан Республикасының Әнұранын
орындау.
Құрметті ұстаздар,
оқушылар!
Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
ІІ – жүргізуші:Ермахан: 16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Радиодан төтенше хабардың белгісі берілді. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың зейнеткелікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.
Зере: Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті
Айхан:Қанды қырғын-қалған іс,
Бейне
теңіз сең соққан.
Жарқылдайды ар-намыс,
Алматы.
Аяз. Желтоқсан.
Дүрсілдейді жүректер,
Сесі
күшті күшті қарудың.
Жүзіне
мұң түнетті,
Үлбіреген арудың.
Айғаным:
Арманы
алда, сенім көп,
Оранды
отқа үміттер.
Мұрты
жаңа тебіңдеп,
Келе
жатты жігіттер.
Әли: Көрініс: Сахнаға
екі студент шығады, бірі – жігіт, бірі – қыз. Қолдарында конспекті
дәптерлері бар. Арай: Ермахан, сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед
ағамыз орнынан алыныпты дейді.
Ермахан: Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің? Арай: Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңында көп адам жиналады екен.
Ермахан: Неге? Неліктен? Арай: Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.
Ермахан: Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кетейік. Тез барайық!
Айзат: Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз – жігіттер «контрреволюционер» емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт-шыт болып ұшып жатты. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын - 1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.
Көрініс: Алаңда жастар бейбіт, жайбарақат. Қолдарында «Каждому народу – своего вождя», «Ленин идеясы жасасын», «Қазақстан - қазақтардікі», «Ресейге қайт» деген транспоранттар бар. Оларға Ермахан мен Арай да келіп қосылды.
Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жағдайды.
Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?
Дауыс: Талап – тілекті айтамыз, шықсын ортаға басшылар! Осы кезде «Менің Қазақстаным» әні айтылды. Жастар теңселіп тұрып бұл әнді ерекше бір шабытпен тамаша орындайды.
Прокурор:Мирас: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тараңдар! Жатақтарыңа қайтыңдар! Ұят болды! Мен сендерге күш қолданамын! Үйге қайтыңдар. Осы кезде залда әскери команда беріледі.
Әскери адам: Первая рота! Слушайте мою команду. Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов! Первая рота, за мной! Ура!
Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар – көктен кіріп, алаңдағы жастарды ұрып – соға бастайды. Қаралы музыка баяу ойнап тұрады. Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйреп, жұлқылап әкете бастайды. Беті – аузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас Қазақ қызын екі әскери солдат сүйрей бастады.
Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына сөйледі. - Әй туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай! Қосылыңдар біздің қатарға Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпармен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп есінен танып қалады.
Түгелбай:: Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді. Алматы музыка училищесінің студенті Ляззат Асановаға өзін - өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ляззаттың да алаңда болғаны анықталды.
Хор:«Желтоқсан желі»
Тақпақ: Әсем:
«Көздерінде от ойнап»
Ұлдары батыр кілең
Қисынынан сөз табар
Ер жүрек ақын кілең
Осындай бар ма ел десе
Ойланбастан айтар ем
Қазақстаным бұл менің
Ән:“Көк тудың желбірегені”
2.А.Аружан:
Қазақстан тәуелсіз ел,
Қанатын жайған әлемге
Ақ боз аты оза шауып,
Жаңғырған аты әлемге.
Мейрамбек:
Дәстүрін ұмытпаған,
Ұлыларын ұлықтаған .
Зымзия харамдарды,
Жанына жуытпаған.
Ән:
“Атамекен”
Тәуелсіз Қазақстан- Туымен
тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбарлы.
Осымен “Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан” атты тәрбие сағатымыз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген