Ашық
тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіздік
биік
болсын
тұғырың!»
Құрметті
оқушылар. Еліміз Тәуелсіздік алып,
нарықты заман орнады. Тәуелсіз еліміздің
жастары үшін, заман талабына сай, өнерлі
де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз
еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп,
өркениетті елдер қатарына аяқ басты.
Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл
мақсатқа да толық жетеміз деп сенеміз.
Сәби күлкісі мен анна мейірімінің сәні
ешуақытта да бұзылмасын.
(Әнұран
орындалады.)
1986жылыжелтоқсанда
Кеңестер Одағының саясатына еңалғаш
қазақ жастары қарсышықты. Олар Қайрат
Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат
Асанова,Сәбира Мұхамеджанова сынды
боздақтар тәуелсіздік жолында жанын
қиды.
1-жүргізуші
Еркебұла
Желтоқсанның
құрбандарын мәңгілік,
Жадымызда
сақтаймыз біз жандырып.
Ләззат,
Қайрат есімдерін ән қылып,
Елімізде
қалдырамыз мәңгіқып.
2
–жүргізуші Динара апкей
Тәуелсіздік
туын тігу үшін өздерінің қызғалдақтай
құлпырған жас өмірлерін қиып кеткен
Қайрат, Ербол, Ләззат, Сәбиралардың
есімдерін мәңгі ұмытпауға уәде береміз.
1-жүргізуші
Еркебұлан
Желтоқсанда жанын жалау еткен қазақтың
қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбеков 1987
жылы 16-маусымда Қазақстан жоғарғы
сотының үкімімен ату жазасына кесілді.
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге
бұны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік-
Қайрат, Ләззат, Ерболдың,
Тас
көшеде тас-талқан боп өлгені. (1 минут
үнсіздік.)
Ендеше
«Тәуелсіздік биік болсын тұғырың» атты
ашық сабағымызға орай балалардың
өлеңдері айтылады.
1оқушы
Назым
Желтоқсанның
желі, аязы, ызғары
Қанды
мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт
қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап
шекті қайсар қазақ қыздары.
2
оқушы Нұргелді
Талай
қазақ қыздарын да тоңдыра,
Талай
қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел
билеуге алып келді Колбинді
Қазақ
ұлы Қонаевтың орнына.
Егемендік
– бұл елімнің елдігі,
Егемендік
– барлық ұлттың теңдігі.
3
оқушы Камила
Егемендік
– елін, жерін қорғаған,
Ербол
менен Қайраттардың ерлігі.
Желтоқсаным
– тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды
қадір тұтып тұр елі.
Есте
сақтап ағалардың ерлігін,
4
оқушы Нұрсұлтан
Жүректерге
сақтау керек үнемі.
Жиырма
жыл, жиырма жыл азаттық,
Өзімізді
құрсаудан да босаттық.
Ақтадық
біз ата-баба үмітін,
Қолда
қазір көк ту менен бостандық.
Желтоқсанның
қанды суық ызғары,
Қалың
әскер қазағымды қорлады.
1-жүргізуші
Еркебұлан
Ал
ендеше оқушылар «Желтоқсан желі» атты
видео клипке назар аударайық.
Сол
бір қахарлы Желтоқсан күндерінен бері
талай жыл өтті. Қазақстан халықтарының
өмірінде, яғни мемлекетімізде көптеген
айтулы өзгерістер болды. 1990 жылы
25-қазанда Егемендік туралы декларацияға
қол қойылды. 1991 жылы 2-қазанда Алаштың
ақберені Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991 жылы 1-желтоқсанда ҚазақстанРеспубликасының
президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев сайланды. . 1992 жылы 2-наурызда
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше
болып қабылданды. 1992 жылы 8-мамырда
Республика Ұланы құрылды. 1992 жылы
4-маусымда Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Рәмізі қабылданды. 1997
жылы Ұлттық татулықпен саяси қуғын-сүргін
құрбандарын еске алу жылы болып
жарияланды. 1998 жылы 20-мамырда Қазақстан
Республикасыныңа станасы Астана қаласы
болып жарияланды
2
–жүргізуші Динара апкей
Халықтың әке көрген оқ жонар, Шеше
көрген тон пішер деген даналық пікірін
алсақ. Ата-бабаның асқар таудай
ақылын да, өз өмірін де өткен өнегелі
істері-елін, жерін қорғау, бірлікте,
ынтымақта өмір сүру, еліне елеулі,
қалқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиет
ұрпақтан-ұрпаққа дарыса деген асыл
арман екен. Сонау ғасырлар қойнауының
қатпар бейнесіне қарасақ, өз жерін еш
жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң
еткізбеуге ержүрек болып, жауына қатал,
досына адал болып, садақ ұстап, қол
күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан.
Қаншама өрімдей жас өспірімдер қанаты
қайырылса да, намысын таптатпай, еңселерін
биі кұстады. Тәуелсіздік–халықтың
үні,ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік-
халықтың тойы, елдің тойы. Үш ғасырға
созылған ата-бабамыздың арманының
жүзеге асқаны біз үшін шексіз, қуаныш.
1991 жылы қазақ елі егемендікке қол
жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет
атанды.
МұстафаАта
түрік айтқандай
Өсер
елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула,
лаула Желтоқсанның мұзда жанған алауы
Өздеріңдей
өр намысты, жас өркені бар елдің
Ешқашанда
еңкеюге тиісті емес жалауы.
1991
жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздік таңы
туды. Бұл күн Қазақстан тарихында ерекше
аталып өтетін күн. Мәңгілік есімізде
сақталатын күн.
Шайқорық
орта мектебі
Ашық
тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Тәуелсіздік
биік болсын тұғырың!»
Сынып
жетекші : Исламова Д.А