Материалдар / Тәрбие сағаты Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеп қастерлеп, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу. Өз елімнің ұлтжанды патриоты болуға баулу, өз елімнің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, өз ана тілін сүюге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2021
455
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 13

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

3 арнайы мектебі

Тілегенова Шолпан Амандыққызы



Тақырыбы: Тәуелсіздік, деп соғады жүрегіміз!

Мақсаты: Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеп қастерлеп, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу. Өз елімнің ұлтжанды патриоты болуға баулу, өз елімнің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, өз ана тілін сүюге баулу.

Көрнекілігі: Плакаттар,шарлар

Қазақстан Республикасының гимні.Хор.

Мұғалім:

Армысыздар құрметті азат елдің азаматтары! 16 желтоқсан ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Ежелден еркіндік аңсаған ел қазақтың асыл мұрасы еңселі ел болу еді.Елім деп еңіреп, « Егемен ел болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлап өткен қазағымның асыл арманының орындалған күні құтты болсын!

Орыны ағалардың бізбен толсын,

Сәбилер ағалардың жолын қусын

Бір минут үнсіздікпен еске алайық,

Әруағы ағалардың ырза болсын.

тәуелсіздікке қол жеткізген алаш азаматтарын, аға - әпкелерімізді бір минуттық үнсіздікпен еске алып тағзым етейік!

Тарих еске алып отырғанды ұнатады, ал біздің тарихымыз Аллаға шүкір жетерлік. Ел басшымыз Н.Ә. Назарбаев « Қазақ тарихында қазақ ұялатын іс жоқ, біз мақтанатын, мақтай алатын іс көп»деп нақтылап атап көрсетіп өтті.

«Тамырсыз ағаш тарихсыз халық болмайды» дегендей халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-қилы белдерді асып, тар жол , тайғақтады соңғы хан Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейханның Қайрат пен Ләззаттарға дейін қанша рет дала қанға бөкті, жылғалар қан болып ақты қанша рет ұлан ғайыр дала азаттықты аңсаған алты алаштың асқақ та айбынды ұранымы куә болып қанша рет «Елім-ай» деп шер төккен халықтың мұңы мен зарына ортақ болды. Тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас – азаттыққа жасалған бір қадам.

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік, деп соғады жүрегіміз!» атты кешімізді бастаймыз.
Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-жүргізуші:
Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!

Оқушылар хормен:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай  өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан  төрімізге  төрледі.



ЕРЕШ:

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты ұшқан күн
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.



Тұрсынай:

Желтоқсан деп жүрегім сыздар әлі.

Шырқалады Қайрат деп қыздар әлі.

Көк байрағым сені еске саптұрады.

Желтоқсанның жеңілмес мұзбалағы

Жиырма бір жасың жатыр пешенеңде

Айналар атың әлі неше өлеңге

Жастар жүрер рухыңа тағзым етіп,

Рысқұлбеков атты бақ пен көшелерде.


Сәбит:

«Нашақор»-деп, «ұлтшыл»-деп,

Қазаққа күйе жаққан күн,

Базары кетіп, бір түнде

Қайғыға  халық батқан күн.


Аниса:

Қатыгездік жұдырығы  түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жекіп  бұйырып,

Желтоқсанда  шықты үлкен  алаңға

Ата-баба аруағына  сыйынып.

2-жүргізуші:

Баяндама: «16 желтоқсан ҚР тәуелсіздік күні!»

Көне түркі даласын мекен еткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтыспай жай жатқан елміз, елімізден құт- береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз»-деп Қазыбек би атамыз жырлағандай еліміз ежелден құт- береке тілеп, бейбітшілік аңсаған, халқының амандығын бүтіндігін сақтаған.
Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.

Көрініс: «Қайрат пен тергеуші»

Тергеуші:

-Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат:

-Жолдастарымен бірге  Фурманов  көшесінде

Тергеуші:

-Жоқ, сен Сәтпаев пен Мир  көшесінің  қиылысында  Совецкийді  соққыға жықтың. Соның  нәтижесінде  ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.

Қайрат:

-Мен оны көргенім жоқ.

Тергеуші:

-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.

Қайрат:

Күнәдан таза  басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай  жаным бар.

Алам десең  алыңдар,

Қайрат деген затым бар.

Қазақ деген  атым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар... (сүйреп әкетеді).


Picture 7

1-жүргізуші:
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Ән:Желтоқсан желі

2-жүргізуші:
Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз - ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.

Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың

Тұғырыңа қонуда сан қыраның.

Отан деген оранып от құшаққа,

Кәусарыңа шөліңді қандырамын.

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.


Нұрдәулет:

Өктем билік қаралады, даттады,

Бірақ Алла  ақиқатты жақтады.

Назарбаев  атамды жұрт  қалады.

Түсті амалсыз Колбин деген  атақты.


Айдос:

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа  түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.


Тұрсынай:

Тәуелсіздік алғаның

Қуанып бір қалғаның

Тәуелсіздік ту болып,

Желбіреп көкте тұрғаның.

1-жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
Таныды тепе - тең деп тереземді. 
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, 
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. 

Ән: «Жаса, Қазақстан!». Орындайтын: 8 - сынып оқушысы

ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ

Міне,балалар,Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Осы тәуелсіздікті тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәртіп керек. Болашақ өз ұлтын сүйетін, өз елін, жерін, Отанын сүйетін ұлтжанды, өр намысты, биік рух сендердің қолдарыңда. Қазақстанның өз жолы , өзіндік болашағы бар, бұдан былай және мәңгі тәуелсіз Қазақстанның тарихы жалғаса бермек! Қазақстанның тәуелсіздігі баянды болсын! Қарышта, жайна, Қазақстан! Қазақстанның болашағы гүлдене берсін!

Құрметті кешке жиналған көрермен қауым, сіздерге өмірлеріңіз ұзақ,дендеріңіз сау,еліміз тыныш,жұртымыз аман,көңілдеріңіз көтеріңкі,шат-шадымен шаттыққа толсын деген игі тілектер жолдаймыз,біз өздеріңізбен қоштасамыз. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын.Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болсын, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік, көкірегі ояу, керегесі кең, терезесі тең елде өмір сүрсін. Қазақстанға оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік, ағайын.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!