Тәрбие сағаты Тәуелсіздік жарығы 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Тәуелсіздік жарығы 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты оқушыларға ұлттық тәрбие береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік жарығы» (Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған)


«Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз»

Н.Ә.Назарбаев

Тәрбие сағатының мақсаты:

  • Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы 27 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін нығайту.

  • Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлесітерін қосатын азамат тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: Тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының көрнекілігі:

  1. Қазақстан картасы

Тәрбие сағатының барысы:

I-кезең: Ұйымдастыру кезеңі:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Рухани жаңғыру бағдарламасына орай өткізіліп отырған, еліміздің сан мың жылдар бой армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлердің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген «Желтоқсан» оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік» күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік жарығы» атты тәрбие сағатымызды назарларыңызға ұсынамыз. Алдымен сіздерге жақсы көңіл-күй сыйлап өтейік. Көңілдеріңіз әрқашан көтеріңкі, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Аспанымыз ашық, Отанымыз тыныш болсын!

ІІ. Негізгі бөлім.

Желтоқсан оқиғасының туралы бейне көрініс көрсетіледі. (Ой түйіндеу)

«Желтоқсан желі» орындайтын Алмабек Али


«Тәуелсіздік жарығы» атты шағын көрінісімізді тамашалаңыздар.

(От шашу видео ұсынылады)
Немересі: Әже, әже далада адамдар салют атып, қуанып жатыр, ол ненің мерекесі?
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой, балам.
Немересі: Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе?
Әжесі: Мен өткен өмірімді айтсам, басым ауырады.
Немересі: Онда тынығып алайық.
(Тынығып жатқан немересі түс көреді) осы кезде күн шуағы видеосы көрсетіледі
Немересі: Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім.
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой.
Немересі: Онда мен достарымнан сүйінші сұрап келейін.
Сүйінші, сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні шықты!


ХОР Тәуелсіздік.

Тәуелсізбін  мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдігім.

Бостандықта байлығым мен ендігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Өзіңдікі -Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де

Өзіңдікі өзің еткен Тәуелсіздік төріңде!


Мұғалім сөзі: Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл толғалы отыр.

16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды. Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық. (кластер ретінде Қазақстан картасын құрастыру)


1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.

1993 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.

1995 жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.

1996 жыл-Мемілекеттің жаңа әнұраны.елтаңбасы,туы қабылданды.

1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз еліміздің жаңа рәміздері – мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран бекітілді.

2017 жылы Астана қаласында ЭКСПО көрмесі өткізілді.


Мұғалім сөзі: Астана Қаласы 1998 жылғы 20 мамырдан бастап Қазақстан мемлекетінің Астанасы болды. Елордамызда Астананы әлемге паш ететін монументтер көрініс тапты. Соның бірі – «Қазақ елі» монументі, биіктігі -91 м. Ұшар басындағы салмағы 2,5 тонна алтын жалатқан самұрық құс орнатылған. 1990 шаршы кеңістікке созылған мәрмәр тастан жасалған. Бас сәулетші – Саматбек Бөкебай. Ал, «Бәйтерек» монументінің биіктігі – Эйфель мұнарасы нысаны қатарына қосылған. Астана жаңа ғасырға тек қана жақсылықтардың көшін бастайды.


Шынар: Қазақ ел - Мәңгілік ел!

Бір мүдде, бір болашақ, бір мақсатқа,
Елбасы бастап берген саясатқа.
Ден қойып ұмтылыспен күш саламыз,
Жеңіске жету үшін болашақта.

Мадақ айту бір аллаға жарасқан,
Бұл сөзіме жөн болмайды таласқан.
Патшалардың патшасы Шыңғыс хан да,
«О, тәңір!» - деп көк аспанмен санасқан.

Құрмет жасап әлемдік діндарларға,
Ислам, христиан, протестант, буддаларға.
Үш жылда бір дәстүрлі съезд жасап,
Бірлік сұрап сыйындық бір құдайға.

Спортта жүлде алды қыз бен ұлым,
Ойналып гимн, желбіреді көк туым.
Қазақстандық көбейді чемпиондар,
Шарықтап әнім, асқақтап шықты үнім.

Тауысып айту бар жеңісті мүмкін бе?
Сан - салалы жетістік көп бұл күнде.
Отыз елдің қатарында дамыған,
Болу үшін тер төгеміз күн - түнде.

Тарихта Есімханда болды ескі жол,
Тұсында Қасымханның бар қасқа жол.
Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы,
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз


Ойын: «Рахмет» ойыны. Оқушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Мұғалім осы сабаққа келгенге дейінгі көңіл-күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» деп айғайлайды. Және қандай сезімде болғанын талқылайды.

ХОР «Елім менің» әні

III.Қорытынды.

Мұғалім сөзі: Азат елдің білікті, білімді, жігерлі, азаматтары болыңыздар! – деген тілекпен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік жарығы» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!!



Минск орта мектебі









Shape1


Тақырыбы: «Тәуелсіздік жарығы»












Өткізген: Теңсел С.

Сыныбы: 6-8
















2018-2019 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2019
779
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі