Тәрбие сағатының мақсаты: Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау. 27жыл бойы жеткен ҚР жетістіктері, қабылданған заңдар және ҚР Президентінің жолдауының проритеттерін үгіт насихаттау. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: интерактивті тақт, шарлар
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім сөзі:
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің ашық тәрбие сабағымыз өзгеше. Биыл біздің Тәуелсіздігімізге 27 жыл толып отыр. Тәуелсіздік! Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді.Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлі етер «барыс» текті, намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойымен жүрегінде жерімен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы, өркениетке ұмтылу жолдарындағы нәтижелі көрініс болып саналмақ.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
«Біз-тәуелсіз елміз!» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
1 – жүргізуші:
Топырағыңмен тамырласып кіндігім,
Қуаныштан жүрек толқып тұр бүгін.
Нығайтамын елдігімнің тұғырын,
Берік ұстап Тәуелсіздік тізгінін.
2-жүргізуші:
Шежіресін шертсе күй ғып көне жер,
Ертеңіне, өркеніне сене бер.
Дүниені дүбірімен таңдантқан,
Міне, осындай Қазақстан деген ел.
1 – жүргізуші:
«Қара жорға» биін орындауда
Мұғалім сөзі: Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекетке айналды. «Болашақтың барысы» деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем байлап, әлем кеңістігіне бойлай еніп, басым беделге бет түзеуде. Ал осы аз ғана уақыттың ішінде елімізде елеулі өзгерістер болды. Енді тәуелсіздік хроникасына назар аударайық.
1-оқушы: -1991 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған жылы». 1 желтоқсанда Қазақстан Президенті сайланды. 16 желтоқсанда ҚР-сы егеменді тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.
2-оқушы:-1992 жылы «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы». 2 наурызда ҚР-сы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. 4 маусымда ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері дүниеге келді.
3-оқушы: Султан
Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады
4- оқушы:Найля
Көк аспанда нұрлы күн
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға
5- оқушы:Салауат
Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай!
6-оқушы: Фариза
Бұлт баспасын күнімді
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды-
Қасиетті борышым
7- оқушы: Ислам
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің
8- оқушы:Айкын
Бабам тұлпар жаратты
Құлынын да танып – ақ
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ
9- оқушы: Думан
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде
Нұр төгеді елтаңба
Ақ Орданың төрінде
10- оқушы: Дилназ
Енді бүгін өлген туым тірілді
Әнұраным жалғап алды ғұмырды
Босағада қалып келген Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.
11- оқушы:Жансери
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған, - деп - Әнұран?!
12-оқушы:-1993 жылы «Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды». 28 қантарда ҚР-ның тұңғыш Конституциясы қабылданды. 18 желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен ҚР-ның ұлттық валютасы теңге айналымға енгізілді.
13-оқушы:-1994 жылы» Халықаралық Отбасы жылы». Жоғарғы Кеңес пен Маслихаттар сайлауы өтті. 25 қарашада екінші қазақ ғарышкері Т.Мұсабаевтің халықаралық экипажының «Союз ТМ-19» ғарышқа сапар шекті.
14-оқушы:-1995 жылы «Ұлы ақын Абай жылы». 30 тамызда екінші рет тәуелсіз еліміздің Конституциясы қабылданды.
1-оқушы:-1996 жылы «Бейбітшілік пен рухани татулық жылы». 16 желтоқсанда Алматы Тәуелсіздік монументі ашылды.
2-оқушы:-1997 жылы «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы». Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «ҚАЗАҚСТАН-2030» жолдауы жарық көрді.
3-оқушы:-1998 жылы» Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы». Астана қаласының ашылу рәсімі болды.
4 – оқушы: Жаннур
Халқымның мақтанышы – алып тұлға,
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма.
5 – оқушы: Жасмин
Көз қуанып күн сайын көркеміне,
Көңіліміз сенеді ертеңіне
Қазақстан – алып ел, төрі Астана,
Таңым ғана лайық ел төріне
6-оқушы:-1999 жылы» Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы». 10 қаңтарда Н.Назарбаев 7 жылға Президент болып қайта сайланды.
1 – жүргізуші: «Мәңгі жаса Отаным» әні
2- жүргізуші:
Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,
Тәтті үміті халқымның сан ғасыры
Көк байрақты , кемеңгер кемел ойлы
Келбетіңнен көремін жалғасымды.
1- оқушы:
Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы білім ал, елің үшін
Еңбек ет тыным таппай, жан ая ма
3 – оқушы:
Ел болдық ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады
1 – жүргізуші:
Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,
Жүректерге үміт боп жағылғансың
Аяулысың білмеген алақаннан –
Суып барып қайтадан табылғансың.
4-оқушы:
Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т – білдіреді теңдікті,
Ә - әдептілік, әлдікті.
У – уайымсыз уақытты,
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең,
І – ілтипат пен ізет қой,
З – зиялылық тілек қой.
Д – шақырады достыққа,
К – дейді күн боп көктегі
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа. (хор)
2 – жүргізуші: «Отан» әні (хор)
Хормен:
Әлемге атың жайылсын жарқын,
Жасай бер, жаса, Қазақстан!
Баянды болсын бақытың, халқың,
Жасай бер, жаса, Қазақстан!
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп көптеген қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеуде халқына тек қуаныш сыйлаған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы елдің сағынышпен күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдау халыққа серпіліс, күш-қуат, қажыр-қайрат, ақыл-парасат сыйлайтындай әсер етеді.
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатамын.
Тып – тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ - береке, ырыс болсын.
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік күні"

шағым қалдыра аласыз