400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік-тірегім" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік-тірегім»

Мақсаты: Тәуелсіздік жолында күрескен ата-бабамыздың, аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «16-желтоқсан Тәуелсіздік күні» плакат, шар, слайд

Тәрбие сағатының барысы:

І. Кіріспе кезеңі

1) Шаттық шеңбер

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Баршаңызға құрметпен, бас иеміз біз.

Жүректі біз ашайық,

Бақыт нұрын шашайық.

Барлық жақсы тілекті,

Сіздерге біз арнайық.

2) Топқа бөлу

І жұп «Желтоқсан», ІІ жұп «Тәуелсіздік»

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі күніне арналған «Тәуелсіздік - тірегім» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Бақ сыйлаған баршаға, өркеніңе,

Үміт артам елімнің ертеңіне.

Тәуелсіздік, 27- ге толдың бүгін,

Отаным жылдан- жылға көркеюде.


3) Әнұран айту

ІІ. Тұсаукесер кезеңі

  1. «Тәуелсіздік», «Желтоқсан жастары» сөздеріне кластер жасау


ІІІ. Негізгі бөлім

  1. «Тәуелсіздік жолында» бейнеролик көрсету.

Бейнеролик бойынша ой-пікірлерін айтады

  1. «Тәуелсіздік шежіресі» сұрақ-жауап

1.16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды.

а) 1996 б) 1991 в) 2008

2. Қазан айында тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

а) 1992 б) 1991 в) 1993

3. Тұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл теңге дүниеге келді.

а) 2001 б) 1993 в) 1996

4. Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусымда ұшқыш Т.Мұсабаев аспан көгіне көтерілді.

а) 1998 б) 1996 в) 1994

5. 30 тамыз жаңа Ата заң қабылданды.

а) 1991 б) 1997 в) 1995

6. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

а) 1996 б) 1995 в) 2009

7. Астанаға 10 жыл

а) 2007 б) 2008 в) 2010

8. ЕҚЫҰ самммиті

а) 2010 б) 2011 в) 2009

9. 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.

а) 1991 б) 2001 в) 1998

10. Маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.

а) 1992 б) 1995 в) 1996


IV. Қорытынды кезеңі

«Тәуелсіз - Қазақстан» тақырыбына эссе жазу

Ән: «Желтоқсан желі»

V. Рефлексия

«Алақан» стратегиясы

Қолдың суретіне тілек жазады.


Мұғалім:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Тәуелсіздік-тірегім» атты тәрбие сағатын көңіл бөліп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!










































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
4249
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі