400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тарбие сагаты «Тауелсиздик торимде» 2сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тауелсиздикке арналган сценарии, патриоттык такпактар бар. Издегег устазга комегим тисе куанар едим. Балалардын патриоттык сезимдерин оятады, елин суюге баулиды. Коптеген маглумат алады. Осы материал бастауыш мугалимдерине сай келеди. Президент туралы, бала куниннен калай енбек еткени айтылады. Жануясы кандай? Ел танба, ту жайында маглумат береди.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:_14/11/2017ж_

Сынып: 2 А

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік - төрімде!

Сабақтың мақсаты: Жас ұрпаққа Қазақстан Республикасы туралы түсінік беру. Қазақ еліне, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілік-терін арттыру. Отанды сүюге, ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп айтуға, адамгершілік пен саналылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ел рәміздері, ҚР – ның президентінің суреті,

дидактикалық ойын материалдары.

Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік (балалардың өздері салған суреттері), ойын, интерактивті тақта, слайд, қанатты сөздер!

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Арайлы таң атты!

Алтын сәуле таратты!

Жарқырайды күніміз!

Жарқырайды даламыз!

Қайырлы күн балалар!

Қайырлы күн қонақтар!

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады,


ІІ. Мақсат қою

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлап, түсіндіру.


ІІІ. Жаңа сабақ

Қымбатты қонақтар бүгінгі «Тәуелсіздік – төрімде!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздіер.


Бекболат: Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек бала – дағы ең кіші

Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.


Ақылбек: Туған елдің жырын жырлап ғарыштан,

Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.

Келешегі, кең өрісті, кемелді

Жайна мәңгі Қазақстан – гүлстан!


Арай: Өткенде ұйқы басып қайғы алған ел,

Қазірде жұлдыз құшып, айға барған ел!

Жасай бер, о, қазағым, қазыналы,

Жүз ұлттың отанына айналған ел!


Мейрбек: Дән астығын тау қылып жойған елім,

Күн бейнелі киелі думан елім.

Желбіреген байрағы биіктерден,

Атыңды әнге қостым Республикам!


Хор: «Қазақстаным Отаным»

Мұғалім:

Қазақ елі бақыттысың сен бүгін,

Бөбегімнің жан дүниесін сен түсін.

Қобыландының даңқын сыйла ұлыңа,

Отқа күймес Алпамыстың бер күшін!


Фатима: Туған жерде толамыз,

Ертең жігіт боламыз,

Отан ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз!


Ислам: Бір шаңырақта табысқан

Дос, бауыр көп туысқан,

Отан ортақ үйіміз,

Біз доспыз бәріміз.


Рамазан: Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Ата – ана, Отан – үлкен,

Қазақстан – туған ел!


Мұғалім: Рахмет сіздерге. Сіздердің рухани, білімді, ұлтжандылық тәрбиелеріңіз-дің арқасында балаларыңыз болашақта Отанының берік кірпіші болып қаланып, жақсы азамат болып өсетініне сенімдімін.

Ән: «Көк тудың желбірегені!»


Бекнұр: Қазақстан – кең байтақ өлкем менің,

Талай кезең артта қап өркендедің.

Отан сүйер ұланның бауырында

Дархан елім, кең жерім көркей менің.


Мұғалім: Сендердікі - өмір, қоғам, заман да,

Сендердікі – керемет қала, ауылдағы далаң да,

Сендердікі – алтын, мұнай астық та,

Аман есен мұра болғын балғындар! – деп ортаға батырларымызды шақырайық.


Самина: Жыр айтқан балалардан айналамын,

Елім деп еміренсе жанданамын.

Жүректер «Қазақстан» деп соқса,

Марқаямын, мақтанам, қуанамын!


Фарида: Жаса, жаса Астанам,

Өркен жая бастаған.

Болашақтың есігін,

Оң қолыңмен аш маған.


Гулмаржан: Заман жаңа, ел жаңа

Күлімдейді кең дала

Өз Астанам - өз Ордам

Сүйенерім сен ғана.


Бейбарыс: Отаннан басқа бағым жоқ,

Отаннан басқа жаным жоқ

Отаннан басқа ойлауға –

Басымда менің орын жоқ.


Арайлым: Көрікті менің Астанам

Әсемде сұлу бас қалам,

Көрікті сенің әрқашан

Көремін артық басқадан


Мұғалім: Република ол біздің Отанымыз, еліміз, туып өскен жеріміз, тіліміз,дініміз. Әр елдің өз президенті және де рәміздері бар екен. Ал балалар біздің президентіміз кім екен?

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Жарайсыңдар. Ал енді рәміздерімізге нелер жатады?

  • Гимн, елтаңба, ту.

  • Дұрыс балалар, енді осы рәміздеріміздің авторларын білеміз бе?

Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалихан.

Гимнның сөзін жазған: Нұрсұлтан Назарбаев; Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

  • Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

- Енді осы Отан, туған жер, тәуелсіздік ұғымына қысқаша ой толғау жасап, Отанын мақтаныш етіп, рухани құндылықтарға тәрбиелейтін мақал – мәтелдерді

білесіңдер ме?


12-бала Отан үшін отқа түс, күймейсің

Арың үшін алыссаң өлмейсің.


13-бала Ердің көркі еліммен,

Отан көркі жерімен.


14-бала Ер жігіт ел үшін туады,

Ел үшін өледі.


15-бала Отан оттан да ыстық.


16-бала Отансыз адам ормансыз бұлбұл.


17-бала Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық.




Дидактикалық ойын « Қазақстан картасы»


Шарты: Тақтада географиялық жер бедері бойынша бес бағытқа бөлінген Қазақстан картасы ілінеді. Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығысты айыра білу үшін басты қалалар көрсетілген. Әр қаланың өз мақтанышы, атақты нәрселері көрсетіледі. Мысалы: Оңтүстікте Алматы – апорт алма, солтүстікте Қостанай – егінді алқап, батыста Ақтау – мұнай, шығыста Семей – ұлы ақын Абай атамыздың туған жері.Орталықта Астана – бәйтерек. Осылайша балалар әр бағытты шығаратын нәрсесіне қарай есте сақтап қалады. Сосын балалар өз елдеріне тілек айта отырып, картаға гүл ,жүректер жабыстырады.


Ән: «Көктудың желбірегені»


Мұғалім: Қазақстан жанды міне, бақ жұлдызы

Көркі күн, көңілді көктем ұл мен қызы.

Даңқыңа төрткү ғалам құлақ түріп,

Таңданады аспан асты – жердің жүзі!

- деп , бүгінгі «Тәуелсіздік - төрімде!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет.



























Болашақ ауылдық округі № 10 орта мектеп











Тәрбие сағаты:

Тәуелсіздік - төрімде!







Сынып: 2 «А»

Сынып жетекшісі: Суюбергенова Т















2017 – 2018 оқу жылы

Бекболат: Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек бала – дағы ең кіші

Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.


Ақылбек: Туған елдің жырын жырлап ғарыштан,

Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.

Келешегі, кең өрісті, кемелді

Жайна мәңгі Қазақстан – гүлстан!


Арай: Өткенде ұйқы басып қайғы алған ел,

Қазірде жұлдыз құшып, айға барған ел!

Жасай бер, о, қазағым, қазыналы,

Жүз ұлттың отанына айналған ел!


Мейрбек: Дән астығын тау қылып жойған елім,

Күн бейнелі киелі думан елім.

Желбіреген байрағы биіктерден,

Атыңды әнге қостым Республикам!


Фатима: Туған жерде толамыз,

Ертең жігіт боламыз,

Отан ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз!


Ислам: Бір шаңырақта табысқан

Дос, бауыр көп туысқан,

Отан ортақ үйіміз,

Біз доспыз бәріміз.


Рамазан: Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Ата – ана, Отан – үлкен,

Қазақстан – туған ел!


Бекнұр: Қазақстан – кең байтақ өлкем менің,

Талай кезең артта қап өркендедің.

Отан сүйер ұланның бауырында

Дархан елім, кең жерім көркей менің.


Самина: Жыр айтқан балалардан айналамын,

Елім деп еміренсе жанданамын.

Жүректер «Қазақстан» деп соқса,

Марқаямын, мақтанам, қуанамын!


Фарида: Жаса, жаса Астанам,

Өркен жая бастаған.

Болашақтың есігін,

Оң қолыңмен аш маған.


Гулмаржан: Заман жаңа, ел жаңа

Күлімдейді кең дала

Өз Астанам - өз Ордам

Сүйенерім сен ғана.


Бейбарыс: Отаннан басқа бағым жоқ,

Отаннан басқа жаным жоқ

Отаннан басқа ойлауға –

Басымда менің орын жоқ.


Арайлым: Көрікті менің Астанам

Әсемде сұлу бас қалам,

Көрікті сенің әрқашан

Көремін артық басқадан

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1287
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі