Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік тұғыры тіл"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік тұғыры тіл"

Материал туралы қысқаша түсінік
5,6,7 сынып арасында тәрбие сағаты өткізілді. Бұл іс шара 6 кезеңнен тұрды. Өте қызықты да білімге толы өткізілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ


ПӘНІНЕН МЕКТЕП ТЫС ІС – ШАРА


«ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҰҒЫРЫ»


Мектеп: «Приречен жалпы білім беретін мектебі» КММ

Мұғалім: Жумабаева Жанерке Тулендиевна

Сынып: 5,6,7

Өтетін күні: 18.11.21 ж.


Мақсаты:

  • Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға баулу.

  • Ой -өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

  • Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін өұрметтеуге тәрбиелеу.


ҚР Әнұраны


Мұғалім: Сәлеметсіздерме, оқушылар! Бүгінгі мектептен тыс іс-шараның атауы «Тіл Тәуелсіздіктің тұғыры» деп аталады. Өйткені Тіл кез-келген ұлттың мақтанышы, ұлттық белгісі.Ұлан байтақ жеріміз, тәуелсіз еліміз, ана тіліміз бар. Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Тіл адам жанының тілмашы, тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей қор болып қалар еді. Тіл әрбір адамға осындай қымбат нәрсе болмасқа тиісті.Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады». «Ана тілін білмеген-ана сүтін татпаған»,-деп халқымыздың батыры Б.Момышұлы бекер айтпаса керек.

Мұғалім: Енді сіздерге сұрақ қойылады. Кім жауап береді сол оқушылардан топ құралады.


І бөлім. «Жедел жауап».


Шарты: бұл бөлімде 14 сұрақ қойылады.


1.ҚР-астанасы қай қала?

2.ҚР президенті?

3.Тәуелсіздік алған күн?

4.Қазақстанның таулары.

5. ҚР мемлекеттік және ұлттық мерекелер? 1.05,1.09,8.03,6.07.,30.08.,1.12

6.Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кімдер?

7.Қазақтың ұлттық аспабы?

8. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар

9.ҚР-ның Әнұранының авторлары кімдер? Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев

10.Абайдың шын аты кім?Ибрагим

11.ҚР-ның рәміздерін ата

12.Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім?

13.Қазақтың үш биін ата.

14.Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім?


Әділ-қазы мүшелерін тандаймыз!


ІІ бөлім. «Тіл- өнер»


І топ:

1.Ең тәтті де тіл,...(ең ащы да тіл).

2.Оқу-білім бұлағы, ...(білім-өмір шырағы).

3.Жүз сом ақшаң болғанша, ...(жүз досың болсын).

4.Білім таппай мақтанба, ...(өнер таппай баптанба).

5.Тіл- қылыштан ...(да өткір).

6.Отан ...(оттан да ыстық).

ІІ топ:

1.Шебердің қолы -ортақ, ...(шешеннің тілі- ортақ).

2.Отансыз адам-...(ормансыз бұлбұл).

3.Ер жігіт елі үшін туады, ...( елі үшін өледі).

4.Мектеп-кеме, ...(білім- теңіз).

5.Жақсы жолдас- жанға серік, ...(жаман жолдас-малға серік).

6.Өнер алды- ...(қызыл тіл).


ІІІ бөлім «Бәрін білгім келеді».


Пәндер айдары. 4 пән бойынша 5 сұрақтан әзірленген. Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.

І топ:

1.Қазақ тілінде неше септік бар?Қандай?

2.Төрті төртке қосып, төртке көбейткенде қанша болады?(32)

3.Қазақстанда неше облыс орталығы бар?(14)

4. «Абай жолы» кім автор?

5. Қазақстан жерінен көлемінен нешінші орында? 9

ІІ топ:

1. 0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең.(45)

2.Сан есімдер нешеге бөлінеді? Оларды атап бер.

3.Жердің нақты үлгісі.(Глобус)

4. «Абай жолы» неше томнан тұрады?

5. Көшпелілердің баспанасы. Киіз үй


ІV бөлім Қызықты ұйқастар.


Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.

Ітоп:

1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).

2.Число-сан, кровь- ...(қан).

3.Молоко-сут, жди-… (күт).

4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).

5.Таможня- кеден, пол-...(еден).

ІІ топ:

1.Возьми- ал, мед-…(бал).

2.Рыба- балық, народ-…(халық).

3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).

4.Город- қала, ребенок- …(бала).

5.Игра-ойын, шея-…(мойын).


V бөлім Жоғалып қалған әріптер.


Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.


Ітоп:

М...к...п, д...пт...р, ор...с, к...т...п, б...л...., қ...з, м...т....л, б...с, ж....сыл, қ....ла, еңб....к, отб...с...

ІІ топ:

Қ...л...м, қ...р...нд...ш, қ...з...қ, ...л, оқ...шы, м...тін, ж....з, д...с, м....қ....л, қ....зыл, х...лық, ж...қсы.


VI. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.

Болашақ елімізді суреттеу. Әр топтың жетекшілері шығып белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды да қорғайды. Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.


Қорытынды.


Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шындарына.

Бүгінігі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі әділқазы алқасына.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2021
900
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі