Тәрбие сағаты: «Тәуелсіздік
–тұғырым»
Мақсаты: Балалардың
Отан,Рәміздер,Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы
түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айту, арқылы еліне, Отанына,
елін сүюге тәрбиелеу.
(Зал мерекеге сай
безендірілген.Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік
тәрбие сағатына балалар қолдарына жалауша ұстап саппен
кіреді.)
1-Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар,
қонақтар және әріптестер!
Бүгінгі 16-желтоқсан
Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы тәрбие сағатымызды
бастаймыз.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың
жүректе
Ұрпақ өсер айналатын
тірекке
Егемендік тиді міне
еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ
тілікке.
Тәуелсіздігіміз баянды болсын
дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз тәрбие сағатын Әнұранмен
ашады
Қазақстанның әнұраны
орындалады
2-Тәрбиеші:
Біз бүгін Тәуелсіздік алған
күнімізді мерекелеудеміз. Біздің ел тәуелсіз болғандықтан өз
мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы
бар.
Балалар мемлекеттік туымыздың
түсі қандай?
Балалар: Туымыздың түсі
көк.
1-Тәрбиеші: Ия, өте
жақсы.
2-Тәрбиеші:
Рәміздерім-елдігімнің
белгісі
Білу керек бала –дағы ең
кіші
Рәміздерім-Әнұран, Көк ту,
Елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн
кісі.
Ал, енді балалар, Рәміздерге
байланысты тақпақтарды айтайық.
(балалардың тақпақтары
тыңдалады)
Айсана:
Барша халық
таныған,
Біздің тілек
үмітті.
Шырқалғанда
әнұран,
Шаттық кернер
жүректі.
Мақсат:
Көк аспандай
көкпеңбек
Қазақстан
жалауы
Көк емес ол тектен –
тек
Елдің ашық
қабағы.
Назым:
Тәуелсіздік көркі
олда,
Өркениет
елінде.
Нұр төгеді
елтаңба,
Ақ орданың
төрінде.
1-Тәрбиеші:
Балалар біздің Отанымыз қалай
аталады?
Балалар:
Қазақстан
2-Тәрбиеші:Қазақстан қандай
мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз елді
мемлекет.
1-Тәрбиеші:Балалар, Еліміздің президенті
кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев
Сезім
Қазақ
елі-Қазақстан
Болашаққа үн
қосқан.
Жақсы күнге
жетелеп
Елбасым менің
–Нұрсұлтан.
Арсен:
Дін мен ұлтты
жинаған,
Мәмілеге
шақырған.
Бейбіт күнге жол
салған
Нұрлы
сұлтан-Нұрсұлтан!
Перизат:
Жақсы еңбекке
баулыған
Ақсақалын
сыйлаған.
Салт-дәстүрді
сыйлаған,
Нұрлы
сұлтан-Нұрсұлтан!
Галихан:
Қиялы ұшқыр,ойлы
адам,
Әлемге болған аты
аңыз.
Ұрпақтың қамын
ойлаған,
Аман сау жүрші
атамыз.
Ән: «Елбасы»
1-Тәрбиеші: Еліміздің Елордасы қай
қала?
Балалар: Нұрсұлтан
қаласы
2-Тәрбиеші:Нұрсұлтан
қандай
қала?
Балалар: Нұрсұлтан-бас қала, әдемі,
үлкен қала.
1-Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар,
Отан туралы тақпақтарымызды
айтамыз.Қазіргі кезде сендер ашық
бейбіт аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған
мемлекетте өмір сүріп
жатырсыңдар.
Енді Отанға арналған
тақпақтарымызды
айтайық.
Омар:
Қуат алған
өзіңнен
Туған елдің
ұлымын
Бақытты етіп
өсірген
Отанымның
гүлімін.
Шыңғыс:
Өшпейді еш
уақытта
Ата-баба
аңсары.
Қазақ тілі
бақытқа,
Жеткізеді
баршаны
Сәнім
Күн шуақты Қазақстан
Саған ғана үн қосқан.
Жүрегімнің дүрсілі
Төгіледі жыр дастан.
Ернұр
Отаным менің - Қазақстан,
Ыстық қой сенің топырағын.
Орманың,көлін, бау-бағын,
Қастерлеген қазағым.
Ән: «Отанның
өркені»
2-Тәрбиеші:
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын
– қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал,
1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі
сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға
шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап
етті.
Бұл күн
- Қазақстан тарихында
тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын
әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.
– 1-Тәрбиеші:Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол
жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан
оқиғасы. 1986 жылғы Желтоқсан
көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтылуы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі
сақталады. Сол желтоқсан
батырлары Ләззат
Асанова, Сабира Мухаметжанова,
Қайрат Рысқұлбеков, Елрбол Сыпатаеватарды ( слайд
көрсетіледі).
Амир:
Ерлігіңе қуанам да,
сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен
иілем.
Бәйшешектің солғанына ах
ұрсам,
Әділ жанның қазасына
күйінем.
(Орындарыңыздан 1 минут үнсіз
тұрып, еске алуды сұраймын.)
2-Тәрбиеші: Енді тәуелсіз Қазақстан туралы
тақпақтарыңды айтыңыздар.
Фатима
Ұлан байтақ жері
бар,
Пайдалы қазба кені
бар.
Тәуелсіз ел -
Қазақстан
Көркіне көркі
жарасқан.
Айя
Тәуелсіз азат
елім,
Туып өскен- байтақ
жерім.
Мәңгі жайнап тура
бер
Қазақстаным
менің!
Амир
Балабақша серпін
нық
Көкке атады бөркін
жұрт
Тәуелсіздік
ынтымақ
Тәуелсіздік
еркіндік
Диар
Қыста келген бақыт
бұл
Қыспай берген жақұт
нұр
Аппақ қардай
пейілін
Әлемге елім шашып
тұр
Аяулым
Тәуелсіздік ел
болу
Ынтымақпен өрге
озу
Еркін және өзге
елмен
Терезесі тең
болу.
1-Тәрбиеші:Туған халқымыздың
тарихын,батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін жеріміздің
байтақтығын,байлығын біліп өсуге міндеттіміз,
басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ,бүгінгі бақытты күніміз үшін
қаншама ерлер тер төкті,жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған
ұрпағы біздің білімді, дені сау, Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып
өсуі қажет. Апа-ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз.
Осымен балалар, «Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағатымыз
аяқталды