«Ақмола облысы Есіл ауданының
әкімдігі жанындағы
Есіл қалалық №3 «Балбөбек»
бөбек-бала бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Тәрбие
сағаты:
«Тәуелсіздік
тұғыры»

Мектеп алды даярлық
«Күншуақ» ересек тобы
Тәрбиешілер: Мұратхан
Г.
Желтоқсан,
2021ж.
Тақырыбы: Тәуелсіздік
тұғыры
Мақсаты:
-балаларды Отанға деген
махаббат,патриотизм сезімдеріне тәрбиелеу
-Қазақстан республикасының
мемлекетік рәміздері туралы білімдерін
бекіту
-шығармашылық қабілетті және
өз өзін көрсете білу құштарлығын ашып ортаны сезіну қабілетін
дамыту
Музыка ойнап тұрады,балалалар залға
кіреді
Жүргізуші: Сәлеметсіздер
ме,құрметті әріптестер, қонақтар! Тәуелсіздік күні құтты болсын.
Баршаңызға қуаныш,бақыт әкелсін.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, кішкентай
бүлдіршіндер. Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай
бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен
бастаймыз.
Жүргізуші: Балалар мұндағы суретте
желтоқсан құрбандары. Осы аға, апаларымыздың арқасында егемен ел
болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ләззат, Ербол, Қайрат,
Ербол апа – ағаларымызға 1 – минуттық үнсіздік
жариялайық.
Жүргізуші: олай болса,
келесі кезекті шумақты тақпақтарға кезекті
берейік.
Он алтыншы
желтоқсан
Ел мерейі
тасыған
Қазақ деген қалың
жұрт
Бәрін кешті басынан
Сабина
Он алтыншы
желтоқсан
Тәуелсіздік алған
күн
Ерекше боп
мәңгілік
Ел жадында қалған
күн
Ерасыл
Көк аспанда
тулардың
Желбіреген күні -
бұл,
Елім деген
ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.
Санжар
Елдігімнің –
реңі,
Тендігімнің –
тірегі
Мүддесінен
халықтың
Ажырамас бір
елі.
Алтын заңым – арай
таным!
Асанали
Әділеттің
ұраны,
Ақиқаттың
шырағы.
Тыныштықтың туы
боп,
Зор салтанат құрады.
Салтанат
Отан- жерім, Отан-
суым,
Отан қуат, нәр
береді.
Отан- ұран, Отан-
туым,
Отан мәңгі гүлденеді!
Жанниет
Қуат алған
өзінен,
Туған елдің
ұлымын.
Бақытты етіп
өсірген,
Отанымның
гүлімін.
Диана
Шырқап көкке аспан –
ән,
Болашаққа бас
қадам.
Қазақ рухын
биіктет,
Ей, бас қалам- АСТАНА
!
Нариман
Қадамың бар
баспаған,
Асуың бар
аспаған.
Халқым жетсін
мұратқа,
Ей, бас қала-
АСТАНА!
Айару
Жүргізуші: Ән «Зеңгір
көктен»
Маңай жым-жырт кешкілік,
Бұлттар — көшті көктегі.
Жатты бір ән естіліп,
Қоңыр үйдей шертеді.
Жүргізуші: кәнекей
сендердің тапқырлықтарынды. Сұрақтар арқылы байқап
көрейікші.
1.Біздің Отанымыз?
ҚАЗАҚСТАН
2, Елордамыз ?
НҰР-СҰЛТАН
3.Бірінші елбасшымыз? Н.Ә.
Назарбаев
4.Кәзіргі елбасшымыз? Қ.Ж.
Тоқайев.
5.Туымыздың түсі қандай?
.......
Жүргізуші: Қыздардың мың
бұралған билерін тамашалаңыздар!
Жақсы әнші өнеге,
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Өнерді үйрен бір — бірлеп,
Әнде шырқап, би билеп.
Халық айтса біледі,
Талаптыға нұр жауар,
Өнерлі өрге жүзер.
Жүргізуші: Осылайша, бір демалып алайық
ойын.
«Көк туым желбіресін» мақсаты:
екі топ кедергілерден өтіп туды тігу керек
жылдам.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Сендер
қандай тамаша, ақылды, белсенді екендіктерінді көрсетіңдер олай
болса мақал-мәтелді кім біледі? Көрейік
Отан - отбасынан басталады
Герман
Елі бардың, жері
бар
Аруна
Отан оттанда,
ыстық
Самир
Ел іші - алтын бесік
Алмаз
Жүргізуші: олай болса , ұлдардың биін
тамашалайық.
Ер жігітің
намысы,
Қолындағы
қамшысы.
Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз тыныш
болсын, еліміз аман болып, әр дайым, күш қуатымыз бітпесін деп.
«Құрамыз біз кигіз үй» ойынын ойнап жіберейікші
кәнекей.
Жүргізуші: олай болса
Ән: «Біз өмірдің
гүліміз»
Жүргізуші: Осымен тәуелсіздік күніне
арналған Тәуелсіздік тұғырым атты ертеңгілігіміз аяқталды, көңіл
бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қазақстанымыздың көк байрағы
желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. САУ
БОЛЫҢЫЗДАР!

