Материалдар / тәрбие сағаты Тәуелсіздік тынысың
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тәрбие сағаты Тәуелсіздік тынысың

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік тақырыбында сынып сағаты қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2023
192
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Өскемен қаласы әкімдігінің «Шәкәрім атындағы № 1 орта мектебі» КММ

















«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!»

класс сағаты жоспары










Бастауыш сынып мұғалімі

Ерболат Гүлдәуреш













Өскемен қаласы

2020-2021 оқу жылы



Күні: 11.12.2020 ж.

Сыныбы: 3 «Б»

Сабақ тақырыбы: Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың.

Сабақ мақсаттары: Оқушыларға 1986 жылғы көтерілісті, жастардың көтеріліске шығу себептерін, олардың алдына қойған мақсаты жайлы және елімзідің дамуы туралы түсінік беру. Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарының маңыздылығын ұғындыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік әдісі, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс

Қажетті ресурстар мен көрнекіліктер: ҚР тәуелсіздігін білдертін суреттер, бейнематериал, плакаттар, портреттер, тапсырмалар жазылған карточкалар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

«Әнұран» арқылы жағымды психологиялық ахуал орнату.

-ҚР Әнұранын хормен орындау.

Кіріспе. Тарихқа көз жүгіртсек қазақ –нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп- қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болсын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық...

Ой қозғау. «Таза сынып» әдісі.

-Біз қай елде тұрамыз?

-ҚР президенті кім?

-ҚР мемлекеттік рәміздерін ата.

-ҚР мемлекеттік тілі қай тіл?

-ҚР Ата заңы қалай аталады?

- Тәуелсіздік деген қандай ұғым? Тәуелсіздік дегенде ойларына не оралады?

- Біз ертең қандай мейрам тойлағалы жатырмыз?

- Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр? (29 жыл)

- Тәуелсіз ел деп қандай елді айтады? (Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы бар ел)

- Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз тәуелсіздік мейрамына арналмақ. Бүгінгі класс сағатымыздың мақсаты тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұматтар алу, осы тәуелсіздіктің қадірін білу.



ІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

  1. «Оқиғалар тізбесі»

Қазақ халқы 200 жыл патшалы Ресейдің отары болдық. Тіліміздіен, дінімізден айырылдық.

- 1986 жылы Желтоқсан қозғалысымен тарихқа енді. Сонымен желтоқсан оқиғасы не себептен болды, қалай болды, оған кімдер қатысты, ол оқиғаға сол кезде қандай баға берілді?

1986 жылы желтоқсанның 16- да Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің 18 минутқа созылған пленумы Д.А. Қонаевтың орнына Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының ұсынысы бойынша Г.Колбинді тағайындайды. Ол бұған дейін Республикаға мүлдем бейтаныс болатын. 17 желтоқсанда таңертең Алматыда жаппай толқу басталды, басқа да қалаларға тарады. Жастар Бережнев алаңына жинала бастады. Алаңда: «Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын!», «Тәуелсіздік керек!» деген ұрандар айтылды.

Республика басшылары олардың пікірін тыңдағысы келмеді. Саяси наразылықты үкімет билігіне төнген қатер деп бағалап, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Жастарды ұрып –соғып жазалау, түрмеге қамау, ақиқатты айтқызбау, жала жауып соттады.

Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамеджанова сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезіңде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

- Сөйтіп, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның жоғарғы кеңесі Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады. Содан бері әлемнің барлық елімен Қазақстан емін –еркін достық байланыс жасап үлгерді.

Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1мин.орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.

Қазақстан Республикасы –егеменді, тәуелсіз мемлекет. 2019 жылы тәуелсіздігімізге 28 жыл толып отыр. Республикамыздың тәуелсіз мемлекет ретіндегі белгілері: Мемлекеттік Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Конституциясы, ұлттық валютасы, шекарасы ұлттық тілі мен діні бар.


  1. Бейнематериал көрсету: «Тәуелсіздік жолында»

Сұрақ-жауап:

-Не көрдіңдер?

-Қазақ халқы бұрын қандай болыпты?

-Қазір қандай?

-Ненің, кімнің арқасында тәуелсіздікке, егемендікке жеттік?


ІІІ. Меңгерту.

  1. Ұжымдық жұмыс. Ассоцация жасау

Shape1

Тәуелсіз ел






(Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы бар, өз діні бар, президенті бар ел)


4.Топтық жұмыс. Шығармашылық тапсырма


1,2-топ: Бес жолды өлең (Синквейн) жазу.

Тәуелсіздік Қазақстан

Қашан? Не?

Кімдер? Қандай?

Не үшін? Кімдер тұрады?

Синоним: Синоним:

Түйін: Түйін:


3,4 топ: Тиісті сөздерді қойып, өлеңді құрастыр.

Тәуелсіздік тірегім! Тәуелсіздік- тірегім!
Астана менің жүрегім., Аман болсын ата- анам,
Аман болса елбасы , Ашық болса аспаным,
Осы емес пе менің тілегім! Желбіресін жалауым,
Осы, менің қалауым!

5 топ: «Тәуелсіз» сөзіне мағыналас сөздерді жазу.( егемен, азат, бостандықты)

ІV. Бекіту

5.Суретпен жұмыс. «Кеше-бүгін»

-Берілген суреттерді өткен шақтан, бастап осы шаққа дейін рет-ретімен орналастыру арқылы, Қазақстанның өткені мен бүгініне көз жүгіртеді.

6. «Жыр арнаймын еліме». Отан туралы өлеңдерін айтады.

Барлық оқушылар:

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.



V.Қорытынды.

-Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымызда не туралы айттық?

-Тәуелсіздік бізге қалай келіпті? -Сендер өз еліңнің дамуына қалай үлес қоса алар едіңдер?

Міне егемендігімізді алып Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп , небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Еліміздің экономикасының өркендетуге сендер де ат салысадыдеп сенемін. Еліміздің Егемендігі жасай берсін!

Үй тапсырмасы: «Менің Қазақстаным» тақырыбына эссе жазу

Бағалау: белсенділіктеріне қарай формативті түрде бағалау

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!