Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министірлігі
«М.О.Әуезов атындағы
педагогикалық колледжі» ҚМҚК

«Бекітемін» _______________
Колледж әдіскері: Кабимолдина
А.К.
«Келісемін» _______________
Сынып жетекшісі: Амирова
Ш.С
Тәрбие сағатының
жоспары

Тақырыбы: «Тәуелсіздікке 30
жыл»
Өтетін орны: «№3 ЖОББМ»
КММ
Сынып: 6
«В»
Мерзімі:
18.12.2021
Тобы:
27
Машықкер: Сарқытбек
Алмагүл
Баға: «__ »
(______________________)
Баға: «___ »
(_____________________)
Семей
2021
Тәрбие сағатының
мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға
деген ұлттық көзқарастарын қалыптастырып, өз Отанын сүюге,
құрметтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының
міндеті:
-
Оқушылардың Желтоқсан оқиғасы
туралы білімдерін кеңейтіп, тәуелсіздік мерекесінің маңыздылығын
түсіндіру
-
Оқушылардың ойлау, сөйлеу, өз
ойын еркін жеткізу қасиеттерін дамыту.
-
Оқушыларды отансүйгіштікке,
оның патриоды болуға, өз еліне пайдасын тигізуге, оның өркендеуіне
үлес қосуға тәрбиелеу
Тәрбие сағатының
ұйымдастыру формасы,
түрі: пікіралмасу,
әңгімелесу
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,
түсіндіру
Техникалық
жабдықталуы:
компьютер
Көрнекілік: суреттер,
стикерлер
Қажетті
жабдықтар: а4 форматындағы қағаз,
маркер,стикер т.б.
Тәрбие сағатының
құрылымы
І. Ұйымдастыру кезеңі 3
минут
- «Гүлмен тілек» тренингі 5
минут
ІІ. Негізгі кезең 20-25
минут
-
Видеороликпен жаңа ақпарат
беру 2 минут
-
«Ой ашар» сұрақ — жауап әдісі
5 минут
-
Видеороликпен жаңа ақпарат
беру 3 мнут
-
Кластер құру 2
минут
-
Бейнеролик арқылы жаңа ақпарат
беру 5 минут
-
Сәйкестендіру 5
минут
ІІІ. Қорытынды кезең 3
минут
Тәрбие сағатының
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
Сәлеметсіздерме оқушылар! Қалдарыңыз қалай?
Көңіл күйлеріңіз қалай? Бүгінгі күнге барлықтарыңызға көтеріңкі
көңіл күй және сәттілік тілеймін. Бүгінгі тәрбие сағатын бастамас
бұрын сіздермен тренинг өткізіп
алайық.
Менің қолымда гүл бар, мен бұл
гүлді тілек айту арқылы келесі оқушығы беремін. Мысалы, бүгін сенің
гүлдей жайнап жүруіңе тілектеспін.
Бүгінгі тақырыбымыз
«Тәуелсіздікке 30
жыл». 1991 жылы КСРО ыдырап,
Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты.
Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда
Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі
туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы
елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды
қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның
Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта
түсті.
Қазақстанның Тәуелсіздігін
ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка
Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң
Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония,
Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран —
Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Ал
“Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті
мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия
алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді
мойындауда он жетінші болды.
ІІ. Негізгі
кезең
- Видеоролик арқылы жаңа
ақпарат беру
https://youtu.be/gebdwRb6Pw8
«Ой ашар» сұрақ — жауап
әдісі(желтоқсан оқиғасы туралы толық
ақпарат)
-
— Отан дегеніміз не? Оны қалай
түсінесіңдер?
-
— Біздің Отанымыз
-….
-
— Біз қай
ұлтпыз?
-
— Қандай
Республикамыз?
-
— Біздің ана тіліміз қандай
тіл?
-
— Елбасымыз
кім?
-
— Балалар, біз қандай
елміз?
-
— Қай жылы тәуелсіздік
алдық?
-
— Неше жылдығын тойлағалы
жатырмыз?
-
— Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда
болды?
-
Сонымен қатар біздің
рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап
шығайықшы.
- Видеоролик арқылы жаңа
ақпарат беру
https://youtu.be/R8cK9ZM24sQ
(желтоқсан желі
әні)
-Кластер
құру

- Видеоролик арқылы жаңа
ақпарат беру
https://youtu.be/GmctE6C1LEM
(30 жылда жеткен тәуелсіздік
жетістіктері)
-Сәйкестендіру
ІІІ. Қорытынды
кезең
Сонымен балалар, бүгін біз
дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті
еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк
байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі — осы
Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса
Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп
құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз.
Елімізді ішкі — сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда
ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас
болмақ
Рефлексия
