Тақырыбы: Тәуелсіздікке 30
жыл
Оқу іс-әрекетінің
мақсаты: Балаларды Отанды
сүюге,Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге
деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.Сөйлеу мәнерін
қалыптастырып,қойылған сұрақтарға дұрыс толық жауап беруге
қадағалау.
Көрнекіліктер:Елбасы Н.Ә Назарбаевтің
суреті,Қазақстан республикасының туы,елтаңбасы,әнұраны және тағыда
басқа суреттер.
Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру.көрсету,сұрақ-жауап.
Оқу іс-әрекетінің
барысы:Балалар бүгін біздің тәрбие
сағатымыз өте ерекше.
Балалар 16-шы желтоқсан
тәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді. Ендеше мерекемізге
байланысты тәрбие сағатымызды бастайық.
Әнұран
орындалады.
«Атамекен » әні: Балалар
билейді.
Тәрбиеші: Отырыңдар
балалар.
Тәрбиеші: Балалар жылдың қай
мезгілі?
Балалар: Қыс.Қыс мезгілі неше
айға бөлінеді?
Балалар:
Үш,желтоқсан,қаңтар,ақпан. Қыс мезгілі бізде үш ай қонақта болады
екен . ия?
Тәрбиеші:Балалар кім айтады?
Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар:Қазақстан
республикасы,өте дұрыс.
Балалар ,ерте кезде елімізді
хандар сұлтандар басқарған?
Ал,қазір өзіміздің тұңғыш
елбасымыз бар.
Балалар айтыңдаршы біздің
елбасымыз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
Ал қазіргі елбасымыз Қасым
Жомарт Тоқаев.
Біздің еліміз
қандай?
Тәрбиеші: Балалар мемлекеттік
рәміздерге нелер жатады? Ту,Елтаңба,Әнұран.
Тәрбиеші: Балалар біз
елбасымызбен, мемлекеттік рәміздермен таныстық
Ендеше мен сендерге жұмбақ
жасырамын балалар.
1.Алтын күн
аспаны
Алтын дән
даласы
Айтатын
әнұран
Қай елдің баласы (қазақ елінің
баласы)
2.Еліміздің
тірегі
Жеріміздің
жүрегі
Бас қаланың
есімін,
Қане кім біледі
(Астана)
3.Көк аспанда түсі
бар
Ортасында күні
бар
Қыран құстай
қалықтап
Кімнің туы біліп ал
(Қазақстанның мемлекеттік туы)
Тәрбиеші: Балалар есімізге
түсірейікші мемлекеттік туымыз қандай?
Мына суретте не бейнеленген.
Тудың түсі көк,ол ашық аспанды білдіреді.
Қыран құс еліміздің
тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек қазақ халқының шеберлігінің
белгісі.
Елтаңба .Шаңырақ қазақ атты
үйіміздің жарық түсетін саңылағы.
Арғымақ еркіндіктің
белгісі.Жұлдыз жол сілтеуші жарық белгі.
Тәрбиеші: Балалар қане
тәуелсіздімізге арналған тақпағымызды айтайықшы.
1.Жайна. Отаным Қазақстан,Құтты
болсын мерекен!
2.Айсұлтан. Елім де соғады жүрегім,Жерім
деп соғады жүрегім.
3.Бексұлтан. Отыз жылдығын құтты боп,Ата
берсін ақ таңын.
4.Қазына.
Абыройың
асқақ боп, Жасай берші гүл елім.
5 Арман
Өзіңді
мақтан етемін,Қазақстаным Отаным.
6.Айзере. Отыз жылдығын биылғы,Құтты
болсын нұр елім.
7.Бақнұр.
Қазақ
елім Отаным,Құтты болсын мерекең.
Балалар тәуелсіз еліміздің жер
теңдігі.Өзіміздің туымыз,Елтаңба Әнұранымыз бар
Ия, балалар.
Енді Отанымыз туралы
мақал-мәтел айтайықшы.
1.Отан қуат,Отбасы
шуақ.
2.Отансыздың оты
жанбайды.
3.Отбасым алтын
бесігім.
4. Отан отбасынан
басталады.
5. Отансыз адам.Ормансыз
бұлбұл.
6. Отан оттанда
ыстық.
Шығармашылық жұмыс
(топпен)
Қорытынды: Балалар бүгін біз
тәуелсіздік күніне байланысты, Елбасымызбен, еліміздің рәміздерімен
таныстық. Сендерге үлкен рахмет айтамын.Аспанымыз ашық,еліміз тыныш
болсын деймін.Қазақстанымыз жасай берсін!
Тәуелсіздік күні құтты
болсын!
Ана біздің күніміз,Ана
біздің гүліміз.
8-Наурыз аналар мерекесіне
арналған ертеңгілік, Ересек топ.
Аяулы әжелер,ардақты
аналар,қадірлі қызғалдақ қыздарымыз.Көңілдерінізге көктем шуағы,нұр
құйып 8-наурыз аналар мерекесіде келіп жетті.Бүгінгі мерекемізге
Қош келдіңіздер! Осындай көктем мерекелерінің әрқашан орны бөлек.
Бүгінгі біздің ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Ән: «Анашым ана жаным»
Орындайтын: Нұржан Айзере.
Аналарға арналған тақпақтар
бүлдіршіндеріміздің.
1.Мәпелеп мені өсірген
Ержігіт
Ризамын мен
өзіңе
Ана деген
керемет
Сыйлап өтем
өмірде
2.Анашым менің
анашым
Мәпелеп өсірген сен
едің
Мейірімін қандай
керемет
Анашым менің анашым
Жайна
3.Менің әжем гүл
әжем
Айтқан сөзі дәл
әжем
Аман болса
көреді
Қызығымды әлі әжем.
Қазына
4.Аялаған
анашым
Мәпелеген
анашым
Менің саған
тілерім
Қартаймашы Анашым.
Бексұлтан
5.Ана біздің
күніміз,
Ана біздің
гүліміз
Аналардан
тарайды
Біздің ана тіліміз.
Бақнұр
6.Бәріңізде
анасын
Біз үшін күн болып
жанасын
Құтты болсын
мейрамың
Құттықтаймын анашым.
Айсұлтан
7.Теңдесі жоқ
данасын
Арқа сүйер
панасын
Еңбегініді
ақтаймын
Аман болшы анашым .
Айзере
Би: Әжелер
биі.
Ән: Аякөз қайда
барасың?
Орындайтын: Аманжолқызы
Қазына.
Қорытынды. Құрметті
қонақтар,әжелер,аналар,апайлар сіздерді келіп жеткен көктемнің
алғашқы мерекесі 8-Наурыз Аналар мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз.Отбастарыныз аман,дендерінізге саулық,қуаныш,бақыт
сұлулық тілейміз.
Ата-аналардың құттықтау
тілектері.
«Армысың, Әз
Наурыз!»
Тақырыбы: «Армысың, Әз
Наурыз!»
Мақсаты: Ересек топ балаларын
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен
таныстыру.Наурыз мерекесі туралы түсіндіру.Балалардың қабілеттерін
дамыту.Мерекемізге жақсы көңіл күй қалыптастыру.Ұлттық ойындар
арқылы балалардың тілдік сөздік қорларын дамыту.Туған елімізге
жерімізге деген сүйіспеншіліктерін дәстүрімізді
құрметтеуге,үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар. Қазақы бұрыш,
ұлттық дастархан.
Ән: Хормен «Наурыз
көктем»
Бүлдіршіндердің
тақпақтары.
1.Қазына.
Наурыз тойы
–тамаша,
Наурыз тойы-
жаңаша.
Табиғатта
тамаша,
Тамылжып тұр
жараса.
2.Бексұлтан.
Наурыз тойым,Наурыз тойым
.
Құтты болсын
халайық!
Қане достар,қане
достар
Шырқап әнге
салайық.
3.Айзере.
Көктем келді
балақай
Жасарды
жер,алақай
Наурыз тойын
тойлайық,
Әсем әнге
салайық.
4.Жайна.
Наурыз келді сан
құрып
Жасарды
жаңғырып
Құлпырды жер мен
көк
Мейірім таң
күліп
5.Айсұлтан.
Жылдың басы
Наурыз
Жердің басы
Наурыз
Мерекеге
арналсын
Бүгінгі жыр
әніміз.
6.Бақнұр.
Уа,ағайын
халайық,
Мұнда назар
салайық.
Мерекесі
халықтың
Наурыз тойын
бастайық!
7.Жылдың басы
Наурыз
Жердің басы
Наурыз
Мерекеге
арналсын
Бүгінгі жыр
әніміз.
Би: Ұлдар «Ұлытау»
биі
Ұлттық
ойындар
1.Қол күрес
2.Арқан
тарту
3.Асық ату
4.Қыз қуу
5. Балаларға сыйлықтар
беріледі ойынға белсене қатысқаны үшін.
Би:Қыздар «Көңілді
күн»
Тәрбиеші: Осымен Наурыз
меркесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз
мерекесі құтты болсын.
Қазақтың ұлттық ойыны
Ханталапай ойыны.
Талапай-ау
талапай,
Табылды ойын
алақай
Асықты алға
шашамыз,
Талапайға
басамыз.
Қазақта асықпен
ойналатын ойынның түрі өте көп.Сондай ойынның бір түрі Ханталапай
ойыны. Асықпен тек ер балалар емес,қыз балаларда ойнайтын болған.
Мәселен,Ханталапай ойыны қыз балаларға да арналған. Мектебімізде
1-наурыз Алғыс айту мерекесіне орай мектепішілік «Ханталапай» ойыны
«Алпамыс» тобында ұйымдастырылды. Ойынды өткізудегі менің негізгі
мақсатым : Тәрбиеленушілердің жылдам санау дағдыларын пысықтау.,
Асықтарды санау барысында артық кем деген түсініктерін
қалыптастыру.Ойын мергендікке,шапшандыққа жылдамдыққа тәрбиелейді.
Ойын еденге жайылған киіз немесе тықыр кілем бетінде ойналады.
Ойыншылар саны екеу болса қарама-қарсы, онан көп болса айнала
отырады. Ойын үшін он асық таңдап алынады. Он бірінші асық
өзгелерден ерекшеленіп тұруы қажет. Оның түсі не қызыл, не көк
болуы болуы шарт.Он бірінші асық өзгелерден ерекшеле болуы
қажет соған беріледі. Сондай-ақ хан
мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай
жазылады.Хантапай
.
Саматова
Гүлім
Н.Мейірманов
атындағы жалпы білім беретін мектебінің
Шағын орталық
тобының тәрбиешісі.