400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Тәуелсіздіктің ақ таңы (пікірталас) 11 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіз Қазақстан рәміздерімізбен мақтаныш, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Гимнімен айбатты екендігін, тәуелсіздіктің қасиетті де киелі екендігін оқушы көкірегіне ұялата білу; Қазақ болып туғанына бай, байтақ өлкеде тұрғанына қуанатын,тәуелсіз, еркін елдің ұланы болғанына «тәуба» деу керектігін сезіне түсу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

7.12.2020 ж



Сыныбы

11-сынып

Тәрбие сағаты

Пікір алмасу

Сабақтың тақырыбы

Тәуелсіздіктің ақ таңы

Ұйымдастырушы

ДТІЖО Бижанова Гульнара Сулейменовна

Жалпы мақсаты

Тәуелсіз Қазақстан рәміздерімізбен мақтаныш, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Гимнімен айбатты екендігін, тәуелсіздіктің қасиетті де киелі екендігін оқушы көкірегіне ұялата білу;

Қазақ болып туғанына бай, байтақ өлкеде тұрғанына қуанатын,тәуелсіз, еркін елдің ұланы болғанына «тәуба» деу керектігін сезіне түсу.

Сілтеме

Тәуелсіз Қазақстан, ондағы халықтар туралы слайдтар

Оқыту нәтижелері

Қазақстанның тәуелсіздігін түсінетін қажеттілікті жүзеге асырады

Белсенділік танытады

Ойларын еркін, шынайы жеткізе алады

Тақырыбты аша алады, идеяны түсінеді, көшбасшылықты көрсетеді.

Жадына сақтайды

Негізгі идеялар

«Игі мақсатқа тура жүрген жетеді» (Фирдоуси)

Тапсырма көздері

1-тапсырма.

Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңіз?

2-тапсырма. Тәуелсіздік құндылықтары қалай бағаланады?

Н.Ә.Назарбаевтың кітаптарынан дәлел келтіріңіз.


3-тапсырма.

1.Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы неде деп ойлайсыңыз?

2. Н.Назарбаевтың «Ұлттық идея негізі – Мәңгілік Ел» тұжырымын Н.Назарбаев еңбектерін пайдалана отырып, өз сөздеріңмен айтып беріңіз.



4-тапсырма. Тәуелсіздік ұланысыз. Тарихты білетін ұрпақсыз. Немен мақтана аласыз. Пікіріңізді дәлелдеп сөйлеңіз.



Міндеттері

Дәлелдерін, нақты мысалдарын әзірлеу;

Пікірін нақты деректерге құру;

Газеттерден, Н.Ә.Назарбаев кітаптарынан мысал айту;

Шебер, шешен сөйлеу;

Сөйлеу мәдениетін сақтау.

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан нені білдіңіз? Алған әсеріңізді жазыңыз.







2020 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты мереке болмақ. 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп: «Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.»,- деп алда кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге халықты шақырды. Елбасы: «Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды», - дей келіп, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрғанын атап өтті.


Ән. «Жаса,Қазақстан»

1-тапсырма. Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңіз?

Біз тарихқа көз жіберсек, тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Бүгінгі еркін күнді, бейбіт күнді түсініп-түйсіну үшін, болашаққа жүру үшін өткенге көз жіберу арқылы Тәуелсіздіктің қасиет тұнған ұлы ұғым екенін біле аламыз.

Осыдан бір жарым мың жылдай бұрын біздің ата-бабаларымыз өздерінің тұңғыш ұлы мемлекетін – Түркі қағандығын құрды.

Түркі қағандығы тұсында бастау алған мемлекетті тарихи оқиғалар көп өзгеріске ұшыратты.

Қазақ мемлекетінің дүниеге келуі Жәнібек пен Керей хандарының есімдерімен, 1480 жылдан бастап Бұрындық ханның атымен байланыстырылады.

ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, шек-шеңбері кеңи түсті.

Қазақ мемлекетінің құрылуы оның құқықтық негізін жасауға мүмкіндік берді. (Сол кезде Тәуке ханның «Жеті жарғысы» шықты.)

(Дұрыс. Мен де ойымды ортаға салайын).

Қазақ даласына дұшпан көздері көп қадалған. ХҮІІІ ғасырда Қазақстанның сыртқы саяси жағдайы шиеленіскен. Басты қауіп Жоңғар хандығы тарапынан төніп тұрды. Бұланты өзенінің бойындағы Жоңғар қолы мен қазақ жасақтарының ірі шайқасындағы жеңіс қазақ ұлтын ұйытты. 1730 жылғы Аңырақай шайқасында да жеңіске жетті. Қазақ тарихындағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған жылдар ұзақ уақыт жазылмайтын жара салды. Қиын-қыстау кезде ел жүгін мойнымен арқалаған Қабанбай, Бөгенбай, Есет т.б. Төле, Әйтеке, Қазыбек билер сынды ерлер, би-шешендер, батырлар болды.

Ел басына күн туғанда қолбасы ретінде де, дипломант ретінде де көрегендік танытқан Абылай хан болды.

Қазақстанның Ресейге қосылуы бір жарым ғасырға созылған. Ол бейбіт жолмен де, әскери күшпен де жүргізілген.

Бір жағынан Қоқан мен Хиуаның басып кіруіне қарсы күрескен қазақ халқы табандылық танытты.

Халықтың тәуелсіздік жолындағы күресін бастаған Сырым Датов, Жоламан Тіленшіұлы, Исатай Тайманов, Махамбет, Кенесары Қасымовтар елдігіміздің тарихына жазылды.

Ұлттың бірлесуін мұрат қылған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедовтер азаттық қозғалысының тізгінін қолдарына алды.

1929-1933 жылдардағы аштықтан, індеттен елде үлкен зобалаң туды.

Социализмнің өзі экологиялық апат – Арал трагедиясына әкелді. Әскерилердің әсіреңкі әрекеттері Семей қасіретін туғызды. Қазақ елі осындай қиындықты көрген. Сана еркіндігі 1986 жылғы желтоқсанда күркіреген күндей болып, Алматыда жаңғырды.

1991 жылы қазақ елі Тәуелсіздікке қол жеткізді. Міне, Тәуелсіздік! Ол оңайлықпен келмеді. Сондықтан да Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым. Ойымды ақын Қалқаман Сариннің өлеңімен жинақтағым келіп тұр.

Еркіндігім.

Қасиетім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұн!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа,Еркіндік,

Қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш

Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!

...Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азатықтың әр сәті-

Аманат қой

Маған,

Саған

Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,

Езгі күнге тері қылдым еңсемді!

Желтоқсанда жалын атып жастығым,

Құрсау болған темір қоғам теңселді!

Есте даңқы қыршындардың қалды ма,

Сексен алты ерлігім бе-ей,ең соңғы!?

Уа,еркіндік,

Құның немен өлшенді?!

Сені көксеп

Боздақтарым өлсе өлді!

Сенсің менің ең ғажайын өлеңім,

Ең шуақты,

Ең шырайлы,

Ең шерлі!

Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-

Кұдай берген ғұмырымда өлшеулі!

2-тапсырма. Тәуелсіздік құндылықтары деп нені түсіндіңіз? Н.Ә.Назарбаевтың кітаптарынан дәлел келтіріңіз.

Тәуелсіз Қазақстанның ең басты құндылығы - адам. Қазақстан халқы. Қазақстан халқы бейбіт түрде өмір сүріп отыр.

Мен үшін тағы бір үлкен құндылық – әскерилердің әсіреңкі әрекеттерінен туған Семей полигонының жабылуы. Сондай-ақ ядролық қарудан бас тартуы. Мен Н.Ә.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабынан оқыдым, онда: «1947 жылы 21 тамызда КСРО үкіметі арнайы Қаулысымен құпия қала құру туралы шешім қабылдап, оған «Семей – 21» деген жасырын ат берді. Қала әскери-өнеркәсіптік кешеннің мүлдем жаңа құрылымына – ядролық сынақ полигонына толық қызмет етуге тиіс болды. Алға қойылған міндеттің бұрын-соңды көз көрмеген құрамы ескеріле отырып, ядролық сынақ полигонына оған жақын жайылымдар, шабындықтар, таулы қыраттар есебінен 18 мың шаршы километрдей жер бөліп берілді» делінген. 1949 жылы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат 7-де отты доп жерге қадалып, жерді жалмап кеткендей болған. Бұл - Семейде ядролық сынақ полигонында атом бомбасының жарылуы еді. Жарты ғасырға жуық уақыт ішінде Семей полигонында 456 жарылыс болған. Тәуелсіздікке ие болған бойда Қазақстандағы ядролық сынақ құрбандарына көмектесудің үкіметтік бағдарламалары қабылданды. Ядролық сынақтарға тыйым салынып, жабылды. Мұны бүкіл Жер шары біледі әрі бағалайды, қолдайды. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап-ақ бейбітшіл сыртқы саяси бағытты таңдап алған. Бұл жөніңде Н.Назарбаев өзіннің «Тәуелсіздік белестері» кітабында айтады. Елбасы сөздерінен көп ой түйемін. Қазақстан -қырып-жою қарулары мен соғыс індеттерінен, жанжалдардан азат әлем құруға бағытталған іс-шараларды жалғастыра беретін ел.

Тәуелсіздік құндылықтары өте көп. Құндылықтар бағаланады. Біздің тәуелсіздікпен атқан әрбір таңымыз Тәуелсіздіктің ақ таңы. Бұл біз үшін басты құндылық.

Тәуелсіздік құндылықтарының бірі – Қазақстанның зайырлы қоғам және жоғары руханиятта болуы. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім және Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы құндылықтары арқасында үнемі жаңарып, дамып отырамыз.

Қазақстан 2016 жылғы 17 маусымда экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Бәсекелестік жөніндегі комитетінің мүшелігіне қабылданды. Бұның өзі экономиканы қалыптастыруға әсер етті. Бұның өзі ұлттың ұйымшылдығын, жұрттың ынтымақтастығын көрсетіп, Қазақстанның әлемдегі абыройын асқақтата түседі.

Сонымен қатар, Қазақстан 2016 жылғы 28 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Бұл Кеңес –БҰҰ-ның Жарғысымен «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің басты жауапкершілігі» жүктелген, тұрақты жұмыс істейтін орган. Еліміздің оған мүше болуы - Қазақстанның беделі мен еңбегінің мойындалуы. Қазақстан бейбітшілікті, қауіпсіздікті, орнықты дамуды жақтайтынын тәуелсіздік жылдарының бәрінде де істерімен дәлелдеп келеді.

Қазақстан әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық терроризм мен экстремизм әрекеттерін қатаң айыптаумен келеді. Мемлекетіміз болашақтың қазіргіден де сенімді және игілікті болу үшін өзіне берілген мүмкіндікті пайдаланып қалуға ұмтылады. Өйткені тұрақты әрі қауіпсіз әлем – азаматтарымыз бен келешек ұрпақтарымыз үшін аса қажетті, қасиетті құндылық болатынын Н.Назарбаев кітаптарын оқумен де, қоғамдағы өзгерістерден де, ойыма түйгенмен де сезініп өсіп келемін.



3-тапсырма. Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы не деп ойлайсыз? Шынында да, Елбасы айтқандай, жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.

Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы – Мәңгілік Ел. «Мәңгілік Ел – Бабаларымыздың арманы, Қазақстанның ұлттық идеясы. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық, - дейді Елбасы. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы» , - деп көрсетті Н.Назарбаев. Мәңгілік Ел ұғымы ұлттың ұлы бағдары «Қазақстан – 2050» стратегиясының түп қазығы екенін түсініп тұрмын.

Тарихтан оқып отырсақ, алауыздық талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Жер бетінен көптеген ұлттар жойылып та кеткен. Тарихтың өткенінен сабақ алуымыз керек. Ол сабақтың түйіні – Мәңгілік Ел идеясын ұстану. Бақытымыз да, қанағатымыз да болатын Тәуелсіздікті сақтау – аманат.

«Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын.

Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын!», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Жалпы халықтың әлеуметтік көңіл күйі Қазақстанның ілгерлеуінің маңызды индикаторы екенін біліп өскеніміз болашақ үшін керек екенін білгеніміз абзал. «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыратын да, жемісін көретін де біздер, жастар, болғандықтан, немқұрайлық танытпауымыз қажет. (Болашақ туралы өзің жазған шағын эссе оқиды.)

4-тапсырма. Тәуелсіздік ұланысыз. Тарихты оқып, түсініп жүрген ұрпақсыз. Немен мақтана аласыз?

Мен ең алдымен Астананың құрылуымен мақтанамын. Қысы ақ боран, жазы ыстық болып келетін Арқа төрінен Қазақстанның астанасы етіп Астана құрылды. Бұл, әрине Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегенділігі еді (Астана слайды. Тек көрсетіледі.)

Елімнің жетістіктерімен мақтанамын.

Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға - алғаш рет Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайланды. Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.

(Президент туралы өлең оқу)


10 желтоқсан күні Алматыдағы Республика сарайында Президентті ұлықтау рәсімі өтті. (Слайд көрсету)

Нұрсұлтан На­зарбаев республиканың көпэтносты халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын қатаң сақтауға, азаматтардың еркіндігі мен құқықтарын кепілдендіруге, Қазақстан Республикасының Пре­зидентіне жүктелген міндеттерді адал орындауға ант берді. Одан кейінгі мемлекет құрылысының табысты жылдары Мемлекет басшысының Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Рес­пуб­ликасы деп өзгертті. Еліміз бүгінде бүкіл әлемге танымал жаңа атқа ие болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конс­титуциялық заңы

1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды. Осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті.

Мен осы Заңның шыққанына қуанамын.


Мен 130 астам әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті бірлікте тұратынын мақтаныш ете аламын.

Мен ата-анаммен, достарыммен, ұстаздарыммен бірге болғаныма мақтанамын. Білім алғаныма, бейбіт күнде өмір сүргеніме қуанамын.(Слайд көрсету)

Спортшылар, құрылысшылар слайдын көрсету.

Слайдтарды көрсетіп, бәрін болғасын:


Алла берген Азаттақтың әр сәті –

Аманат қой

Маған

Саған

Оған да!

деп аяқтау керек.



Ән. «Көк тудың желбірегені»



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
1700
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі