Сабақ
тақырыбы: «Желтоқсанда үзілген жауқазын»
Мақсаты:
Оқушылардың өз бетімен желтоқсан жайлы мағлұмат
жинақтай отырып, оқиғаның маңызыдылығын, тарихта алатын орнынын
анықтауға дағдыландырып, үйрету. Желтоқсан оқиғасының аз таныс
жағын ашып көрсете білуге , оқушыларды ұлтжандылыққа, елжандылыққа
тәрбиелеу. Өз отанының батырларын мақтан тұта білуге тәрбиелеу.
Бірігіп еңбек етуге, топпен жұмыс жүргізуге дағдыландыру.
Оқушылардың іздену, сараптау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: көрме, фотосуреттер,
мульти-медиалық кешен, магнитафон, үнтаспа
Сабақ
түрі : зерттеу
сабақ
Сабақ
барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі /
сыныпты топтарға алдын ала бөлу.
1- топ
- тарихшылар, 2-
топ- саясаткерлер, 3- топ-
дәрігерлер,
4- топ
-куәгерлер, 6- әдебиетшілер 7- сарапшылар .
Топтар өздеріне тиесілі тапсырмалар мен мұғалім нұсқауын алдан ала
жинақтайды
Сабақ барысы
Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы мен
мақсатымен таныстырып кетеді.
- Құрметті оқушылар біз бүгін тарих
сабағында Қазақстан мемлекетінің тарихында үлкен орын алатын тарихи
оқиғаны қарастырғалы отырымыз. Ол Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігіне алғашқы қадам болған, өз елінің тәуелсіздігі,
еркіндігі, өз халқы үшін 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы
қаласының Брежнев алаңына шыққан қазақ жастарының бейбіт шеруі. Бұл
күні алаңға барған жастар оларды азаптап, соққыға салынатындықтарын
, оларға «ұлтшыл» деген атақ беретінін білген жоқ. Олар тек
өздерінің Қазақстан жерін қазақа немесе Қазақстандық азаматының
басқарғанын қалап, осы мәселе жайлы өз ойларын естіртпек болды.
Міне сіздер өздеіңіз осы :
-
Қазақ жастарын қандай күш айдап барды
?
-
1986 жылдың 17-18
желтоқсанында Брежнев алаңында не болғаны жайлы ?
-
Қазақ жастары осы
күндері қандай қианат, қиындықтар көрді ?
-
Желтоқсан құрбандары
және олардың тағдырлары не болды ?
-
Қазіргі таңдағы осы қайғылы оқиғаның орны
қандай ? -деген сұраққа өздеріңіз тапқан жауаптарыңызды ортаға
салуға шақырамын. Соныме сөз кезегі
Тарихшылар: 1. Қазақ
жастарын қандай күш айдап барды ?
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы Қазақстанға
тоқталады . Сонымен қатар 1986 жылғы 16 желтоқсанда өткен КОКП ОК
нұсқауымен өткен Қазақстан КП ОК пленум барысында Қазақстанды 40-
жылдай басқарған Д.Қонаевтың орнына Колбиннің тағайындалуы жайлы
мәселе қарастырылғанды. Пленум не бары 18 минут жүріп, осы пленумда
Д. Қонаев өзінің демалысқа кететіндігі жайлы хабардар
болады.
Г.В. Колбин – ол
кім?, қайдан келген ? деген сұрақ туындайды бұл сұраққа
жауапты- Тарихшылар Колбин Г.В.
жайлы тарихи анқытама береді.
Қонаев Д Колбин
Г

Оқушылар екі басшы жайлы Венн диаграммасын
құрастырады. Өз ойларын ортаға салады.
Саясаттанушылар: 2. 1986
жылдың 17-18 желтоқсанында Брежнев алаңында не болғаны жайлы
? жауап береді
1986 жылғы 17-18
желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің
қанды оқиғаға айналуы жайлы мәліметтер береді. Желтоқсанға
қатысушылардың естеліктері оқылады.
Желтоқсан желі- әні
орындалады.
Желтоқсан
құрбандары. Желтоқсан құрбандары және
олардың тағдырлары не болды Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі
студент жастар Солардың ішінен атап кететін болсақ: Қайрат ,
Ләззат, Сабира, Ерболв, Тәшенов Түгелбай , Күзембаев Қайыргелді,
Тайжұмаев Жамбылбек, Көпесбаев Ертайт.т.б. тоқталып кетуге болады.
Сонымен қатар біздің жерлестеріміз:
Қайрат Рысқұлбеков
жайлы мәлімет: 1966 жылы 13.03 Жамбыл
облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында малшы отбасында дүниеге
келген. 1973-81 жылдары Шу ауданы Төле би ауылындағы
мектеп-интернатта 8-жылдық білім алған. 1981-83 жылдары Бірліктегі
Киров атындағы орта мектепті бітіріп,1984-86 әскери қатарғ,
алынған. Мектепте белсенді комсомол мүшелерінің бірі болған. 1986
жылы жодамамен Алматы сәулет- құрылыс институтына түседі. 1986 жылы
16 желтоқсанда блейбіт шеруге қатысады.Қайрат тұтқындалып 18
желтоқсанда сағат 11 бастап Мир және Сәтпаев көшелерінің қиылысында
бейбестық жасап Савитскийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады
деген айып тағалағылып 6- ай жүрген Бесеудің соттың соңғы үкімін
1987 жылдың 16 маусымда мынандай үкім шығарды:
1. Рысқұлбеков Қайрат
Ноғайбайұлы 1966 жылы туған, Алматы сәулет-құрылыс институтының
1-курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға,
65-бап-12 жылға, 173-1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтығық ең ауыр-
өлім жазасына кесілді
4. Күзембаев Қайыркелді Қалиақпарұлы 1959
жылғы ,- Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-3 жылға, 65-бап-12
жылға, 15,88 ч.1 п. В және 17, 173-1 Қылмыстық кодекстің 37-бабы ,
жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-14жылға бас бостандығынан
айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.
Көрнініс «Кайраттың ақтық сөзі.» « Жарайды
қазақ халқы үшін мен-ақ құрбан болайын. Бірақ, айналайын жұртым,
менің адал екенімді, қандақол еместігімді біліңдер».
Тілшілер:
Желтоқсан жаңғырығы шет елдерге де жетті . Шет
ел азаматтары алаңға шығушыларға қолданған шараларға өз
наразылықтарын, әсіресе 6-ай жүрген тергеуден соң қазақ түрік
баласы Қайраттың өлім жазасына кесілуі қатты қобалжытты. Атап
айтатынт болсақ: Польша, Венгрия, Чехия, Түркия, Батыс Германиядағы
түрік елі комитеттері М.С.Горбачевке өлім жазасына кесілген қазақ
студентіне кешірім беру жөнінде мәлімдеме хат жіберді.Чехия «Харти
-77 Польша-Бостандық пен бейбітшілік үшін күрес ұйымы-70 поляк
өкілдерінің қолымен үндеулерін Кеңес Одағына
жолдады.
1987 жылы 28 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңес
Президиумының жарлығымен Қайратқа кесілген өлім жазасы 20 жыл бас
бостандығын айырумен ауыстырылады.
Қайраттың ақтық хаты
оқылады.
Сарапшылар: Қайраттың
құпия өлімі. 1987 жылы Семей қаласының түрмесінде 21 камерада
көршісі Власенконың ішк иіміне асылынып өлген. Бұл Кешірім күтіп
отырған Қайратқа ұқсамайды. Неге біз бұл жағдайды құпия өлім деп
отырмыз. Қайраттың тергеу кезінде жазған хаты мен соңғы қоштасу
хатын салыстыратын болсақ: Қайрат әр кезде 2-3 жол сайын
туысқандардың жағдайын сұраған. Өзін ақтайтындығына күмәні болмаған
өмір сүйгіш Қайрат кенет өзіне- өзі қол салған. Осы жағдайды
қарастыра отырып, мынандай келеңсіз жағдайға тоқталуға
болады.:
1. Қолтаңбалары ұқсамайды.
2 Жазу стилі басқаша: хат Семейліктердің
диаліктісіне ұқсақ Қайрат болса Оңтүстік Қазақстан
жігіті.
3 Власенко Қайрат соңғы хатын целофанға
орап Жеп қойған десе, ал соңғы хат таза әрі умаждалмаған болса
керек.
4. Власенко өз іш киімін Қайратқа оның таза
іш киімі юболмағандықтан берген десе, Подполковник Кутько т.б қол
қойған актіде Қайраттың сөмкесінде бірнеше іш киім бар екендігі
жазылған Осы жағдайдың барлығы Қайратты кім өлтірді ? -деген сұрақ
тудырады. Осы сияқты кезінде беті ашылмаған желтоқсанға байланысты
сұрақтарға жауаптар жаңадан ашылынып жатыр. Оның бәрі қолымыз
жеткен тәуелсіздігімізде.
М. Шаханов Оралу өлеңі
оқылады.
Сарапшылар: Қазіргі
таңдағы осы қайғылы оқиғаның орны қандай ?
Жалпы
желтоқсандықтардың мақсаты -өз алдына демократиялық мемлекет
болмақ. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қол жеткізе алмаған
тәуелсіздікке қол жеткізу болатын. Желтоқсан оқиғасы
Қазақстандықтардың есінен кетпейтін, ауыр және қайғылы жағдайлары.
Дегенмен де «Желтоқсан партиясы» құрылып қазақ азаматтары және
депутат М Шахановтың күшімен көптеген желтоқасншылар тізімі
жасалынып , мемлекет оларды ақтағандығына не жетсін. Осыған орай
мемлекетіміздің тарапынан:
1. 1991 жылы Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев «1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан
оқиғасыннда кезінде жазықсыз жазланғандарды түгелдей
ақтады.»
2. 17 желтоқсан Қазақстан Республикасының
жаңару күні.
3. Қазақстан Республикасының Президентінің
жарлығы Қ.Н.Рысқұлбековке жоғары ерекшелік белгісі- «Халық
Қаһарманы» атағын беру туралы
1986 жылығы желтоқсан оқиғалары кезінде
Республиканың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында көрсеткен
азаматтық ерлігі үшін Алматы сәулет-құрылыс интитутының бұрынға
студенті Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке /марқұм/ жоғары ерекшелік
белгісі-« Халық Қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік
белгісі- «Алтын жұлдыз» тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев 1996 жыл 9- желтоқсан.
4. 2006 жылы Желтоқсан оқиғасының 20
жылдығына орай Алматы қаласында –Желтоқсаншыларға арналған
ескерткіш ашылды.
Бұл
желтоқсан құрбандары мен, Қайратқа көрсетілген құрметтердің тек
бастауын беру туралы. Қазіргі таңда желтоқсан құрбандарының атағына
ие болған мектеп, аудан, көше аттарын жиі кездестіруге болады. Осы
Азаматтардың атаған ақтауға ерендей еңбек қосқан М. Шаханов ағамыз
бастаған қазақ зиялыларының үлесі зор десем артық
болмас.
Әдебиетшілер: Сондай- ақ
қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты қазақстандық ақын жазушылар
өздерінің өлең жолдарын, әңгіме, мақаларын арнауда. Сол 1986 жылы
желтоқсаннан кейін «Қара бауыр қасқалдақ», «Желтоқсан желі»
әндерінің жарық көрсе , қазақ жастары алаңда Шәмшінің әні
«Қазақстанымды» орындаған. Қазіргі таңды бұл ән мемлекеттік гинге
айналуы да бекерге емес. Осындай өлең жолдарын біздің жерлесіміз
Нағашыбай Мұқатов «Қазақтың намысы найза болса» арнаған сондықтан
сабағымызды жерлесміздің өлеңімізбен аяқтағанымыз жөн болады. Өлең
жолдар оқылғаннан кейін: Желтоқсан құрбандарын 1 минуттық
тыныштықпен еске алынады.
Қортынды
Мұғалім сабақты қортындылап, оқушыларды бағалап
үйге тапсырма беріледі. Кесте
|
сұақтар
|
Ақиқат
|
Аңыз
|
|
1. Көтерілістің басталу себебі
|
|
|
|
2. Көтеріліс сипаты
|
|
|
|
3. Желтоқсан құрбандары
|
|
|
|
4. Құрбандарға тағылған кінә
|
|
|
|
5. Құрбандардың қазіргі таңдағы
жағдайы.
|
|
|