400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Таза бала мұнтаздай"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты "Таза бала мұнтаздай" балабақшада. Балаларға тазалық әдебін, тазалық құралдарымен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі

Мақсаты:

Балалардың тазалықтың достары (су, сабын, сүлгі, тарақ, тіс щеткасы, айна) жайында білімдерін толықтыру; баланың жеке бас тазалығын сақтаудың жолдары туралы түсініктерін кеңейту, өздерін ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.

Мотивациялық – қозғаушы

Шаттық шеңбері

Қол ұстасып тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

«Тілек шоғы»

«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіне қайтып оралады» деп қорытынды жасау.

Іздену- ұйымдастыру

Қонаққа Кірқожалақ келеді. Амандасады.

  • Балалалар, мына Кірқожалақты қараңдаршы, үсті - басы қандай кір!

Кірқожалақ: - Балалардың киімдері, денелері қандай тап-таза. Ал, мен болсам..... (ұялып қалады)

  • Кірқожалақ бүгін біз саған таза жүруді үйретеміз. Ең алдымен сені тазалықтың достарымен таныстырайық. Ол үшін біз жұмбақтар шешейік.

Жылт – жылт етеді,

Жылғамен өтеді. (Су)

Дымқылдап күнде сен,

Қолыңа сүйкесең,

Кетіп кір-ласың

Тап-таз боласың. (Сабын)

Шомылған баланы,

Аймалап алады.

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да

Бұл не? (Сүлгі)

Мынадай бір асыл бар,

Бас жоқ, шашы бар.

Болса ондай бұйымың

Ластанбайды тісің. (Тіс щеткасы)

Қарасаң ол да қарайды,

Шашыңды біге тарайды. (Айна)

Аузы бар, көзі жоқ

Тілі бар сөзі жоқ.

Бірақ та тісі бар

Басыңмен ісі бар. (Тарақ)

  • Дұрыс балалар! Біз тазалықтың достарын тақтаға ілдік. Енді осы заттардың қызметімен танысайық.

  • Су – бұл тазалықтың ең негізгі құралы.

  • Сумен біз не істейміз?

Сабынмен жуынсақ., кіріміз бірден кетеді және денеміздегі микробтар өледі. Сүлгі тазалықты сақтауға өте қажетті зат.

Иә, біз тісімізді күніне 2 рет тазалап жүрсек, тісіміз аппақ, сау болады.

-Айна не үшін керек? Айнаға қарап біз ұқыпты киінеміз.

Ал, тарақ ше? Тарақпен біз шашымызды тарап ұқыпты жүреміз.

Дұрыс айтасыңдар балалар! Бұл заттар болмаса, біз Кірқожалақ секілді кір-кір болып жүрер едік.

Сергіту сәті.

Жаттығулар таңертен,
Күнде жасап жүреміз.
Ер жеткенде біз ертең,
Шымыр болып өсеміз.

Ойын: «Не артық?»

Шарты: балалар заттардың ішінен тазалықтың достарына жатпайтын затты табады.

Ойын: «Не жоқ?»

Шарты: Тазалықты сақтауға арналған заттаржың ішінен не жетіспейтіндігін тауып тақтаға ілу керек.

Кірқожалақ: балалар, сендердің арқаларыңда мен тазалықты сақтауға арналған заттармен таныстым. Мен енді оларды күнделікті пайдалануға уәде беремін. Сендер сияқты тап-таза, әдемі болып жүремні. Сендерге көп рахмет. (Кірқожалақ қоштасып шығып кетеді)

Қорытындылау:

Сұрақ-жауап әдісі арқылы түсінгендерін пысықтау:

  • Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді?

  • Оны біз қандай заттармен таныстырдық?

  • Тазалықтың достарына қандай заттар жатады екен?

  • Сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Осымен біздің бүгінгі «Таза бала мұнтаздай» тақырыбындағы өнегелік сабағымыз аяқталды.

Сау болыңдар.



















































«Мерей» шағын орталығы











Тақырыбы:







Орындаған : Кеңесбай Гүлжайна











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.10.2022
679
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі