Тәрбие сагаты «Темекі және оның зияны» 8-сынып

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Тәрбие сагаты «Темекі және оның зияны» 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының түрі: Пікірлесу Көрнекілігі: Салауатты өмір салты туралы қанатты сөздер жазылған презентация, компъютер слайды, темекінің зияндығы туралы жинақтар. т. б.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағатының тақырыбы: «Темекі және оның зияны»

Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтыг сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.

Тәрбие сағатының түрі: Пікірлесу

Көрнекілігі: Салауатты өмір салты туралы қанатты сөздер жазылған презентация, компъютер слайды, темекінің зияндығы туралы жинақтар. т. б.

Барысы:

І. Ұйымдастыру ІІ. Кіріспе бөлімі Егемендіктің тізгінін берік қолға алу үшін, ұрпақтың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым - біліммен жақсы қаруланған болуы шарт. Бүгінгі сабақта адам баласына өте қауіп төндіретін зиянды зат - темекі туралы салмақты ой қозғаймыз. Сонымен адам өмірге темекі тартушы болып келмейді екен, өсе келе жаман әдетке үйір болудан, өз ісіне мән бермеуден, темекі дәмін татып көріп, қалай темекіге тәуелді болғанын байқамай қалып, денсаулығынан айрылып жатады

. Салауатты өмір салты деген не?

1. Спортпен шұғылдану

2. Күн тәртібін ұстау

3. Жеке бас гигиенасын сақтау

4. Жаман қылықтардан аулақ болу: Маскүнемдік, нашақорлық, шылым шегуден

ІІІ. Негізгі бөлім 1. Никотиннің зардаптары

  1. . Елімізде мектеп жасындағы балаларға ішімдіктер мен темекі сатуға болмайтыны заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігіне жасөспірімдердің темекі шегуінің өзі үлкен дәлел болмақ. Бұл жөнінде мамандар «заңды күшейту керек, немесе «балалардың темекіге үйір болуы оның бағасының арзандығында» деген сияқты пікір тудыруда.

  2. .Осы бір зиянды әдет қайдан шыққан? Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке тартып соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы Француздың әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі - дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын тудырған. Әуелгіде емдік шөп ретінде қолданылған. Ресейге саудагерлер арқылы келген.

  3. Темекінің зияны туралы не білеміз? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі зардабынан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе жоғары. Бір түйір темекі тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.

2. Темекімен күрес шаралары қалай жүргізілген? Темекінің зиянын ертерек білген елдер тыйуға әртүрлі шаралар қолданады. - Англияда темекі шеккендерді дарға асқан - 1680 жылы ХІІІ Людовик королъ темекіні еркін сатуға тыйым салып, тек дәрігердің қағазымен ғана дәріханалардан сатып алуға рұхсат берді. - 1692 жылы Сантъ - Ягода кешкілік ғибадатқа кірудің орнына шіркеу есігінің алдында шылым шеккені үшін бас монахты тірілей қабырғаға жабыстырып, бітеп тастаған. - І Петр темекі мен темекі бұйымдарына салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен. - Югаславияда 1987 жылдың 1 - қаңтарынан бастап жұмыс және қоғамдық орындарда оның ішінде мектепте темекі шегуге тыйым салу жөнінде бұйрық берілген. Оны бұзғандар 50 000 динар айып төлейді. - Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен. - Сингапурда темекі шегуге тыйым салынған жерде шылыммен ұсталған адам 1000 долларға дейін айыппұл төлейді. - Қазақстанда кәмелетке толмағандарға темекі сатылмайды және мемлекеттік мекемелерде темекі сатылмасын деген заң бар.

3. Оқушылар пікірлері

1.- Балалар, қалай ойлайсыздар адамдар зиян екенін біле тұра неге темекі тартады?

Бейнеролик көрсету

ІV. Қорытындылау

Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге адамдар темекі шегеді?

Зерттеулер бойынша шылымқорлардың 65 пайызы темекі тартуды тастағысы келгенімен, олардың 80 пайызы өздігінен қоя алмайды екен. Жастардың 20 пайызы ұзақ темекі шегушіліктің зардабын біле бермейді. Біз бір көшедегі тұрғындардан кішкене социологиялық сауалнама жүргізгенімізде: темекі тартатын әйел адам жоқ, 9 ер адам темекі тартады екен. Ең кішісінің жасы 23 те. Темекінің 25 жыл тартқан кісі бар. Барлығы темекінің зияны туралы біледі, бірақ « Темекі шегуді неге тоқтатпайсыз?» деген сұраққа « Шаршағанымды басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінем» деп жауап берді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.03.2023
647
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі