жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім».
Тақырыбы:
«Тіл - тірегім, соғып тұрған
жүрегім».
Мақсаты:
оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап
мақтан етуге тәрбиелеу. Оқушылардың тілін, ой - өрісін, дамыту,
мәнерлеп оқуға, машықтандырып жетілдіру. Туған тілдің қадірін білу,
сол жолда аз еңбек, ерлік істемегендігін
ұғындыру.
Көрнегілігі:
ақын - жазушылардың нақыл
сөздері
Кіріспе
сөз.
Мұғалім:
Құрметті, балалар! Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол
жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі болып
бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді.
Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз - тіліміз. «Адамға екі
нәрсе тірек тегі, Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі» - деп, Жүсіп
Баласағұн бабамыз айтқандай, кез - келген мемлекеттің, елдің ең
негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Біздің Отанымыз - Қазақстан.
Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен
қатар өз тілі бар. 22 қыркүйек Қазақстан Республикасының тілдер
мерекесіне арналған «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты
кешімізді бастауға рұқсат
етіңіздер.
Шаттық
шеңбері.
Оқушылар шеңбер
құрып тұрады, бір - бірімен, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ
тақырыбымен таныстырады. Оқушылар ортаға шығады. Бір - біріне тілек
тілейді.
1 -
оқушы:
Ең бірінші
бақытым - халқым менің,
Соған берем
ойымның алтын кенін.
Ол бар болса
мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ
алтыннан нарқым менің.
2 -
оқушы:
Ал екінші
бақытым - тілім менің,
Тас жүректі
тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде
дүниеден түңілсем де,
Қасиетті
тілімнен түңілмедім.
3 -
оқушы:
Бақытым бар
үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім
десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген
жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ
кел дағы от ал менен.
4 -
оқушы:
Үш бірдей
бақытым бар алақанда,
Мені мұндай
бақытты жаратар ма?!
Үш күн нұрын
төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай,
Арқа, Алатауға!!!
5 -
оқушы:
Ана тілім -
ұраным,
Ана тілім -
құралым.
Ана тілім
болмаса,
Болмас еді жыр
- әнім.
6 -
оқушы:
Ана тілім -
елдігім,
Ана тілім -
ерлігім.
Ана тілім
болмаса,
Бүтінделмес
кемдігім.
7 -
оқушы:
Туған тілім - бабам тілі - өз
тілім,
Туған тілім - анам тілі - өз
тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз
тілім,
Туған тілім - адам тілі - өз
тілім.
8 -
оқушы:
Ана тілің -
ертегің,
Ана тілің -
өркенің,
Ана тілің -
ертеңің.
Қадірле ана тіліңді
-
Жүрегіңнің
бөлшегін.
9 -
оқушы:
Ана тілім – бәрін сөйлер
шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не
білем?!
Тілім барда ғана мынау
ғаламның
Кілтін табар саналысы
сезінем.
О, адамдар, қадіріне
жетіңдер,
Ана тілің – анаң, сыйлап
өтіңдер!
Мұғалім: Мерекеміздің 1 -
кезеңі «Білгенге маржан» (Грамматикалық
сұрақтар).
Оқушыларға әр түрлі сұрақтар
қойылады.
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42
әріп)
2. Неше дауысты дыбыс бар?
(9)
3. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата. (е, і, ө,
ү)
4. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
(3)
5. Жуан дауысты дыбыстарды ата. (а, о, ы, о,
у)
6. Қазақ тілі сабағында біз қай тілде
сөйлесеміз?
7. Жыл
мезгілдерін ата.
8. Бір жылда
неше ай бар?
9. Қазақша апта
күндерін ата.
2 - кезең:
Музыкалық үзіліс.
3 - кезең: «Кім
көп біледі?» мақал - мәтелдер
сайысы.
Тіл туралы
мақал - мәтелдерді жатқа
айту.
1. Жылы сөз
жан... (жібітер).
2. Өнер алды...
(қызыл тіл).
3. Тіл тас
жарады, тас жармаса... (бас
жарады).
4.... (тіл)
қылыштан өткір.
5. Бас кеспек
болса да,... (тіл) кеспек
жоқ.
4 - кезең:
«Ойлан, тап» («Қазақстандықтар» сөзінен басқа сөздер құрау
керек)
9 -
оқушы:
Ана тілі - асыл
күні бабамның,
Қуатымсың ақ
сүтіндей анамның.
Сәби шақтан
бесігіме жыр тыңдап,
Туған тілді
жаттап өскен баламын.
«Оң жол ізде
өмірде көп ойланып,
Алдыңнан атар
таңың арайлап.
Азаматы бар ел
деп - бұл қазақтың,
Талай жұрт
құрметтесін қарай қалып».
Мұғалім:
«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата
- бабамызды, тарихымызды ұмыту»- деген, Б. Момышұлы атамыз. Ана
тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір
- бірімізбен қазақша сөйлесейік.
І Мұғалімнің сөзі
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Мектебімізде 22 қыркүйек- ҚР халықтарының тілдері күні мерекесіне орай 17-24 қыркүйек аралығында апталық ұйымдастырылып отыр. Бұл жиынымыз апталықтың бастамасы. Елбасы Н. Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы жарлығымен 22 қыркүйек «ҚР халықтарының тілдері» күні болыпбелгіленді. Содан бері бұл мереке көпұлтты Қазақстан халықтарының сүйікті мерекесіне айналйп, жыл сайын атап өтіліп келеді. Әр ұлт өкілдері өз туған тілінің тағдырына жанашырлық танытып, оның одан әрі өркендеуіне өзінше үлес қоса алады. Сондай-ақ Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір азамат мемлекеттік тіл- қазақ тілінің мәртебесін арттыру үшін атсалысуға міндетті. Сол үшін 1989 жылы және 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды. Заң тек қазақ тілінің ғана емес, барлық ұлттың тілдерін дамытуды көздейді.»Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім» деп мағжан ақын жырлаған ана тілімізді қадірлеу- перзенттік парыз. Елбасымыз өзінің сөйлеген бір сөзінде осы парыз жөнінде «Өзіміздің осы елге қонақ емес екенімізді, Қазақстанда қазақ тілі де, ел бірлігі мен татулығы да, тарихымыз бен мәдениетіміз де тек қана қазаққа керектігін түсінгенде ғана бұл міндетті орындауға болады» деген екен. Ендеше «Мен қазақпын» деп ұрандайтын болашақтың патриоттары да сіздер, «Елім менің» деп қасиетті көк туымызды биікте желбірететін де сіздер, тас жүректерді тілімен тілімдеп, «Тілім менің» деп сөз маржанын теретін де сіздер. Ана тіліміздің мәртебесі биктетуге өз үлесімізді қосайық.
ІІ Оқушылардың әдеби-музыкалық сәлемдемесі
1-жүргізуші: О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде…
2-жүргізуші: Қазақ тілімізді жете білу арқылы ғана біз өз халқымызды әлемге таныта аламыз. Олай болса ұлттық мінез, ұлттық намыс танытайық! Тіліміздің жұлдызын биіктетейік, достар!
(Соңы)
Тақырыбы: «Тіл тірегім соғып тұрған жүрегім»
Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеуіне тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстауға, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу. Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі:түскиіз, слайд, шарлар, ұлттық киім
Барысы:
1-жүргізуші. Сәлеметсіздер ме? Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар
2- жүргізуші. Тілдер мерекесіне арналған сыныптар даярлаған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Шашу шашылады.
1-жүргізуші . Ана тіліміз 1989 жылы қазан айында Жоғары Кеңесі қабылдаған Қазақстанның Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебе берілді. Көптен күткен арманымыз орындалды.
2- жүргізуші. Иә әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері салт дәстүрлері тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау— парызым бүгін менің,
Айдар «Мен— қазақтың баласы» өлеңін оқу.
Тақпақ айтам, жаттап ал,
Көкейіңе сақтап ал!
Туған тілім – айбарым,
Одан ыстық жоқ маған.
Туған жердің төсінде,
Гүлдей жайнап өсемін.
Ата— анамды қуантып,
Биіктерге жетемін.
Батырлық бар тегімде,
Көк байрағым көгімде,
Әнұранды жатқа айтам,
Елтаңбам тұр төрінде.
Елордасы — Астанам,
Саған айтам асқақ ән,
Әрқашанда қазақ боп,
Туғаныма мақтанам!
Өзіңдікі туың да,
От пен ауа суың да,
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буында.
1-жүргізуші. Қазақстан Республикасының конститиуциясында бірінші тарауының жетінші бабында 7,19,93 баптарында тіл туралы анық және нақты көрсетілген.
Гүлсара
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қалай заңдылық,
Өсер, балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілін жасау керек мәңгілік.
Қазақ тілің Атаң,Анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
2-жүргізуші. Жетінші бапта Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл- қазақ тілі.
Алина
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста,мұңда жүрек түңдігін!
Тіл туралы Заңым енді күшінде,
Паш еткенде кескен жаңа кіндігін.
Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады,
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы,
Туып- өскен Торғайдың даласында
Қайран елі- қазағы санасында,
Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен,
Арысың кім ойланбай табасың ба?
Елімдеп тек алып соққан жүрегі,
Ахметтей ағасына іні еді,
Қазақ тілін терең зертеп, танытқан
Ғұламаның есімін кім біледі?
1-жүргізуші. Қазақ халқының салт- дәстүрінен хабар беретін асық ату ойынын назарларыңызға ұсынамыз.
-
Көкпар дегеніміз не?
-
Аударыспақ
-
Қыз қуу
-
Аламан бәйге
-
Шілдехана
-
Тенге ілу
-
Қазақстан барысы
2-жүргізуші. 6-сынып оқушыларының орындалуында «»
2-жүргізуші. Қазақ тілі- бай тіл.Оралымды, ырғақты, теңеу -бейнелеулері ерте туған тіл.
«Ана тілім бақытым»атты өлеңдерін назарларыңызға ұсынатын 7-8 сынып оқушылары. (Расул, Тамерлан, Ғабит, Диаз, Диляра).
1-жүргізуші. Ана тілінің күші мен құдіретін халқымыз әуелден ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санады.
Диляраның орындауында «» әні.
2-жүргізуші. Ата- бабаларымыз өзінің асыл мұрасы -тіл өнерін- келер ұрпағына жеткізіп, оны аялап, қастерлеуде тапсырып отырған.
Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі» оқитын Ғалымжанова Адельа.
1-жүргізуші. Көз жетпеген жерге сөз жетеді дегендей келесі кезекте бағанағы алған шашуларыңыздағы реттік сандарыңыз бойынша сұрақтарға жауап береміз.
-
Тілден артық не жоқ…. ( қазына)
-
ҚР қашан тәуелсіздік алды….(1991жыл 16желтоқсан)
-
Қазақ альфавитін жасаған ғалым…. (А.Байтұсынов)
-
Ұлттық киімдер қалай аталады…. ( тақия, пешпент,қамзол,сәукеле, кимешек т.б).
-
Күй атасы….. ( Құрманғазы)
-
Қазақ альфавитіндегі оныншы әріп….( е)
-
Сүңгі жарасы бітер ……. ( тіл жарасы бітпес)
-
Ек адамның сөйлесуі…… ( диалог)
-
Ана сүті бой өсіреді…..( ана тілі ой өсіреді)
-
Тіл қылыштан…… ( өткір).
2-жүргізуші. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл Аружанның орындауында «» өлеңі.
1-жүргізуші. Шағын ессе «Дені саудың жаны сау».
1-жүргізуші. Ғалымжанова Адельаның орындауында «» әні.
2-жүргізуші. Той батасыз болмайды ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым «Батаменен ел көгерер» дегендей еліміздің болашақ ұрпағы үшін аталдардан бата сұрайық.
1-жүргізуші. Халқымыздың асыл қазынасы ана тілімізді ардақтап , құрметтеп, қастерлеп, шұбарламай таза сақтап, өмірде қолдана біліңдер. Кең пейіл, дархан еліміздің адамгершілік асыл қасиеттерін бойларыңа сіңірген, әдепті, де саналы ұрпақ болып өсе беріңдер.
«Тілім тірегім-соғып тұрған жүрегім»
Мақсаты: Оқушылардың ана тілге деген құрметін,сүйіспеншілігін ояту.Тілдерін дамыту,мәнерлісөйлету,ой өрісін кеңейту.Туған жеріне құрмет көрсете білуге,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тіл туралы аталарымыз айтып кеткен асыл,маржан қанаттысөздер,суреттер,гүлдер,шарлар,буклет
Барысы.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар, ата-аналар,"Тілегім тірегім-соғып тұрғанжүрегім"атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Бүгін біздің осылай мерекелі кешке жиналып отырғанымыз-Алланың бізге берген ұлы бақытыныңарқасы.Тәуелсіздігімізді,еркіндігімізді баянды еткен басты қаруымыз-туған тіл.
2-жүргізуші: Тіл-халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін келбеті.Адамды мұратқа жеткізетін ана тілімен ата мұраты.Біздің қасиетті мұрамыз-қазақ тілі.Қазақ тілі-Қазақстан Республикасыныңмемлекетік тілі.
1-жүргізуші: Тіл-халықтың тұтастай кескін келбеті,болмысы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен біргееніп қалыптасады.Тіл байлығы-әрбір елдің мақтанышы.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев«Тілтағдыры- өзін Қазақстан азаматымын деп санайтын баршаның ортақ ісі»деп атап көрсеткендей.
Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны орындалсын.
2-жүргізуші: Кешіміз екі бөлімнен тұрады.
I бөлім:"Тілім тірегім-соғып тұрған жүрегім".Оқушылар тілге деген құрметін жүрекке ұялағанөлеңдерімен жеткізеді.
1-оқушы: Тілім менің ғасырлардан аманат,
Аманатқа адам болсын қанағат.
Ар намысқа келтірмейік жаман ат,
Қазақ болып туылдың ба,
Ендеше,
Өз еліңді өзгелерге бағалат.
2-оқушы: Жүзімнің нәрлі,нәзік сабағындай,
Тіліңді мәпелей біл,ала қылмай.
Аямай арам шөбін отап жатыр,
Таза сақтап көзіңнің жанарындай.
3-оқушы: Қуан далам!Қуанатын күн бүгін,
Сертіп таста мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы Заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
4-оқушы: Қуан бабам!Қуанатын жөнің бар,
Деген едің тіл бар жерде өмір бар,
Халық жауы атандық-ау сол үшін,
Ғұмырыңды құрбан етіп жалынды ар.
5-оқушы: Ана тілің-арың бол,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
1-жүргізуші:
Ән: «Анашым»
6-оқушы: Ана тілі-асыл нәрі бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр,
Туған тілді жаттап өскен баламның.
2-жүргізуші: Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Ән: «Атамекен».
7-оқушы: Ақиқатты мойындайық қазір біз
Мәңгүрт бала жаздағанбыз бәріміз.
Тіл-тәрбие,ұлт мейірі емес пе,
Мәңғі бақи шырқалатын әніміз.
8-оқушы: Өз тілімдей тіл қайда еркін басар?
Тілім барда еркіме кім таласар.
Туған тілім күрмеліп әлсіресе,
Ыстық қаным суынып сиқым қашар.
9-оқушы:Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
1-жүргізуші:
Би: «Қара жорға»
2-жүргізуші: II бөлім:«Ана тілі-білімнің кілті». (Топтар арасындағы сайыс)
1-жүргізуші: Асыл тастан,өнер жастан
Шығады деп дарынды.
«Халық айтса қалып айтпайды»,
Әрқашан да нанымды,-дей келе сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Сайысымыз бірнеше бөлімнен тұрады.
1.Таныстыру.
2.Бәйге.
3.Полиглот.
4.Топбасшылар сайысы.
2-жүргізуші: Кім білімді,өнерпаз,білейікші,
Оқушылар алғыр деп жүрейікші.
Әділқазылар алқасына тек әділдікті,
Сайыскерлерге сәттілік тілейікші,- деп сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
1-ші сайысымыз:Таныстыру.
1-жүргізуші: Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.Келесі сайысымыз-«Бәйге».
«Бәйге» (Әр топқа сұрақтар қойылады. )
1-топқа
1.Фонетика нені зерттейді?
2.Қазақ тілінде неше буын бар?
3.Қазақ тілінде неше әріп бар?
4.Сын есім дегеніміз не?
5.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
2-топқа
1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2.Әріп дегеніміз не?
3.Жұрнақ нешеге бөлінеді?
4.Бір аптада неше күн бар?
5.Қазақстан Республикасының астанасы?
1-жүргізуші: Келесі сайысымыз Полиглот.(мақал-мәтелдің түсіп қалған сөздерін анықтап,екі тілдегі баламасын табу керек.)
1-топқа 1.Құлақтан кірген......
Жүрекке барып мұз болар. (сөз-слово)
2.Таза мінсіз асыл......
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады. (тас-камень)
3.Бас кеспек болса да,
...... кеспек жоқ. (тіл-язык)
2-топқа 1.Сөз анасы-құлақ,
..... анасы-бұлақ. (су-вода)
2.Ілім-бұлақ,
......-шырақ. (білім-знание)
3.Жігіт бір сырлы,
...... қырлы болсын. (сегіз-восемь)
2-жүргізуші: Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген,
Халқын сүйіп жарытпас-деп қырғыз ақыны Б.Сарноғаев айтса Расул Гамзатовтың "Ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін дайынмын!"деген ойлары тілдің қай елде,қай ұлтта болса да қастерлі қасиетті екенін дәлелдейді.
Келесі кезекте Топбасылар сайысы.
Сұрақтар:
1.Ұлттық ойын түрлерін ата?
2.Абай Құнанбаевтың өлеңдерін ата?
3.Қазақстан Республикасының президенті кім?
4.Жыл мезгілдерін ата?
5.Төрт түлікті ата?
6.Адамның сенімді серігі.
1-жүргізуші: Қорытынды.
Әділқазылар топтардың балдарын есептеп болғанша келесі кезекті биге берейік.
Би: «Вальс»
2-жүргізуші: Асан қайғы, Жиренше
Сөйлеп өткен қызыл тіл.
Әз Жәнібек Қойлыбай
Сыйлап өткен ғажап тіл.
1-жүргізуші: Осы тілді жек көрген,
Дүниеден қалар құр.
Бағаласаң шынымен
Баба тілі асыл дүр – деп «Тілім тірегім-соғып тұрған жүрегім»
Атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет . Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген