Тіл
- достықтың кепілі
Мақсаты: Оқушыларды
өз халқын, тілін, туған жерін сүюге,
қадірлеуге, бағалап мақтан етуге
тәрбиелеу.
Оқушылардың ой - өрісін
тілін дамыту, мәнерлеп оқуға, айтуға
машықтандыру, жетілдіру.
Көрнекілігі:
Қазақстан Республикасының рәміздері,
тіл туралы нақыл сөздер. Шаңырақ.
Барысы:
1
- жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата -
аналар, оқушылар, қадірлі қонақтар!
«Тіл
– достықтың кепілі» атты аудандық
мәнерлеп оқу сайысын ашық деп
жариялаймыз.
Қазақстан Республикасының
Әнұраны орындалады.
2жүргізуші:
Сайысқа қатысушыларды құттықтау сөз
Аудандық бастауыш сыныптар әдіскері
ҚызжановаАйгүл Кәрімқызына беріледі.
Келесі
құттықтау сөз мектебіміздің директоры
Мырзаханов Мақсұт Тұрсәлімұлына
беріледі.
1 - жүргізуші: Ана тілі
әрбір жан баласына ана сүтімен даритын
ұлы қасиет. Ана тілімен қатар дүниежүзілік
қолданыста болатын тілдер де бар. Олар
орыс, ағылшын тілдері.
«Әрқашан күн
сөнбесін» әні.
1 - жүргізуші: Ал
біздің ана тіліміз - қазақ тілі.
Ана
тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге
тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте,
- деген, талантты ақын Қадір Мырза
Әли
Ана тілі туралы өлеңдер (3 «А»
класс оқушылары).
Ән «Ананың тілі».
2
- жүргізуші: Қазақстан Республикасы Тіл
туралы заңы 1989 жылы 22 - қыркүйекте,
жоғарғы кеңестің сессиясында қабылданған
болатын. Бүгінде сол заңымызға 21 жыл
толып отыр.
1 - жүргізуші:
Ерлік,
елдік, бірлік, қайрат, бақ ардың,
Жауыз
тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын
күннен бағасыз бір белгі боп.
Нұрлы
жұлдыз баба тілі сен қалдың.
2 -
жүргізуші: Ана тілім – ана күтім, арым
менің,
Сәулетім сая бағым, сәнім
менің.
Аспаным өзіңменен
арайланып,
Нұрланып атар ылғи таңым
менің.
1 - жүргізуші: Ана тілі - әр
адамның өз ұлтының жан дүниесі мен
мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани
азығынан нәр алатын тамыры. Онсыз адам
- мәңгүрт.
2 - жүргізуші: Ұлттық тіл
– әр халықтың өзіндік ой санасы мен
парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен
сезім түйсігін, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізетін күре тамыр. Онсыз халық - аты
бар да заты жоқ тобыр.
Сайысымыздың
әділ қазылар алқасымен таныстыру.
1
- жүргізуші: Ана тілімізідің туын биікке
көтерер оқушыларымызды қошеметпен
ортаға шақырайық. Сайыскерлерге сәт
сапар тілейміз.
Концерттік
бағдарлама.
Сайыстың қорытындысын
шығару қазылар алқасына беріледі.
2
- жүргізуші: Туған тілім тірлігімнің
айғағы,
Тілім барда айтылар сыр
ойдағы.
Өссе тілім менде бірге
өсемін,
Өшсе тілім менде бірге өшемін,-
дей келе «Тіл достықтың кепілі» атты
ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Тіл
достықтың кепілі ана
тілің арың бұл тәрбие
сағаты ертеңгілік