Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Тіл қаруы-сөз Бастауыш сыныптарға арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағатының жоспарын бастауыш сынып мұғалімдері пайдалануға болады.Оқушыларға ана тілінің қадір -қасиетін ұғындыруға бағытталған сыныптан тыс шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тіл қаруы –сөз

(Ана тілінен сыныптан тыс шара)

Мақсаты: Білімділігі: оқушыларды өз ана тілін сүюге, ана тілінде таза сөйлеуге, тілге деген ынталарын жандандырып, тіл біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіріп, тәрбиелеу.

Дамытушылығы: сөздік қорларын молайту, логикалық ойлауға дағдыландыру. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелігі: оқушыларды адамгершілікке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

Сабақтың ұраны: «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы –ой. Ақылды ой, алғыр сөз –адамның ең жоғарғы қасиеті».

Ғабиден Мұстафин.

Мұғалім. Қазақ тілі - дүниежүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі. Ана тіліміз арқылы біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген. Олай болса, біз бүгін өз ұшқыр ойымызбен, өткір тілімізбен ана тілінің тұғыры биікке көтеретін ұрпақпыз.

Сайыс кезеңдері:

  1. «Жүзден жүйрік»

  2. «Озық сәт»

  3. «Ұшқыр ой»

  4. «Ойлан,тап»

  5. «Шығармашылық сәт»

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін біз топтарға берелік,

Арамызда, ұтқыр, тапқыр достар көп,

Енді олардың жауаптарын көрелік, –деп сайысымызды бастаймыз.

І кезең «Жүзден жүйрік» бұл кезеңде әр топқа 10 суреттен беріледі, сол суреттер бойынша мақал-мәтелдер айту. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

І топ. «Ұтқырлар»

  1. Ағаш - Жалғыз ағаш орман болмас.

  2. Тауық - Тауықтың түсіне тары кіреді.

  3. Жігіт - Жігітке жеті өнерде аз.

  4. Арба - Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала.

  5. Ауыз - Бір елі ауызға екі елі қақпақ.

  6. Шебер - Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ.

  7. Еңбек – Еңбек ер аттандырады.

  8. Қой – Семіздікті қой көтереді.

  9. Нан – Ат атасы –нан.

  10. Тау – Көрінген таудың алыстығы жоқ.

ІІ топ. «Тапқырлар»

  1. Бөрік – Жау жоқ деме, жар астында,

Бөрік жоқ деме, бөрі астында.

  1. Ине – Оқу инемен құдық қазғандай.

  2. Балапан – Балапан ұяда не көрсе, соны іледі.

  3. Үй – Үндемегеннен үйдей пәле шығады.

  4. Ет – Ет етке, сорпа бетке.

  5. Ат – Ер қанаты –ат.

  6. Жапырақ – Адам көркі –шүберек, ағаш көркі- жапырақ.

  7. Тас – Таспен атқанды аспен ат.

  8. Ит – Ит жоқта шошқа үреді.

  9. Аққу – Аққуды атпа, досыңды сатпа.

ІІ кезең «Озық сәт». Тақтада әр топқа бірнеше сөздер беріледі, жасырын сөзді ашып, сөздердің ішінен, сыңарын тауып мақал құрайды.

І топ «Ұтқырлар»

ЖShape2 Shape1 усан Теңіз

ЕShape4 Shape3 сік Орман

ҚShape9 Shape8 Shape6 Shape5 ар Қалау Жіп Құдық

Отын Өсімдік

Боран Мың

(Қалауын тапсаң, қар жанар) (Бір кісі құдық қазса, мың кісі рахмет айтар)

ІІ топ «Тапқырлар».

МShape11 Shape12 ектеп Жұмбақ

БShape13 Shape14 идай Газет

ТShape20 Shape15 Shape18 Shape17 амыр Тас Қазан Құлақ

Еңбек Ұстаз

Әнші Елші

(Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен) (Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса)

ІІІ кезең «Ұқыр ой». Оқушыларға бірнеше сұрақтар беріледі, сол сұрақтарға мақал-мәтелдермен тез жауап беру керек.

І топ. «Ұтқырлар»

  1. Бақыты қайдан іздейсің? (Бақыт кілті білімде)

  2. Қойды не үшін ұстаймыз? (Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір)

  3. Дастарханға нанды неге бірінші қоямыз? (Ас атасы - нан)

  4. Бір үйдің балаларының мінездері неге әр түрлі болады? (Бес саусақ бірдей емес)

  5. Автобуста бір бала үлкен кісіге орын бермеді. Ол қандай бала? (Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала –сорлы бала)

  6. Біреуге жасаған жақсылығыңды мақтау үшін жасау әдетіңде бар ма? (Өзіңді- өзің мақтама, біреу мақтасын)

  7. Қауіпсіздік ережелері не үшін қажет? (Сақтықта қорлық жоқ)

  8. Біреудің намысына тиетін сөздерді айтуға бола ма? (Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле)

ІІ топ «Тапқырлар».

  1. Досың ұрлыққа итермелесе не істейсің? (Ұрлық түбі –қорлық )

  2. Кітапты құрметтейсің бе? (Кітап-алтын қазына)

  3. Бір нәрсеге қатты ашулысың, не істейсің? (Ашу –дұшпан, ақыл-дос, ақылыңа ақыл қос)

  4. Өмірде қателескен адам өз қатесін түзетсе, кемшілігін бетіне басуға бола ма? (Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң)

  5. Біреуге жамандық жасауға бола ма? (Біреуге ор қазба, өзің түсерсің)

  6. Қыздарды неге гүлге теңейміз? (Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі)

  7. Өзіңде барды өзгелермен бөлісе аласың ба? (Өле жегенше, бөле же)

  8. Өз денсаулығыңа көңіл бөлмей ауырып, өкінбеу үшін не істеу керек? (Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде)



ІV кезең. «Ойлан, тап». Тақтада жиырма ұяшық беріледі. Әр топ бес ұяшықтан таңдайды. Әр ұяшықта тапсырмалар бар. Ашықхаттан әріп суырып, берілген тапсырмаларға сол әріптен басталатын сөздермен жауап беру тапсырылады.

1

16

9

6Shape21

13

18

2

1


Әріптер

Shape22 1

15

8

12

14

7

20

17

3

4

5

10

19

Үлгі:

І топ «Ұтқырлар»

2 - Көлік түрі такси

6 – Қала Т Талдықорған

20 – Мінез-құлық тұйық

17 – Киім тон

15 – Табиғат құбылысы тұман

ІІ топ «Тапқырлар»

1 – Кісі есімі Жомарт

10 – Ағза Ж жүрек

15 – Өсімдік жусан

4 – Өнер иесі жыршы

8 – Зергерлік бұйым жүзік

V кезең. «Шығармашылық сәт». Бірыңғай бірдей әріптерден сөйлем құрау.

І топ «Ұтқырлар»

Қ Қ қ қ қ қ.

Қойшыбаев Қанат қораға қойлардың қошақандарын қамады.

ІІ топ «Тапқырлар»

Ж ж Ж ж ж ж

Жасұлан жазда Жайық жағасынан жидек жинады.


VІ кезең. Қорытынды. Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық. Өз ана тілімізді қадірлейік. Ұпай саны жоғары болған топ марапатталады.


































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
1387
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12