жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Тіл тірегі- ел тілегі"
Алтынемел орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ-сі
Бекітемін:
Мектеп директоры А.Кистаубаев
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Алтынемел орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ-сі
«Тіл тірегі- ел тілегі»
«тәрбие сағаты»
6-сынып
Сынып жетекшсі: Ә.Әшім
2019-2020 оқу жылы
Мектеп: Алтынемел ОМ МДШО КММ
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тіл тірегі - ел тілегі»
Тәрбие сағатының мақсаты:1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп,
өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін
түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға
үйрету.
2. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге
баулу.
3.Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбие-
леу.
Көрнекілігі: Журналдар, суреттер, нақыл сөздер.
І жүргізуші: Қайырлы күн ұстаздар мен қонақтар. Сіздерге арнап «Тіл тірегі - ел тілегі» атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
ІІ жүргізуші: . 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» деп жарияланған.
Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.
Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, беделді тіл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас,- деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен осы қасиетті тілімізге.
1 -оқушы:
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерлікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алиын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмтылды.
Ерлік, елдк, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың.
2-оқушы:
Ана тілі – біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
Анасынан безінген ұл деп қараңыз.
3-оқушы:
Ана тілі бар білімнің қайнары,
Аталардың өсиеті пайдалы.
Алақаны мейірімді ананың,
Ұстазыңның жаққын жүзі – жайдары.
І жүргізуші: Халық өзінің тілін ең ардақтысы деп санайды, оны ерекше сүйеді. Қырғыз ақыны Сарноғайовтың айтқанындай, «ана тілін сүймеген адам, халқын сүйіп те жарытпайды».
ІІ жүргізуші:
Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкин де емеспін,
Есенинмін демедім ешкімге мен
Қазақтың қара өлеңі құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Жат жерде жатқанымда жазатайым,
Қанымен жазды мүмкін ағатайым.
Қасиетіңнен қара өлең айналайын,
Қазақтың дәл өзіңдей қарапайым,- дей отырып, алдарыңызда
Ән: «Анамның тілі» (хормен)
4-оқушы:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Туған тілім – жүрек үнім наныңдар.
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
5-оқушы:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім
6-оқушы:
Қымбат маған анан тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілі – ардақ тұтар алтыным.
7-оқушы:
Ана тілін – жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
І жүргізуші:
Сая болып жаныңа емен, терек,
Жетеренді жатқаның көлеңкелеп.
Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,
Өнер керек ұрпаққа, өлең керек, - дей отырып, алдарыңызда
Ән .Мәулетхан Марал «Туған өлкем»
8-оқушы:
Сен болмасаң, о туған тіл, құным не?
Мен жетпейтін маржан жатыр түбінде.
Аспан, жұлдыз, жетім ай да телміріп,
Тіл қатады маған ана тілінде.
9-оқушы:
Тілім менің,
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.
Адалыммен, арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау парызым бүгін менің.
I жүргізуші:
Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнерің не екенін білмес едім, - күй.
«Күй» Төлепберген Назерке,Азаматқызы Айзат
10-оқушы:
Туған тілім- тілі ата бабамның,
Өзіңдейсің ақ сүт берген анамның.
Қайда жүрсең меніменен біргесің,
Түсінікті сендей жақын маған кім.
Сенсің тілім бойдағы күш қуатым,
Сақтаушыңмын қорғауға бел буатын.
11-оқушы:
Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің,
Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.
Тәуелсіз ел- ана тілін ардақтап,
Тәуелсіз ел- ана тілін ту етсін.
II -жүргізуші :
Отан, Ана, Ана тілінің – үш анық.
Осыларсыз болашақта күнің жоқ.
Көрініс: «Ең қымбат қазына»
Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.
Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
«Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
12-оқушы:
Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,
Сенсің менің қасіретті шаттығым.
Сенсің менің тазалықты пәктігім,
Сенсіз бақыт дүние тапты кім?
13- оқушы: Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
14- оқушы: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
15- оқушы: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.
16-оқушы: Тілдің тілден кеңдігі болғанымен, кемдігі болмайды.
Жақсыдан жадыңа алған бір ауыз сөз,
Асықпа түспеді деп қолыма тез.
Дамылсыз ізденуге ерінбесең,
Керегің өміріңде болады кез.
ІІ-жүргізуші: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілі егер сені білмесем.
«Ойлан, тап!»
Берілген сөздерден мақал құрастыру.
( ата, гүл, бала, жақсы, еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр, тас, ел, ана).
.Қорытынды:
Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!
Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.
Оқушылар хормен: Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Осы тілмен мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Тексерілді: 23.09.19
Директордың ТІЖО М.Байболов
Ата Гүл Бала Жақсы
Еңбек Өзен
Отан Ат
Ер Батыр
Тас Ел
Ана

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген