Тәрбие сағаты Тілден терең теңіз жоқ"атты тіл сайысы 1-2сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Тілден терең теңіз жоқ"атты тіл сайысы 1-2сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты Тілдер күніне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тілден терең теңіз жоқ» атты тіл сайысы.
Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,қазақ тілінде таза сөйлеуге,мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,мәртебесін көтеру.

Дамытушылық:Танымдық,ақыл-ой,логикалық пайымдау қабілеттерін дамыту,пәнге қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік:Өз ойларын нақты,дәл айта білуге баулу,жылдамдыққа,

сауаттылыққа,өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Көрнекілігі: рәміздер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

                                            Барысы:

I.Ұйымдастыру. Сайыстың мақсатын хабарлау.

1.Оқушылардың сабаққа психологиялық дайындығы.Өз тобының таңбасын жасап келу.Әр топ өзінің атын және ұранын айтуға тиіс.Топтар қолбасшыларын тағайындайды.

II.Кіріспе сөз.
Мұғалім:

Құрметті оқушылар!Ел ертеңі –білімді ұрпақ дегендей,тәуелсіз Қазақстанның болашағы өздеріңнің қолдарында.Еліміздің көк байрағын білім кеңістігінде желбірететін қазіргі  таңдағы жас жеткіншіктер. Солай болса, «Тілден терең теңіз жоқ» атты тіл сайысымызды бастайық.Бүгінгі сабақтың негізгі  мақсаты– басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар теледидарда жүргізілетін қазақша хабарларға қызығушылық-тарын арттыру.

22-қыркүйек –Қазақстан Республикасы халықтарынын тілдер мерекесі.Бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке,барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.Қазақстанда 100-130 астам ұлт өкілдері тұрады.

Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай,беделді тілдердің бірі.

Ел тағдырын шешкен дана билер,шешендер тіл байлығын көп танытып,асыл сөздер мен ұлағатты пікірлерді ғасырдан жоғалтпай жеткізіп,халықтың асыл қазынасына айналдырған.

III.Сайыстың өтілу барысының ережесі мынадай:

1.Тыныштық сақтау;

2.Бірін-бірі тыңдау;

3.Сұраққа толық жауап беру,ойын ашық айту.

IV.Бүгінгі сайысқа 1-2-сынып оқушылары арасынан екі топ қатысады.

Әр топ өздерін топ таңбасы,ұранымен таныстырады.Топтағы әр оқушы өзін сын есімдер арқылы таныстырып шығады.Мысалы:Айтуар -дарынды,парасатты…

I топ: «Жас ұлан».

Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын,
Тобымыз біздің – «Жас ұлан».

II топ: «Топжарған».

Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.

Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің – «Топжарған».
              Бүгінгі сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

  • Көркем сөз.

  • Мозайка

  • Дода.

  • Ойлан тап

  • Сөз мәйегі – мақал.

  • Кім жылдам?

  • Полиглот

Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Сайысты бастамас бұрын әділқазыларымызды сайлап алайық.

.

Сайысқа төрт адамнан құралған екі топ қатысады.

«Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық», – деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.

І кезең. «Көркем сөз» сайысы.

Үйге берілген тапсырма.Әр топ тілдер туралы дайындап келген өлеңдерін оқиды.

ІІ кезең «Мозайка»суретті құрастыру
ІІІ кезең. «Дода».
Бұл кезеңде әр топқа 20 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап берулері керек.

І топқа.

-Қазақстан қандай мемлекет? /тәуелсіз/
-Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар?
-Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
-ҚР-ның мемлекеттік тілі?
-Абайды әлемге танытқан кім?

-Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған жыл? / 1991 16.12/
-Үш би
-Мемлекеттік рәміздер ?
-Қазақстанның туының  түсі  қандай?
-Абылайханның шын аты кім?
-Тудың авторы кім? / ш Ниязбеков/
-Әнұранның авторларын ата.
-Наурызда пісірілетін басты тағам?
-Тұрлаулы мүшеге не жатады?
-Наурыз сөзі қай тілден шыққан? /парыз/
-ҚР-сы неше елмен шектеседі?
- Мемлекетіміздің астанасы қай қала?

-Абай Құнанбайұлының шын аты кім?
-Сөйлем неден құралады?

- Республикадағы көмірлі қала? (Қарағанды)
ІІ топқа.
-ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды? 4маусым1992ж/
-Абай Құнанбайұлы  кім
-16 желтоқсан қандай мереке?
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
-Қазақ тілінде қосымшаның неше түрі бар?
-Зере Абайға кім болады?
-Мемлекеттік тіл?

-Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан? / Есіл/
-Тіл мерекесі күнін қашан тойлаймыз? /22 қыркүйек/
-Ұлттық музыкалық аспап
-Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата. / Т Әубәкіров/
-Қазақстанда неше облыс бар? /14
-Тұрлаусыз мүшелерді ата.-
-Тудың авторы кім?- / Ш. Ниязбеков/
-Ұлттық валюта қалай аталады?
-Тамақты бұзбайтын салқын жәшік?
-Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
-Бір жылда неше күн бар?
-Ынтымақ сөзінің синонимі /бірлік/

ІҮ кезең. " Ойлан тап".
Бұл кезеңнің шарты екі топқа бірдей "Тәуелсіздік" сөзі берілген. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру.
V кезең. «Сөз мәйегі – мақал».

Әр топ Отан, тіл, достық туралы мақалдардың жалғасын тауып жалғастырады.

І топ – «Жасұлан».

1.Туған жердей жер болмас, …. (туған елдей ел болмас)

2.Оқусыз білім жоқ– ….(білімсіз күнің жоқ)

3.Ер жігіт ел үшін туады,…. (ел үшін өледі)

4.Отан оттан да …. (ыстық)

5.Күш білімде,…(білім кітапта)

ІІ топ – «Топжарған».

1.Отансыз адам, …. (ормансыз бұлбұл)

2.Ер елінде, …. (гүл жерінде)

3.Туған жердің күні де ыстық,…. (түні де ыстық)

4.Өзге тілдің бәрін біл,…. (өз тіліңді құрметте)

5.Өнер алды –…. (қызыл тіл)

ҮІ кезең. «Кім жылдам?»

Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау қажет.

І топ. Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның, пырақтар.

(Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген).

ІІ топ. Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын,Отанымыздың.

(Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді).

ҮІІ кезең. «Полиглот»   жауабын үш тілде айту

1.Жайшылықта жекесің,қарай қалсаң,екеусің./ көленке/

2.Көп әңгімем,өлеңі,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Соған тиер көмегім. / кітап/

3.Қыста келген,көктемде еріген. /қар/

4.Табаныма байладым,қос таяқпен айдадым. /коньки/

5.Түнде бармын,күндіз жоқпын. / жұлдыз/

6.Жеп көріп ем өзің өзіңмен ,жас шығарды көзімнен./ сарымсақ/

Қорытынды сөз әділқазылар алқасында.

Мұғалім: Тіл жайында толғанбайды кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімде-кім?
Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым!
Тілім менің, тілім менің – тірлігім!
«Тіл – байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз. Тіл – біздің ұлттық намысымыз, арымыз, қорытып айтсақ, барымыз. Тіл мерейі – ел мерейі. Ана тіліміздің мерейі үстем бола берсін!» – дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Барлық қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін.Осы сайыста сендер өздеріңнің алған білімдеріңді ,өнерлеріңді көрсете білдіңдер.Сайыс болғаннан кейін жеңген де жеңілген де болады.Келешекте білімдеріңді одан әрі шыңдап,биіктерден көрінуге  тілектеспін



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2018
1007
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі