15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Тіс күтімі" ортаңғы топ
«Бекітемін»
«Айым-Ерке»балабақшасы
жеке мекемесінің
меңгерушісі:М.М.Аманова
ТІС КҮТІМІ-ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
Әрбір бала мен жасөспірім үшін –ауыз қуысының тазалығы сәби кезінен бастап қалыптасады ,яғни ата-анасы баласының алғашқы сүт тістері шыға бастағанда ерекше көңіл бөліп отырса ғана баланың ауыз қуысының күтімін байқауға болады. Сонымен қатар мектептегі тіс-дәрігерінің үнемі оқушылардың ауыз қуысын тексеріп, кеңес беріп отыруыда үлкен рөл атқарады.
Бүтін әрі сау тістер – бала денсаулығының басты кепілі. Балалар мен жасөспірімдердің ауыз қуысының тазалығы нашар болса, ол баланың аузынан жағымсыз иістің пайда болуына әкеледі. Ауырған тістерде жиналған ауру коздырушы микробтар, бактериялар көптеп кездеседі. Нәтижесінде тіс кіреукесінің бүлінуі, тіс жегі қуысының дамуына, ұлпаның қабынуыны әкеледі. Ауру тістер балалар мен жасөспірімдердің ағзасындағы басқа мүшелерге жүрекке, бүйрекке, буындарға зардабын тигізеді. Сондықтан «Ауру ауыздан кіреді» , «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. іш бүлінді дегенше, іс бүлінді» деген сөздерде мағынасы зор деп білемін.
Өкінішке орай барлық мектеп жасындағы балалар ауыз қуысының тазалығына көңіл бөле бермейді. Жоспар бойынша оқушыларды тексергенде 5 жастан 12 жас арлығында сүт тістердің тұрақты тіске ауысуы жүреді. Бұл жағдайда 70 пайыз сүт тістердің тіс жегімен тұрғанын көреміз. Ал 11жастан-17 жасқа дейін әрбір үшінші баладан (окклюзия кілті саналатын) 6-шы тістердің зақымданғанын көруге болады. Кейінгі жылдары балалардың тістерінің бүлінуі жиілеп кетті бұған себеп экология, судың құрамы,бей берекет тәттілерді қолдану, және кейінгі 5 жылға дейін тіс емдеу кабинеттерінің болмауыда әсерін тигізбей қоймады. Тәуелсіздігіміздің арқасында бірте –бірте мектептерге тіс емдеу кабинеттері қайтадан жандана бастады. Кәзіргі таңда мектептегі тіс- дәрігері сыныптарды аралай отырып, арнайы лекциялар оқып, анкета жүргізіп, тәжирибе жүзінде макетпен әр оқушыға тісті тазалау тәсілін көрсетеді,емдік жұмыстарды атқарады. Ал патологиясы,ақауы бар балаларды жолдамамен Талдықорған қаласы тіс жақ емдеу орталығына жібереді.
Мектеп оқушыларына 10 жуық лекция, 100 тарта анкета ,әнгіме, сурақтар қолданылды. 8-10 сыныптар арасында «Тіс жиегі қуысын алдын алу» тақырыбында лекция оқылды,сұрақтар қойылды. 7—11 сынып арасында қыздарға «тіс жегі қуысының іштегі нәрестеге қандай әсері бар» тақырыбында ангіме жүргізілді.
Тәжирибелік сабақтар өткізілді-
1) Тісті тазалау әдісі көрсетілді .2)Тіс щеткасын қалай таңдау керек .
2) Тіс пастасы туралы мағлұмат беру.
3) Әрбір оқушы макетте тісті қалай тазалайтынын көрсете білу,
4) Зианды әдеттерден аулақ болу,-шылым шегу, қаламды ауызға салу т,б
5) құнарлы тамақтану оның ішінде мектеп жасындағы балалар сүт, сүзбе, айран , жемістер қолдану керек екені айтылды
Тіс иегінің саулығы үшін ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан келесі құралдардың көмегімен тазартып тұру қажет:
1. тіс щеткасы
3. арнайы тіс жібі -флосс
2. тіс пастасы
4. ауызды шайқауға арналған сұйықтық
Тіс щеткасын қалай пайдалану керек?
Тісіңізді кем дегенде күніне екі рет тазалау қажет.
I. Таңғы астан кейін таңертең.
II. Түнде ұйықтар алдында, соңғы тамақты қабылдаған соң.
Тазалау барысы:
1. Тіс тазаларда міндетті түрде щетканы жуып алыңыз.
2. Щеткаға аздап тіс пастасын жағасыз.
3. Щетканың басын қызыл иек сызығына 45 градус бұрыш етіп ұстаңыз. Иектен тістің өткір жағына қарай кішкентай дөңгелек қозғалыстармен барлық тістеріңізді мұқият тазалаңыз.
4. Әр тістің іш жағын да дөңгелек қозғалыстармен тазалау керек. Щетка тістің өткір ұшына перпендикуляр етіп қойылады.
5. Тістің сыртқы жағын щетканы айналдыра отырып тазалаңыз.
6. Астыңғы және үстіңгі азу тістердің шайнайтын бетін ысқылаңыз.
7. Тазалауды қызыл иекті уқалаумен аяқтаңыз. Аузыңызды жауып тұрып щеткамен тісіңіз бен иегіңізді дөңгелек қозғалыстармен уқалаңыз.
8. Тілді де тазалау қажет. Ол үшін арнайы құрал қолданған дұрыс. Тілдің арт жағынан бастап, алдыңғы ұшына дейін абайлап «қырыңыз».
9. Щетканы жуып, бас жағын жоғары қаратып, стақанға қойыңыз.
Тіс щеткасын қаншалықты жиі ауыстырып тұру керек?
Қазіргі таңда щеткалардың түр – түрі бар . бірақ таңдаған кезде көлеміне, жұмсақтығына, иісіне, мерзіміне қарау керек. Қолдану барысында щетка ескіреді. Оның қызмет ету мерзімі адамның тіс тазалау жиілігіне, тазалау ұзақтығына, щеткамен уқалау күшіне және тіс пастасына да байланысты. Дұрысында тісті күніне екі рет, үш минуттан, 50-70 г күшпен уқалау қажет. Сонда щетканы шамамен үш айда бір рет ауыстырып тұрса жеткілікті.
Щетканы ауыстыру қажеттігін оның түрінің өзгеруінен де байқауға болады.
Грипп, ангина, тағы басқа жұқпалы аурулармен аурып, жазылғасын да щетканы ауыстырған жөн.
Тіс жібін қалай қолдану керек?
Арнайы жіптер тістер өте тығыз орналасқан жағдайда ғана қолдануға болады 3 жасқа дейінгі балаларға қолдану қажет емес. Тіс жібі тіс арасында тұрып қалған тамақ қалдықтары мен тіс дақтарын тазалауға арналған. Щетка оны толық тазалай алмағандықтан, тіс жібі міндетті қосымша құрал болып есептеледі. Сондықтан тамақ ішкеннен кейін, тісті щеткамен уқалап, кейін тіс жібімен тазалау қажет.
Тазалау барысы:
1. Кассетадан 30-40 см жіп тартып шығарасыз.
2. Жіптің көп бөлігін сол қолыңыздың ортаңғы саусағына орайсыз.
3. Қалған бөлігін оң қолыңыздың ортаңғы саусағына ораңыз. Сонда саусақтар арасында 10 см жіп қалу керек.
4. Жіпті сұқ саусақ пен бас бармақтың көмегімен тартып, тіс арасына абайлап өткізіңіз.
5. Жіпті тістің өткір жағына қарай қозғалта отырып, тазалаңыз. Яғни, астыңғы жақ үшін төменнен жоғары қарай, үстіңгі жақ тістерін жоғарыдан төмен қарай тазалайсыз.
6. Одан кейін жіп қызыл иектен шығарылады, бірақ тіс арасынан алмаңыз.
7. Дәл осылай қасындағы келесі тіс тазаланады.
8. Енді барып, жіпті тіс арасынан шығаруға болады.
9. Жіптің қолданылған бөлігі оң қолдың ортаңғы саусағына оралады.
10. Ал сол қолдың ортаңғы саусағынан жіптің жаңа бөлігі тарқатылады.
11. Осындай тәртіппен барлық тіс тазаланады.
12. Есіңізде сақтаңыз: екі тістің бір аралығын тазалаған жіп бөлігін екінші рет қолданбаңыз. 40 см барлық тісіңізге жетеді.
Ауыз шайқауға арналған сұйықтықтар
Бұл сұйықтықтар тіс тазалығын арттырады, тіс дағының алдын алып, ауыз қуысын жағымсыз иістен қорғайды. Биологиялық белсенді компоненттері бар біртекті сұйықтықтың белгілі бір иісі мен түсі болуы мүмкін.
Дегенмен, сұйық тазалағыштың әсері болу үшін, міндетті түрде алдымен тісті щеткамен, жіппен, тілді арнайы қасықпен тазалап алу керек. Ал ауызды бұл сұйықтықпен шайқаған соң, оны бірден түкіріп тасатаңыз.
Тілді тазалау жолдары
Ауыз қуысының күтімінде тіс тазалығы өте маңызды. Көптеген микроағза тілдің түбіндегі қыртыстарында жиналып қалады. Сондықтан, тілдің арт жағын жақсылап тазалау қажет.
Тілді тазалаудың екі тәсілі бар:
- тіс щеткасымен және пастамен;
- арнайы қасықпен.
Тілді қасықпен тазалағаннан кейін ауызды арнайы сұйықтықпен шайған дұрыс. Ал арнайы қасықты сумен жуыңыз.
Тілді паста жағылған щеткамен тазалағанда да, тіл түбінен бастап, ұшына дейін жүргіземіз. Және щетканы тілге басыңқыраған дұрыс.
Тіс пастасы құрамындағы бактерияға қарсы және күкіртті қосындыларды жоятын заттар тілді өте жақсы тазартады. Күкіртті қосындылар жағымсыз иіс тудыратындықтан, тіс пастасы тынысыңызды кеңейтеді.
2-5жасар балаларға арнайы тіс пастасын немесе гелін алуға болады , тіс тазалығына 3 минут жеткілікті . Құрамында апельсин, құлпынай , малина, лимонның дәмі бар пасталар болады, мысалы – колгейт пастасында қоянның суреті белгіленген, немесе R.O.C.S.beby гелін қолдануға болады. Мектеп окушыларына «Ну, погоди», «Буратино» «Детская» , «Мятная», « Апельсиновая» , «Олимп» және т.б. пасталар ұсынылады. Тіс кіреукесінің беріктігін сақтау үшін құрамында фторы бар пасталар қолданылады. Ондай пасталарға «Фтородент», «Сигнал», «Пепсодент», «Колгейт» жатады.
ұсыныстар
-ата ана балаларының ауыз қуысына ерекше көңіл бөлуіне үлес қосу
-ауыз қуысын сауықтыруда педагок-психологтармен бірлесе отырып жұмыс істеу
-тәтті тағамдарды аз қолдану
-мемлекеттік мекеменің көмегіне жүгіну
- тәжирибелік әдістер жургізу, тіс күтімін кунделікті тазалау арқылы жүргізу
Сәбиіңіздің тісінің әдемі болуы анасының күнделікті 1 минут көңіл бөлуінің арқасында уақытында алдын алып, емдетіп, тіс саулығына үлкен септігіңізді тигізесіз «Аузынды таза ұста-саң, тіс ауруының көбінен құтыласың. Тістің маржандай болуы тікелей өзіңізге байланысты екенін ұмытпайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген